Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Мұғалім- мәртебелі мамандық

Қызылорда  қаласындағы  №1  мектеп- гимназиясының экономика пәні мұғалімі Ахметова Бану Бекішқызы.

Мұғалім- мәртебелі мамандық.Мұғалімдердің оқушыларды білім алуға бағыттап,сапалы білімге құлшындыратын , нәтижеге  бағытталған сабақ беруіне үнемі   демеу,  көмектер керек. Жаңаша оқыту  тәсілдерін үнемі үйренуді, өз шығармашылық еңбектерімді  дамыта беруді  алдыма мақсат етіп қойдым

Көп жылғы  педагогика саласындағы еңбегім, іс- тәжірибелерім бар мұғалім бола тұра, оқу мақсаттарын  нақты қойып, мұғалімдердің мәртебесін көтеруге бағытталған  жаңаша оқыту тәсілдері сөз жоқ барлық  мұғалімге қажет деген ойдамын. Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін  сабақтың сапасын арттыруға күш салатын идеясы   барша  ұстазға қажет деген  ойдамын. Себебі бүгінгі таңда мұғалімдерге осындай бай әрі толыққанды сабақ өткізуге  мүмкіндік тудырарлық,  сабақты қалай жоспарлап,қалай өткізуге  болатынын үйрететін, көмектесетін,оқушыларды жалықтырмай, бағыттап қана отыратын  іс-әрекеттер қажет және де тиімді. Оқушы өзі ізденіп, өздері тауып, қателіктерін өздері түзеп жатса  білім сапасы да артып, бұрынғы бір сарындылықтан құтқарар тәсіл болар еді.Дамыған  елдердегі   мысалы, Жапониялық мыңдаған мұғалімдер бір сабақтың  жоспарын бірге жасап, сабаққа тек  жақсы ой , тәжірибе, тәрбие мен әдіс- тәсілдерін қосады екен.Бір сабақты әлденеше мұғалім жоспарлап, бірлескен жоспарды іске асырса, жетілдірілген  сабақ нәтиже беретіндігіне сенімім зор.

loading...

ekonomika-pani-mugalimi-ahmetova-banu

  Мен  бүгінгі  таңда ,  15 жылдан бері   Қазақстан  экономикасымен  бірге өсіп, қанаттанып, сабағымды жетілдіріп өткізуге  талаптанып, ізденісте  жүрген   экономика пәнінің мұғалімімін. Осындай сәтте, дер кезінде  білімімді толықтыруға мүмкіндіктің болғаны мен үшін өте қуанышты жағдай болып  отырғанын жасырмаймын. Экономика  пәні  жаңа пән болғандықтан  қазақ мектептеріндегі  экономикадан  сабақ  беріп жүрген  әріптестеріме  көмегім  тисе деген мақсатпен бірнеше  сабағымның жоспарын  ұсынып  отырмын.

Өзім туралы бірер сөз , 1980 жылдан ұстаздық жолдамын. 2001 жылдан бастап  №1 мектеп- гимназиясында  экономика пәнінен сабақ беріп келемін. Жыл сайын экономикалық білім жинақтап, сабақ беруіме қажетті сертификаттарды алудан  жалыққан  емеспін.     Алдағы арман- мақсаттарымның бірі-  қазақ мектептеріндегі экономика пәнін оқытуға үйрететін әдіс- тәсілдерді терең игеріп , өзімнің  методикалық  кітапшаларымды  шығарып, жас әрі Тәуелсіз Қазақстан экономикасына өз үлесімді қоссам деген ізгі ойымды іске асыру.Жаңаша сабақ өткізуді, сабақтың құрылымына үлкен мән  беруді, оқыту талабына қол жеткізерлік қонымды  білім, ақпараттарды интернет жүйесінен мен де қадағалап отырамын. Өз  білімімді,  әдіс-  тәсілдерімді жаңартып отырамын, өзіме  керегін  алып отырамын.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016