Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

4 — сынып оқушы қыздары арасындағы мерекелік байқау

Мақсаты: а) Қазақ қыздарымызды   инабаттылыққа тәрбиелеу

Ұлттық салт — дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді  бойына сіңіру.

ә) Ұлттық салтанатты киіммен және кешкі сән көйлегімен сымбат бейнесін көрсету, өзін таныстыру, сұрақтарға жауап беру мен мақал — мәтелдер арқылы, олардың ой — өрістерін, тіл мәдениетін, өзін — өзі ұстау мәнерін бағалап, қана қоймай, соған үйрету және тәрбиелеу.

Безендірілуі:- Байқау өтетін орын  талапқа сай безендірілді. Сахнаның төр жағына байқаудың  тақырыбын анық, әсем етіп жазып қою керек. Қабырғаға : «Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе – елдің көркі», «Қызы бардың — назы бар» т.б.с.с.

(Сахна төріне 2 жүргізуші шығады)

 1-жүргізуші:

Қайырлы  күн, құрметті  ұстаздар,ата-аналар, оқушылар. Бүгінгі «Көктем  аруы» атты  мерекелік байқауымызға  қош  келдіңіздер

Міне, аналар мейрамы, күлімдеп көктем де келіп жетті. Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбат жан-ол анасы. Ананың орнын ешкім де баса алмайды. Анаға ән арнамаған әнші де, күй арнамаған күйші де жоқ шығар бәлкім…Сондықтан да барлық аналарды мейрамдарымен құттықтап, зор денсаулық, бақыт тілеймін.

2-жүргізуші:Бақытты ғой шынында

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке,

Аман болсын аналар!

Армысыздар,  осы  залға   жиналған  қауым

Желпиік,  ал    ендеше  жыр  самалын.

Қуанайық   ағайын, көктем  келді  жеріме,

Қошеметпен   көрейік, ару  шықсын   төріне.

1-жүргізуші. Нұр   жаусын  дарындының  талабына,

Күш  бітсін  күн  қайтарар  жанарына.

  2-жүргізуші.  Сәт-сапар ал  ендеше  біз тілейік,

Айдай  сұлу  арулардың  қадамына. (екеуі  қосылып)

1-    жүргізуші.Әділдікпен баға берер аруға,

                       Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

«Көктем аруын» бүгін таңдап алуға.

Осы  аруларымыздың  өнерлерін  бағалайтын  әділқазылар  алқасымен  таныс болыңыздар.

2-жүргізуші.

Мектеп директорының  тәрбие ісі  жөніндегі  орынбасары:—————

1-жүргізуші.

Мектебіміздің  кітапханасышы: —————————-

  2-жүргізуші.

Сыныбымыздың  ата-аналар  комитетінен:—————————-

Ару қыздарымыздың өнерін ең жоғарғы баға-5 ұпай,ең төменгі-3 ұпаймен бағалайсыздар.

1-    жүргізуші:Ал,халайық аруға тамсанайық,

                       Қыз қылықты дегенде ән салайық.

Сайысқа ару қыздар келе жатыр,

Қол соғып біз оларды қарсы алайық.

2 –жүргізуші.

1-нөмірлі аруымыз: Аубакирова Ләйла

   1-жүргізуші.

        2-нөмірлі  аруымыз: Елеукина Айнұр  

   2-жүргізуші.

        3-нөмірлі  аруымыз:Есмаганбетова Алуа

   1-жүргізуші.

4-нөмірлі  аруымыз: Нургалиева Алтынай

   2-жүргізуші.

        5-нөмірлі  аруымыз: Сураганова Жанель

  1-жүргізуші.

        6-нөмірлі  аруымыз: Талгатова Айғаным

   2-жүргізуші.

        7- нөмірлі  аруымыз: Туткушева Айгерім

 

   1-жүргізуші.Шыққан соң бұл сайыста талаптанып,

Шын арулар шығады сарапталып.

Тұрғанда өзін өзі таныстрып,

loading...

Қолдап тұрса кетпей ме,қанаттанып.

    2-жүргізуші.

«Сәлем — сөздің  анасы, алыстан  сәлем  береді, әдепті  елдің  баласы» дегендей, байқауымыздың  алғашқы  кезеңі «Таныстыру» Арулардың  өздерін  таныстыруын  сұраймыз.

 

 1-жүргізуші:Нұр жаусын таудай болса талаптарың,

Білсем деп талай кітап парақтадың.

Сынайтын қиын сұрақ қойылса да,

Дәл және айқын болсын жауаптарың.

2-жүргізуші.

-Асу, асудан, құстар  сайрап өткендей, білім қуған арулар  арманына  жеткендей, келесі  байқауымыз «Білім сайысы». Әділ  қазылар  алқасының  алдындағы  конвертті  алып, онда жазылған  сұрақтарға  жауап  береміз, жауапқа 5 минут беріледі.

Тапсырмалар: 1.Тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айту

2.Салт-дәстүрге байланысты сұраққа жауап беру

3.Өлең оқып беру

 

1-жүргізуші:Сырмақ ойып,текемет,киіз басқан,

Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.

«Шеше көрген тон пішер» деген рас,

Қыздарым шебер қолға араласқан.

2-жүргізуші.

Байқауымыздың  келесі  сайысы  «Шебер қолдар» деп   аталады.

«Қол өнері-кілемде,сөз өнері өлеңде» дегендей,кілемдерде,ұлттық киімдерде көп кездесетін,қазақ ұлтының ерекшеліктерін айшықтайтын белгіміз –ою-өрнек.Олай болса,келесі бөлімнің шарты:қыздарымыз ою-өрнек қиып,ақ параққа жапсырады.Қыздарымыздың ептілігін,талғамын байқап көрейік.

1-жүргізуші:  

Ортаға   аруларымызды  шақырамыз.Уақыт  5 минут. (Арулар берілген уақыт аралығында ою оюлары керек).

Қыздарымыз өз жұмыстарын аяқтағанша «Ана жүрегі» атты бейне баянды тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:Қандай жақсы жақсылықта көріскен,

Ару қыздар алдымызда келіскен.

Қанша өнер білсең де,көптік етпейді,

Дейтін елміз өнерліге өріс кең.

Білімнен нәр,сөзден маржан теремін,

Сұлу қыздар көрсетсін бар өнерін.

1-жүргізуші.

Байқауымыздың келесі  сайысы «Өнер сайысы». Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін ортаға  салады.                                                                                                               Байқауымыздың  4- кезеңі  өнер сайысы бойынша аруларымыздың өнерін тамашалайық.

   2-жүргізуші: Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктетер аласаны.

Байқауымыздың бесінші шарты «Сымбат,көрік» деп  аталады.Аруларымыздың сәндік  киімді көрсете білу өнерін  тамашалаңыздар.

    2-жүргізуші. Қыз деген — өмірімнің мөлдір кәусар бұлағы

Қыз деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы

Қыз деген теңдесі жоқ тіршілік

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады!

Бүгінгі  мерекелік «Көктем  аруы» атты байқауымыздың кезеңдері  аяқталды

1-    жүргізуші:Ақын боп әділікті жақтап өтем,

                       Ананың ақ үмітін ақтап өсем.

Әдепті,инабатты,сұлу,көркем,

Сыныбымның аруларын мақтан етем.

Әділ қазы алқалары ұпай сандарын есептегенше сынып ұлдарының құттықтауын қабыл алыңыздар.

 2-жүргізуші: Ұлтымыздың әр сөзі,

Асып жатыр кәдеге.

«Көктем аруы» мінеки,

Келіп жетті мәреге.

Аруларды  құттықтап, жеңімпаздарды  анықтау үшін әділ  қазылар  алқасына сөз  береміз.

 

(Аруларды  жеңісімен  құттықтап, марапаттайды.).


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016