Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Мамандығының майталманы

№ 11 мектептің бастауыш сынып мұғалімі, ізденгіш, жаңашыл, терең білімді ұстаз Алтын ТҰЯҚОВА-білім мен талапты тең ұстай білетін мұғалім.
Ұстаздың мақсаты-әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде танып-біліп, олардың дара ерекшелігіне сай ой-өрісін талғамын дүниетанымын заман талабына лайық тәрбиелеу.
Алтын Тұяққызы жаңа технология бойынша түрлі сабақтар өткізіп, жас ұстаздарға тәжірибесін көрсетіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, нәтижелі жұмыс жүргізеді. 2004 жылдан бастап «Тәй-тәй» технологиясын меңгеріп, ата-аналар құрметіне ие болды.
Ол өзінің биік парасатымен, терең білімімен, жанжақты біліктілігімен өзгелерден озық, дара тұратын, шәкірттері аса құрмет тұтатын аяулы жан. Бала жанын түсіне біледі, ата-аналармен тіл табыса алатын ұстаз. Осындай ұстаздың тәлім-тәрбиесі біз сияқты жас ұстаздарға үлкен өнеге.
Алтын Тұяққызы жақында облыстық мұғалімдердің ғылыми конференциясына қатысты. Ол өткізген «Ең үздік бейне сабақ» жұмысы үлкен жетістікке жетіп, қала мектептері бойынша бірінші орынға ие болды. Тәжірибелі мұғалімнің бұл жетістігі жас мұғалімдерге үлкен өнеге. Біз ол кісіден үйренуге ұмытламыз.

loading...

№11 МЕКТЕПТІҢ БАСТАУЫШ
ӘДІС БІРЛЕСТІГІНІҢ ЖАС МАМАНДАРЫ:
Төрехан Нұргүл Төреханқызы және Утембаева Бегнұр Т.

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016