Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жас мамандарға сая болған ұлағатты ұстаз

Мен еңбек жолын ауыл мектебінде бастаған жас маманмын. Ең алғаш Кеңбидайық орта мектебіне келгенде ақыл айтып , жол көрсеткен осы мектептің ұлағатты ұстазы Кизатова Бағдат Даниярқызы болатын. Содан бері 7 жыл уақыт өтті. Мен қазір едәуір тәжірибе жинақтаған, бастауыш сынып маманымын. «Бастауыш сыныптар» әдістеме бірлестігінің жетекшісімін.

Ал менің алғашқы жетекшім, Кизатова Бағдат Даниярқызы әлі де жас мамандарға ақыл-кеңесін беріп, ұстаздықтың қиын да қызықты еңбегіне баулып келеді. Тәжірибелі ұстаз бірнеше жылдан бері мектептегі жас мамандардың «Диалог» клубының жетекшісі. Осы уақыт аралығында ұстаздық жолын таңдаған талай жас маманға анасындай ақыл беріп, ұстаздықтың қыр-сырын меңгертіп келеді. Бағдат апай қашан көрсеңіз де, жас мамандарды өзінің туған балаларындай бауырына тартып, жетістіктеріне қуанып, білмегендерін үйретіп жүреді.

Бағдат Даниярқызының осы мектепте бастауыш сыныптарда еңбек етіп жүргеніне биыл 35 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде тәжірибелі ұстаз талай шәкірттердің қанаттарын қатайтып, ұядан ұшырды. Шәкірттері қазір әртүрлі салада қызмет етіп, еңбегімен елге елеулі болып жүр . Бірнеше шәкірттері ұстазының ізбасары болып, ұстаздық жолын таңдаған. Мысалы: Искакова Анар Ержақызы Астана қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Искакова Гүлжан Ғабиденқызы Қарағанды қаласында бастауыш сынып мұғалімі болса, Искакова Гүлнар Сағидоллақызы, Альжанова Айдана Қарлығақызы, Беилов Әсет Орынбекұлы сияқты шәкірттері өзінің туған мектебінде, алғашқы ұстазымен үзеңгілес, жемісті еңбек етіп жатыр.

loading...

Ұлағатты ұстаз жас мамандарға жетекшілік етумен қатар, өзі де заман талабынан қалыспай көптеген жетістіктерге жетіп, жастарға үлгі көрсетіп жүр. Еңбегінің нәтижесі еленіп, 2011 жылы Аудан әкімінің , 2012 жылы Аудандық оқу бөлімінің мадақтамаларымен марапатталды. 2014 жылы 1-сыныпқа арналған «Мазмұндамалар жинағын» құрастырып, ІV Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесіне қатысты . Осы жылы Астана қаласының «Оқыту және дамыту орталығы» ұйымдастырған «Ұлағатты ұстаз», «Әдіскерлік тәжірибе» сайыстарда, І.ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының мұғалімдерге арналған қашықтықтық олимпиадаларына үзбей қатысып тұрады. Осы олимпиадаларда қазақ әдебиеті пәнінен қала/аудан бойынша ең жақсы нәтижеге ие болып, кубокқа

ие болды. Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Облыстық білім берудегі мониторинг,жаңа технологиялар, ақпараттандыру және оқу-әдістемелік жұмыс орталығы» ұйымдастырған тест құрастыру жұмысында сарапшы болып қатысты. Республикалық «Үздіктер» сайтынан, Халықаралық «Инфоурок» сайтынан өз бөлімін ашып, өз тәжірибесімен республикалық, халықаралық көлемде бөлісіп жүр.

Шығармашыл ұстаз әрдайым ізденіс үстінде.

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу –мінездің күншуағы,

Азбайтұғын, адамның алтындығы-деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, өмірде осындай ұстаздардың бар болғанын мақтан етемін.

Бейсенбекова Нұргүл Рахметқызы

Кеңбидайық орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 2 Пікір қосу

  • мазмұндама жинағы ұнады сатып алуға бола ма

  • Қандай мақсатқа пайдаланбақсыз?Біз сайтта мақала сатпаймыз. Сайтта алынған мақалаларды тек жеке өзіңіздің қажетіңізге пайдалануға болады. Басқа сайтқа немесе басқада ресурстарға жариялауға болмайды.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016