Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ашық сабақ «Салық түрлерімен таныстыру»

Ашық сабақ Экономика пәні 7 сынып 

Тақырыбы:  Салық түрлерімен таныстыру.

Мақсаттары: 1.Білімділік мақсаты: Оқушыларға салық жүйесінің мәнін ашып көрсету.           .

2.Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, салық туралы өз ойын еркін

жеткізе білуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

3 Дамытушылық мақсаты:.Оқушылардың экономикалық танымын дамыту. экономикалық  білімі кең дәрежеде болуын қадағалау,сауатты сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Жаңа  білім берілетін  аралас сабақ..

Сабақ түрі: Аралас сабақ..

Сабақтың көрнекілігі:    Интерактивті тақта;салық түрлеріне байланысты слайдтар; символ тест; «Әлемдік экономика» оқулығы.

Сабақ әдістері: Баяндау; сұрақ-жауап; сөзжұмбақ шешу; «Экономикадағы мемлекет ролі»       тақырыбындағы  тест жұмысы;оқушылардың өзіндік жұмыстары.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа бейімдеу.

 2.Үй тапсырмасын тексеру. Интерактивті тақта бетіне *Қазақстанның картасын шығарып,Қазақстан  қалаларын оқушыға таңдатып, әр қала аты жазылған қағаздағы сұрақтарға жауаптар алынып,   білімдері бағаланады.

* Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар:

1.Тауар шығарамыз, яғни бізде      * * * * * * *  бар.(өндіріс)

2.Кәсіпкерлік  іс, экономикалық қызмет  * * * * * * .(бизнес)

..Иесі пайда аламын деген үмітпен   * * * * * құрады.(фирма)

5.Табыс пен шығынның жоспары    * * * * * * (бюджет)

  1. Қажеттілікті қанағаттандыру процесінде тауарлар мен қызмет көрсетулерді пайдалану-

* * * * * *  (тұтыну)                                                                                                                                                                                                                   

ekonomika-pani-mugalimi-ahmetova-banu

Өткен сабақ пен жаңа сабақтың байланысы:

*Өткенді қайталау, еске түсіру:

*1.Мемлекеттік бюджет дегеніміз не?     Мемлекеттік ақша қаржысының негізгі орталықтандырылған ұлттық қоры.

 2Мемлекеттік бюджеттің табысы мен шығынына  нелер жатады?

Табысына : салықтық түсімдер:акциздер, меншікке салынатын салықтар, кедендік баж салығы, салықтық емес түсімдер,  трансферттік төлемдер, т.б.

Шығынына: денсаулық сақтау . экономикалық қызметке байланысты  қызмет   көрсетулер,әлеуметтік сақтандыру,қамтамасыз ету,қоғамдық тәртіп , қауіпсіздік,қорғаныс, мемлекеттік қызмет көрсету,білім, мәдениет, құрылыс, көлік және байланыс.т.б.шығындар

Жаңа сабақ :«Салықтар»

Кіріспе:  Салық адамзатқа ерте заманнан белгілі.

Осыдан жүз жыл бұрын ғана мемлекеттің  экономикалық қызметі елді қолдау,  заңды күзету және тәртіпті сақтаумен шектелетін.

* Қазір елдің экономикалық өміріне мемлекет  әсер етуінің шекарасы қай жерде? 

  *Қазір мемлекеттің қандай экономикалық қызметтері бар?

  *Мемлекет жұмсау үшін ақшаны қайдан алады?

  * Салық дегеніміз не?

*Салық  сөзін жұмбақ шешу арқылы шығарып аламын.

-Оны ешкім жақсы крмейді бірақ төлеуге тиісті ақшаны атаңдар.

Оқулықпен жұмыс. 28- бетпен жұмыс.

Салық адамзатқа ерте заманнан белгілі. Кімнің өз меншігінен айрылғысы келеді, сондықтан салық төлеу әрқашан наразылық туғызып отырған.Мысалы, өткен ғасырда Англияда жұмыс иттерінің құйрығына салынатын салық енгізілген.. Адамдар салық төлемеу үшін  иттерінің құйрығын кесіп тастады.

300 жыл бұрын: малшылар: зекет, соғым, сыбаға; диқаншылар: баж, харадж түрінде салық төлеуге мәжбүр болды.

Салық  сөзінің анықтамасын таныстырамын:

*Салық-мемлекеттік өкімет органдарының мемлекет пайдасына азаматтар немесе фирмалардың жалақысы немесе  пайдасынан алатын міндетті төлемдері;мемлекеттік бюджетке түсетін қаржылардың негізгі көзі.

Салықтар-жеке және заңды тұлғалардың бюджетке міндетті төлемдері; белгілі бір ақша сомасы; мемлекеттің табысы; салық- бұл заң.Салықтардың қызметі — мемлекет табысын жасайды, экономиканы реттейді. Салықтарды адамдар төлейді.Салықтар табыс, мүлік, тауар, мұра, жер үшін төленеді.

Мемлекеттік қазынаны толтырудың әдісі ретінде салықтар мемлекет пайда болғаннан бері бірге жасасып келеді.Мемлекет шығындары өсетіндіктен салық түрлер де жылдан-жылға өседі. Сондықтан салық түрлері жылдан жылға өзгереді және өседі.Жаңа салықтар енгізіліп отырады. Егер мемлекет салық салмаса, онда ол өзінің экономикалық қызметін орындай алмайды. Мемлекет  ақшаны жеке адамдар мен кәсіпорындарға салынған салықтардан жинайды. «Салық -мемлекет тірегі.» сөйлемі  түсіндіріледі.

Оқулықпен жұмыс. «Үш жүз жыл бұрынғы салықтар» мәтінін оқуға тапсырма беріледі.

*Мемлекет қазынасы толып тұруы және салық төлеушілерге ауыртпалық түспеуі үшін салықтар қандай болуы керек?

 Бенджамин Франклин, 1789 ж

 «Бұл өмірде ешқандай нәрсеге толық сенімді болуға болмайды, тек өлім мен салықтан басқа.»

loading...

**А.Смит «Халықтар байлығы  табиғаты мен себептері туралы зерттеулер» атты кітабында дұрыс салық принциптері туралы: адамдар төлей алатынынша төлеуі керек; салық белгілі және барлығына  түсінікті болуы керек; салықты жинау әдісі салық төлеушіге ыңғайлы болуы керек.»

Бүгінгі күні    салықтарға қойылатын талаптар  өзгерді.

*Салық бюджетке нақты табыс әкелуі керек.

*Салық жинауға ыңғайлы болуы керек. Салықты жинау  табысты алу  кезімен байланысты болуы керек.

*Салық төлеушіге түсінікті болуы керек.Салық қашан, қайда төленуі керектігін төлеуші білуі керек.

*Салық түзету енгізуге оңай болуы керек.Қажет болғанда үкіметте салықты жоғарылату немесе төмендету мүмкіндігі болуы керек.

*Салық адам күші мен белсенділігін түсірмеуі керек.

Салықтар жалақы,кіріс,девидендтерден төленеді.Салықтардың мөлшері және салықтық жеңілдіктер болады.Қазақстан Республикасында мынадай салықтар белгіленген:

-корпоративті табыс салығы;

-жеке табыс салығы;

-қосымша құн салығы;

-акциздер;

-жер қойнауын пайдаланушылар салығы;

-әлеуметтік салық; мемлекет байлардан түскен салықты жағдайы нашар тұрғындарды қамтамасыз етуге бағыттайды.

-жер салығы; оның мақсаты-жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, жерді дұрыс пайдалану

Бірыңғай жер салығын шаруа қожалықтары ғана төлейді.

-көлік салығы

-мүлік салығы.

Қазақстан әлемдегі дамыған елу елдің қатарына ену мақсатын қойып отыр.Әлеуметтік салық 30пайызға төмендейді. Мемлекеттік бюджет кіріс көзінің  85-90 пайызы тек салықтардан тұрады.Елімізде  салық кодексі  бойынша он салық түрі бар.

Мемлекеттік салықтар: 1.Тікелей салықтар-тікелей  табыстан және мүліктен алынады.Мысалы,  табыс салығы: табысқа салынатын салық. Меншікке салынатын салық.

  1. Жанама салықтар-тауар бағасына салынады. Мысалы, қосымша құнға салынатын салық: акциз, кедендік баж салығы.

Салық салуға жатпайтын жерлер.

*Ерекше қорғаудағы табиғи аймақтар.

* Халықтың демалыс орындары.

*Балаларды сауықтыру орындары.

*Ботаникалық бақтар.

*Зоологиялық бақтар.

*Көлік жолдары.

Табыс салығын төлеушілер:

*Табысы бар барлық азаматтар.

*Шетел азаматтары.

*Азаматтығы жоқ тұлғалар.

*ҚР территориясында табыс табатын шетелдік резидент емес тұлғалар.

Салық жүйесінің принциптері: қарапайымдылық, әділеттілік, салыстыруға болады

Үкімет салықтарды не үшін пайдаланады?

1.Жалпы  ұлттық міндеттерді шешу .

2.Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне  жалақы төлеу.

3.Жаңа өнеркәсіптік кәсіпорындарды салу.

4.Өндірістің белгілі бір саласын қорғау.

5.Үкімет тарапынан  зиянды деп есептелетін  іс-әрекеттерге шектеулер жасайды.

6.Белгілі бір іс-әрекеттерге қолдау көрсету.

7.Елдің экономикалық белсенділігін реттеу.

  1. Жаңа сабақты бекіту:

«Салықтар»  атты сөзжұмбақ  шешу.

salik-turleri

1.Экономика атасы кім?    (Адам Смит.)

2.Меншікке салынатын салық..(Акциз)

3.Салықтың төмендеуі  орта және шағын кәсіпкерліктің дамуына қалай әсер етеді?

(Ілгерілетеді.)

4.Салық объектісі.(Табыс)

5.Жанама  салықтың бірі.(Құн)

  1. Салық объектісі.(Тауар)

7.Мемлекеттік бюджеттің кіріс көзі.(Салық)

  1. Салықтың негізгі қызметі.(Реттеушілік.)

 

Дәптермен жұмыс:

  1. Салықтың төмендеуі орта және шағын кәсіпкерліктің дамуын ілгерілетеді.

2.Салық субъектілері- салық төлеушілер болып табылады.

3.Салықты міндетті түрде төлеу керек.

4.Кез келген барлық адам салық төлеуден босатылған.

5.Мемлекеттік бюджеттің табысы салықтардан тұрады.

6.Салық объектілері- тауарлар , табыстар.

7.Акциз- меншікке салынатын салық.

Сабақты қорытындылау

Тест

Экономикадағы мемлекет ролі.

1 Экономикалық жарыс негізінде игіліктерді бөлу тәсілі  —

А) Сауда.                                          Б) Бәсеке.                             В) Ұсыныс.

2.Мемлекеттік өкімет органдарының  азаматтар мен ұйымдардан алатын міндетті төлемі-

А) Айыптар.                                    Б) Салықтар.                      В) Ақша.

 

  1. Меншікке салынатын салық –

А)  Акциз.                                        Б)  Квота.                             В)  Капитал.

4.Салық бюджетке не әкеледі?

А) Процент.                                     Б) Табыс.                             В)  Акция.

 

  1. Салық объектісі.

А) Тауар.                                          Б)  Жалақы.                        В)  Аукцион.

  1. Салық түрі-

А) Харадж.                                      Б)  Лоторея.                         В)  Купон.

 

  1. Салық неге салынады?

А)  Ұтыс.

Б)   Меншік.

В)  Сыйақы.

  1. Мемлекеттік бюджет табысы-

А) Салық.

Б)  Білім.

В) Несие.

 

9.Салық салуға жатпайтын жер –

А) Қорық.

Б) Банк.

В) Дүкен.

10.Салық жүйесінің принципі-

А) Шындық.

Б) Әділеттілік.

В) Айнымалылық.

Оқушылардың білімдерін бағалау.

Үйге тапсырма: Салықтар тақырыбы бойынша түсініктерін айтуы тиіс


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016