Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ұстаз! Қандай қасиетті сөз!

uss

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» — деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі күні осындай ұлы сөзге лайық шәкіртінің сүйіспеншілігіне, әріптестерінің құрметіне бөлініп жүрген Биданова Гүлжахан Серікқызы туралы жүрек жарды жақсы ниетімізді білдірмекпіз. Гүлжахан Серікқызы білімді де білікті, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне ұялата білетін әдіскерлік шеберлігі бар ұстаз.
Жас маман ұстаздарға үлкен үлгі артып, олардың білімді де білікті, жалқаулыққа бой алдырмайтын, кез-келген қиындықтардан қорықпайтын қабілетті  болуына үлес қосып жүр. Өскелең жас ұстаздарды өзінің өмірлік тәжірибесімен, нәрімен сусындатып отырған біздің №11 орта мектептің  жоғары санатты мұғалімі, бастауыш сынып әдіс бірлестік жетекшісі Гүлжахан Серікқызының  қосар үлесі мол. Ол кісі барын аямай жас маман ұстаздарды  әрқашанда қолдап және демеп жүреді. Осындай жанашыр әдіс бірлестік жетекшісі болғанына біз, жас маман ұстаздар өте-өте қуныштымыз.
us

loading...

Іс – тәжірибесі қала көлеміне таралып, бірнеше мәрте мақтауларға ие болған. Әр түрлі тақырыпта мақалалары газет-журнал бетіне жарияланды. Әріптестері Гүлжахан Серікқызын білікті маман, өз ісіне адал жан ретінде жақсы біледі. Гүлжахан Серікқызы әлі де сүйікті мамандығынан ажыраған емес. Отбасында Сұлтан ағамызбен қиындықта қасынан, жақсылықта жанынан табылатын адал жар, үш баланың анасы және  немере тәрбиелеп өсіріп келе жатқан ақ жаулықты әже. Ойымызды түйе келе  Гүлжахан Серікқызының жаны жайсаң жан екеніне көзімізді жеткіздік. Әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз. Мұғалімдік-мәртебелі мамандық. Мәртебеңіз жоғарылай берсін демеспіз.

 

Қарағанды облысы Жезқазған қаласы №11 орта мектеп
бастауыш сынып жас маман ұстаздар.
Төрехан Нұргүл .Т
Утембаева Бегнұр. Т


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016