Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ата

9

АБДАНБЕКОВ ӘБДІРАСЫЛ
Бүгін мен өзімнің атам жайлы айтқым келеді. Менің атам 1923 жылы дүниеге келген 1941 жылдың желтоқсан айында майданға аттанды. 1942 жылдың қаңтар айының басында 501-ші гвардиялық атқыштар полкінің құрамындағы зеңбірек расчеті бөлімшесінің командирі болу тапсырылған екен. Бөлімше комондирі қызметін 1942 жылдың қыркүйек айына дейін жауапкершілікпен атқарды. Мұнан кейін 86-шы гвардиялық атқыштар полкінде жүріп қарсы келген жаумен бетпе-бет ұрысқа шығып, соңында құмырсқадай қаптап кележатқан жаяу солдат әскерін қолындағы жауынгер винтовкасымен қоғадай жапырып жібереді. Артынша осы айқас ұзаққа созылып түн қараңғысына дейін Кеңес жауынгерлерін титықтатады. Оқ таусылады, адам саны да бұрынғыдай емес аз, әр жерде 4-5-тен көзге шалынады. Үзіліссіз бес сағаттай жаумен шайқасқан екен. Атам жарақат алып бөлімшеге жеткізіліп. Сол жерде оған жеңіл көмек көрсетіліп, госпитальға жіберілген екен.
Атам 1944 жылдың қыркүйек айында елге оралған екен.

loading...

Сонау КСРО Қорғаныс Министрі Кеңес Одағының Маршалы А. Гречконың құттықтаумен I дәрежелі Отан соғысы ордені А .Абданбековке берілген шынайы баға. Сол құттықтау қағазында былай жазылған:

Уважаемый Абдрасил!!!
Сердечно поздравляю Вас XXX годовщиной победы над гитлеровской Германией и награждением юбилейной медалью. В годы суровых военных испытаний.
Министр обороны СССР
Маршал Советского Союза А.Гречко.

Қарағанды облысы. Жезқазған қаласы
№ 11 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Төрехан Нұргүл Төреханқызы


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016