Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жас маман

Жариялаған Бастауыш сынып мұғалімі Төрехан Нұргүл
/
24 Май 2013
Комментарии к записи Жас маман отключены

jas maman

Ұстаз — осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші. Алғаш әліппенің бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алатындығы шындық.
Мен өз ұстазыма алғысым шексіз. Осындай ұстаз біздің №11 орта мектебімізде жас маман Утембаева Бегнұр Т. Бұл кісі де өз ұстаздық жолын жоғарғы деңгейде атқарып жүр. Ата-ана мен оқушымен өте жақсы қарым –қатынаста. Ұстаздар қауым арасында да мәртебесі жоғары. Оқушыларды мектеп өміріне тез қалыптастырып үйретті. Әліппемен қоштасу өткізгенде оқушылары бір-бірінен асып , бір-біріне жанашыр болып турды. Осы әдемі бүлдіршіндерді осындай қылып мектеп өміріне жақсы төселдірген ұстаздын арқасы деп білемін.jas maman2 Таяуда Биология мен экология бойынша оқушылардың аймақтық ғылыми-практикалық конференциясына белсенді қатысты. Осы ғылыми- практикалық конференцияда оқушылары I-ші орынды жеңіп алды.Осындай жас мамандар алға қарай ұмтылатын, жақсыдан үлгі алатын ұстаздарымыз көп болғай. Алдағы күндерде Бегнұр мұғалімге жоғарғы белестерде көрінуге шын достық тілегімді білдіремін.Сөзімді қорта келе «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»-деп, ұлы Абай атамыз айтқандай, алдағы оқу жылында көп жеңістер мен жетістіктерге жетініз.

loading...

Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы
№ 11 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Төрехан Нұргүл Төреханқызы II-санат


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016