Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету туралы рефлексивтік есеп.

Сұрақ қою  маңызды дағдылардың бірі  болып табылады, себебі  сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің  тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта  және кеңейте алады.(Нұсқаулық 41 -бет)

Мектептегі тәжірибелік «Жорғалаушылар класы» сабағымдағы 1-тапсырма «Қосмекендідер класы  туралы түсініктерін еске түсіру» кезінде сыни тұрғыда ойлаудан  «Миға шабуыл»әдісінің сұрақтарын  қолдандым. Мысалы:

«Класс неліктен қосмекенділер деп аталады?  Қосмекенділердің класы қандай отрядқа бөлінеді?» деген жабық сұрақтар мен  «Қосмекенділердің қандай мүшелері жақсы дамыған? Аяқсыз қосмекенділер аталу себебін түсіндір, қанша түрі белгілі?» деген ашық сұрақтар да болды. Оқушылар білім алу қабілетіне қарай  сұрақтарға жауап берді.  Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың әртүрлі техникаларын да қолдандым. Мысалы,сабақта тұйық ашылмайтын оқушыға түрткі болатын сұрақтар қоя отырып,  толығырақ жауап беруге  итермелесем, ал белсенді, қабілетті балаларға сұрақ қоюдың»сынақтан өткізу»техникасын пайдаланып әрі қарай өз идеяларын дамытуға мүмкіндік бердім, атап айтқанда  «Қосмекенділердің қандай мүшелері жақсы дамыған?»деген сұрақты қоя отырып, әсіресе  «қай мүшесі балықтармен салыстырғанда ерекше дамыған «деп тапсырманы орындау барысында бағдар беріп отырдым.

Ал оқушылар сұрақтарға жауап беруге  қиналып немесе қателескенде  «қайта бағыттау» техникасын қолданып, «Ал көмектесіп жіберейікші» деп сұрақты басқа оқушыларға бағыттадым. Дұрыс жауап берген оқушыларға тапсырмаға бағытталған мақтау айта отырып, формативті бағалап отырдым. Қайта бағыттау техникасының тағы бір ерекшелігі   дұрыс жауап бермеген оқушы   дұрыс жауапты тыңдай отырып,  өзін-өзі реттейді. Осы сабақтың қорытындылау бөлімінде « Жұптық әңгіме » әдісі бойынша  жұптарға жазылған бір бетшеге жазылған екі сұрақтан тараттым. Мұндағы мақсатым,  жұптарды қолдану  сөйлеуге және үлкен топтарда өзін сенімсіз сезінетін  оқушыларға көмектесу мүмкіндік беру  болатын.

tauova0404

Жұпта жұмыс жасағанда жұптар бір-біріне сұрақ қойып, ойларын шоғырландырып, идеяларын ортаға салып, талқылап, көмектесе жұмыс жасайды. Жұптық жұмысқа арналған сұрақтар барысында оқушылардағы пікір алмасу диалог құру арқылы іске асады, нәтижесінде әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға  көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады. (Нұсқаулық 42-бет). 2-сабағымда үй тапсырмасын тыңдау, талдау кезеңінде   «Ой шабуылы»әдісі бойынша  топтарға сұрақтарды жазбаша бердім, яғни оқушылар шағын топта осы сұрақтарды талқылай отыра жауап берді.1- сабағымдағы миға шабуыл сұрақтарына қарағанда сұрақтарды күрделендірдім. Яғни тапсырмалардың ішінде жабық сұрақтар мен бірге оқушылардың ішінен дарынды балаға бағытталған сапалы  ашық сұрақтар да болатын, мысалы «Жорғалаушылардың тері түзілісі қандай және мұндай түзіліс не үшін керек?» және «Жорғалаушыларды жүрегінің құрылысы қосмекенділерге ұқсас,бірақ қандай ерекшелігі бар?».

loading...

(Montgomery, 1996; Freeman, 1991) келтірген е ң үздік оқушыларды анықтайтын сенімді  өлшемдер ішінде күрделілікке  деген сүйіспеншілік бар, топтық талқылауда   дарынды оқушы сұрақтардың  ішінен күрделі сұрақты өзіне таңдап алып, орындауы олардың білімдерін және сабаққа  қанағаттану деңгейін арттырады. Екінші  «Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландардың маңызын оқып-үйрену» сабағымда  4 тапсырма кезінде «Сұхбат  алу»әдісін пайдаландым .Әдісті рөлдік ойын әдісімен байланыстыра қолдандым , бұл  оқушылардың әртүрлі санаттағы адамдармен пікірлесу дағдысын дамытудың ең жақсы әдісі. Осы әдіс барысында «Тілші» рөліндегі оқушы әртүрлі мамандар рөліндегі оқушыларға сұрақтар қояды. Мысалы Фольклортанушы маманға :«Қазақтың жыланды ақ құйып қуатын» амалының және «Жатқан жыланның құйрығын баспа нақылының  ғылыммен байланысы бар ма? » деген сұрағы оқушының ізденуіне, ғаламторданды пайдалана отырып, ойын жинақтап қорытындылауына әкеледі.

 

Оқушылардың оқыту үшін бағалау барысында, топты немесе сыныптасын бағалауда,  мұғалім тарапынан бұл оқушыға қандай баға қояр едіңіз деген  кері байланыс сұрағына оқушының  сыныптасын  сабақ барысындағы жауабын бақылауының нәтижесін, өз ойын дәлелеп беруге ұмтылады. Оқушы  қойған бағасын дәлелдеу барысында  өз қателіктерін де түсіне отырып, басқа оқушыларға да ой салады, келесі бағалауда  ол кемшілікті жібермеуге,белсенді болуға ұмтылады. «Жорғалаушылардың басқа отрядтары»сабағымда  «Алтын балық аквариумы» әдісі арқылы  жаңа сабақ бойынша алған білімдерін жинақтау, зерделеу мақсатын ұстандым. Бұл әдісті алдыңғы сабақта түсіндіріп жібергендіктен «Алтын балық»  рөліндегі оқушы тақырып бойынша және өткен сабақпен байланыстырылған сұрақтар бойынша да дайын болуы керек еді.

Алтын балықты  ортаға шақырғанда  дарынды оқушылар бірінші болып белсенділік көрсетті.  Оқушылардың өздерінің алтын балыққа сұрақтар қою барысында  жабық сұрақтан  ашық сұраққа көше бастағанын байқадым. Яғни мұғалімнің сұрақтары оқушылардың  ойлау қабілетін ашады, айқындайды және кеңейтеді деген тұжырымға сәйкес болуы керек деген қорытындыға келдім. Сұрақтарды  қоя білу стратегиясынсыз  айтарлықтай ілгерілеу, сабаққа беріліп жұмыс істеу және сапалы  бағалау  болуы мүмкін емес деген тұжырым  менің де  көзқарасымды айқындай түседі.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016