«Шалқан»ертегісіне саяхат

2016-2017 жылға арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Технологическая карта организованной учебной деятельности на 2016-2017 учебный год

Ортаңғы топ   «Б» средняя группа  «Б»

Мерзімі  /  Дата «24» сәуір

Ортаңғы топ   «Г»средняя группа  «Г»

Мерзімі  /  Дата «15» мамыр

Карточка № 18

Білім беру саласы / Образовательная область:   Коммуникация

Бөлімдері /Раздел:   қазақ тілі

Тақырыбы / Тема:  «Шалқан»ертегісіне саяхат. (жыл бойы өткенді қайталау)

Мақсаты/ Цель:  жыл бойы өткен тақырыптарға шолу.

Міндеттері/Задачи:

Білімділік/Образовательная:  Жыл бойы өткен тақырып бойынша алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық/Развивающая:   Балалардың дүние танымын кеңейту, сөздік қорларын молайту, сөйлемдегі сөздерді,сөздердегі дыбыстарды анық айту дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік/Воспитательная: Балаларды еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмысы/Словарная работа

Көптілділік/ полелингвальный компонент  : ертегі-сказка- story,жеміс-фрукт-fruit,көкөніс-овощ-vegetable,шалқан-репка-turnip,отбасы-семья-family,ата-дедушка-grandfather,қыз-девочка-girl,ит-собака-dog,мысық-кошка-cat.

Қажетті көрнекі кұралдар /Материал :  ертегінің суреттері,кобдиша,текше,алма ағашы.

Шалқан»ертегісіне саяхат

 Педагог  қызметі

Действия педагога

Балалардың

қызметі

Действия детей

Мотивациялық-қозғаушылық          Мотивационно-побудительный
1.Шаттық шеңбері: Қуанамын мен де,қуанасың сен де,

Қуанайық бәріміз,жарқыраған күнге!

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Балалар,біз ертегілерді білеміз бе?

Қандай ертегілерді білеміз?

   Шаттық шеңберінде тұрып,доппен ойын ойнатуға болады.Сұрақ –жауап.

 

 

Ұйымдастыру- іздестіру     Организационно-поисковый
  Музыка ойнайды. «Сиқырлы қобдиша» әдісі.

-Ой,балалар,мынау не екен?

-Иә,бұл қобдиша (шкатулка).Ішінде не бар екен?Білгілерің келеді ме?

Ашылмай жатыр!Сендер осы қобдишаны ашу үшін маған көмектесіңдер.Сұрақтар қою.Ішіндегі сөздерді қайталаймыз.

Ішіне жемістер мен көкөністер қайталату.Мысал: алма,алмұрт,өрік,қияр,сәбіз,шалқан.

Осы жерде түстерді де қайталап кетуге болады.

Шалқан деген сөзге көңіл бөліп,бүгінгі тақырып «Шалқан» ертегісіне саяхат деп тоқталу.

Ал ендеше ,балалар , шалқан ертегісінде қандай кейіпкерлер болып еді?Есмімізге түсірейік!

«Ғажайып текше»әдісі.текшені әр баланың алдына тастап,кейіпкерлерін айтқызу.

Ата-әже-қыз(немере)-ит-мысық-тышқан.

Сергіту сәті.

Аяқпенен топ-топ-топ

Алақанмен хлоп-хлоп-хлоп

Бір оңға,бір солға

Билейікші кел мынада!

 

Балалар таңқалады,қуанады.

-қобдиша.

 

Ия , көмектесеміз!

Қобдишаның ішіндегі суреттерді көріп,атайды.

 

 

 

Ата,әже,немере қыз,ит,мысық,тышқан.

 

Текшенің бетінде бейнелеген суреттерді атайды.

 

Сергіту сәтін орындайды.

 

Қимылдарды қайталайды.

 

Рефлексивті- Түзетушілік      Рефлексивно-коррегирующий
«Алма ағашы» әдісі.

 

Бағалау: жұлдызшалармен бағалаймын.

 

 

 

Алма ағашынан бір-бірлеп алманы алып,артында бейнеленген суреттерді айтады.

Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:

Нені біледі/Знать: жыл бойы өткен сөздерді біледі.

Қандай түсініктерді игереді/Иметь:  жемістер мен көкөністер айырмашылығын игереді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері/Уметь :  жұппен , топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Педагог:Абилдина А.К.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017