Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жүрек –қан айналымының негізгі мүшесі

Дүниетану 3- сынып.

Сабақтың тақырыбы: Жүрек –қан айналымының негізгі мүшесі.

Мақсаты:а) Адам ағзасының негізгі мүшесі жүректің қызметі және оның адам өміріндегі маңызымен таныстыру.

ә) Салауатты өмір салтын насхаттау ,зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

б) Танымдық қабілеттерін дамыту,топпен жұмыс жасау дағдысын жетілдіру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:Топпен жұмыс,тест,сахналандыру,қызығушылықты ояту,мағынаны тану.

Көрнекіліктер мен техникалық құралдар: Интерактивті тақта, электронды оқулық,үнтаспа, ғаламтордан алынған туралы материалдар,

«Жүрек-қан айналымының негізгі мүшесі» , «Жүректі күту ережелері» тірек- сызбалары.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру. 3 мин.

2.Үй тапсырмасын тексеру.8мин.

3.Жаңа тақырып.5мин.

4.Сергіту сәті.2 мин.

5.Қорытындылау.5мин.

6.Бағалау.2мин.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.Мұғалім:

-Балалар,бүгін көңіл күйлерің қандай?

-Өте жақсы.

-Тамаша! Ендеше,бүгінгі көңіл күйімізді бір-бірімізге,сабағымызға қатысып отырған қонақтарға өлең жолдарымен жеткізіп көрейікші:

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым.

Шұғыламды баршаңа,

Жарқыратып сыйлаймын!

2novemuzddddkbd

— Дұрыс айтасыңдар балалар, әрдайым жүрегіміз мейірімге толып,жүрек жылуымызды айналамызға сыйлап, күндей күліп жүрейік –деп бүгінгі сабағымызды бастайық.

— Бүгінгі сабағымызды әдеттегідей,өзіміздің қолданып жүрген рейтинг кестесімен бағалаймыз.Сондықтан да ,көбірек балл жинап,жақсы баға алу үшін,сабаққа белсене қатысып отырайық.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

А) -Үйге берілген тапсырманы біз бүгін тест сұрақтарына жауап беру арқылы пысықтаймыз.Тесті бастамас бұрын, интерактивті тақтадан өткен тақырыпты бір қайталап алайық (Интербелсенді тақтадан электронды оқулық арқылы қайталау).

Ә) –Ал,енді интербелсенді тақтадағы тест сұрақтарын оқып, дұрыс жауаптарын белгілейміз:

1.Адам денесіндегі сүйектер ненің көмегімен қимылдайды?

а) қаңқаның

ә) терінің

б) бұлшық еттің

loading...

2. Бұлшық ет қаңқа сүйектерімен нелер арқылы байланысады?

а) сүйектер

ә) сіңірлер

б) терілер

3. Бұлшық еттер дененің қай бөлігінде болады?

а) қолда

ә) аяқта

б) барлық жерінде

4. Қаңқа мен бұлшық еттер ағзаның қандай мүшелері деп аталады?

а) тірек және қимыл-қозғалыс мүшелері

ә) қан айналым мүшелері

б) тыныс алу мүшелері

5. Бұлшық етті шынықтыру үшін немен айналысу керек?

а) жақсы тамақтану

ә) көп ұйықтау

б) дене еңбегімен, спортпен шұғылдану

— Ал енді,тақтадағы кілт арқылы тесті тексеріп, нәтижелерін рейтинг кестесіне

жазып қоямыз.

Б) -Сонымен ,бұлшық еттерің мықты,мүсіндерің сымбатты болуы үшін не мен шұғылдыну керек екен?

-Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстану керек .

-Үйге әр топқа Қазақстанның спорттағы жетістіктері туралы хабарлама дайындап келу тапсырылған болатын. Әр топтан 1 баладан шығып хабарламаларымен таныстырып өтсін(балалр өздері дайындаған хабарламамен таныстырады).

-Рахмет ,балалар.Жақсы хабарлама дайындаған екенсіңдер, әрдайым осылай жаңалықтардың жаршысы болып, салауатты өмір салтын насихаттап жүріңдер.

ІІІ. А) Қызығушылықты ояту. Көрініс «Дәрігердің қабылдауында».

Ә) — Балалар,жаңағы көрген көріністе дәрігер бізге ағзамыздың қандай мүшесі туралы түсінік берді?

— Жүрек туралы.

— Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, біз бүгін « Жүрек-қан айналымының негізгі мүшесі» тақырыбымен танысамыз. Бәріміз тақтадағы тірек-сызбаға назар аударайық.(Тірек-сызба бойынша қысқаша түсінік беру).

IV.Сергіту сәті. «Қара жорға» -мұрамыз,

Мақтануға лайық.

Жорға биін билеп бір,

Бой сергітіп алайық.

— Балалар,сергіту сәтімізді бастамас бұрын,жүрек соғысымызды тыңдап алайық.Жүрек соғыстарың қалай екен?

— Қалыпты(Биді билеп болғаннан кейінгі жүрек соғысымен салыстырып,қорытындылау).

V.Оқулықпен жұмыс.А)Тақырыпты 4 бөлікке бөліп оқу.

Ә)Жұпта талқылау.

Б)Топпен әңгімелеу.

VI.Сабақты қорытындылау.

Топтастыру арқылы сабақты қорытындылау(сызба түрінде жасап,әр топтан 1 оқушы түсіндіріп беру).

1-топ.Жүрекке пайдалы әдеттер.

2-топ.Жүрекке зиянды әдеттер.

VII.Бағалау. Рейтинг кестесін қорытындылап нәтижесін айту.

Мейіріммен бар әлемге,

Жүрек нұрын себейік.

Аулақ боп жаман әдеттен,

Аман –есен жүрейік!


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016