Менің отбасым. М дыбысы мен әріпі

М әріпін үйрену бастауышқа.

Сынып: 1

Пәні: Сауат ашу

 
Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. М дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері  Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, дүниетану сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік М дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Психологиялық дайындық Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

 

 

 

Ширату жаттығулары

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

№1Сызбаның және сөздердің көмегімен өз атаң туралы оқы.

№2 Оқы

1топ: бір оқушы отбасы туралы айтады.

2 топ: буыннан сөз құрау.

3топ: м дыбысы бар сөздер жазу

4топ: сызбаның және сөздердің көмегімен өз аталары туралы оқу..

Жұппен жұмыс

№2 Оқылымды жұпта оқу.

Мата   Марал  алма     мал    адам    маса    томар   шама   мол  Марат  Арман   ал   алма   отыр  отырма  сула  сулама

 

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

Музыкалық сергіту сәті

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш ті

 
Қызықты тапсырма

8 минут

 

Аяқталуы

 

16 минут

«Адасқан әріптер» ойыны

1.Алдына әріп қосып айтыңдар.
… аға, …ауа, …апа, …ақта, …ана.
2.Артына әріп қосып айтыңдар.
Қол…, алаш…, шаш…, шар…, монша…
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Сөзге буын жалға.
Ой-…, мал-…, ай-…, қар-…, ақ-…, ара-…, ал…

Дәптермен жұмыс: көркем жазуға м әрпіне байланысты сөздер жазғызу (мата, маса, мақта)

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 

 

Смайликтер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Ұқсас материалдар

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017