Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Бөлім авторы Төрехан Нұргул

nn

Еңбек өтілі: 7 жыл   

  Санаты: екінші санат

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін.
   

  nurgul       Мен Төрехан Нұргул Төреханқызы  2005 жылы  Жезқазған педагогикалық колледжді бітірдім. Бүгінгі танда Қарағанды обл. Жезқазған қаласы  № 11 орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп жүрмін. Мен өз жұмысыма берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкіртінің жанына нұр құйып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың бірімін.

loading...

ҰСТАЗ!!! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар.
Ол – Ұстаз! Алғаш «Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады.
uzd
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.

ersertifikat1

ersertifikat4

 DSC00887

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016