Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жеке меншік және бәсекелестік

Экономика  6 сынып

Сабақтың  тақырыбы: Жеке меншік және бәсекелестік

Сабақтың мақсаттары: 1 Білімділік мақсаты: жекеменшік , бәсекелестік  сөздерінің мағынасын таныстыру. Нарықтық экономика туралы түсіндіру.

2.Тәрбиелік мақсаты: Бүгінгі таңдағы Қазақстан экономикасының жеке меншік және бәсекелестіктің нәтижесінде жеткен жетістіктеріне  жеткіншектердің мақтаныш сезімдерін оятып, туған елге деген  патриоттық , сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

3.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың экономикалық ойлау дәрежесін молайтып, экономикадан сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді  тақта арқылы жекеменшік және бәсекелестік тақырыбындағы слайдтар. «Экономикалық сөздік» қоржыны.

Сабақтың түрі:  Жаңа білім берілетін аралас сабақ.

Сабақ әдістері: Баяндау,түсіндіру, сұрақ-жауап, оқушылардың  өзіндік шығармашылық жұмыстары, сөзжұмбақ, сөзтізбектер.

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды үш топқа бөлу: 1.Кәсіпкер. 2.Болашақ. 3. Шабыт.

2.Үй тапсырмасын тексеру: Сөзжұмбақ шештіріледі.

Жаңа сабақ Жеке меншік және бәсекелестік.

Сұрақ: —Сендер пайдаланатын тауарларды кім шығарады? Әр түрлі қызметтерді сендерге кім көрсетеді? Осы сұрақтарға жауап іздеу үшін  мына әңгімеге құлақ түріңдер.

ekonomika-pani-mugalimi-ahmetova-banu

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған соң нарықтық экономикаға көшті. Бұл күндері Қазақстан аралас экономика мен нарықтық экономиканы қатар өткеріп келе жатыр. Нарықтық экономикада жер мен капиталға жеке адамдар иелік етеді. Шешімді де сатушылар мен сатып алушылар қабылдайды.Дамыған капиталистік елдерде нарықтық-рыноктік экономика жүйесі қолданылады.Себебі әр түрлі компаниялар мен фирмаларды  бизнеспен айналысатын жеке адамдар басқарады.

Тәуелсіздік алған кезден соң  біздің елімізде мемлекеттік зауыт, фабрикалар өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын білесіңдер.Көптеген мемлекеттік меншіктер жекешелендірілді.Осы кезде өз елінің болашағын ойлаған азаматтар кәсіппен айналысты.Сауда жасады, өз кәсібін ашып туған елін барлық салада алға жылжытуға көмектесті.

Слайдтар арқылы Қызылорданың кәсіпкерлері арқасында жұмыс жүргізіп келе жатырған көрікті орындары көрсетіледі.

loading...

Қызылорда қаласының  әлеуметтік-экономикалық  дамуы нәтижесінде  жұртымыздың тұрмыс деңгейі жақсарды.Қаламызда өндіріс ошақтары ашылып, халық өз кәсібін дөңгелентіп, шаруа жасап жатқанын көріп отырмыз.Қаламызда кәсіпкерлер белсенділік танытып өнеркәсіптің әр саласын өркендетіп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.Алланың жердегі үйі мешітті жасауға демеуші кәсіпкер 500 млн теңге қаржы шығарса, қалалық әкімдік 100 млн ақша бөлген.  «Мелиоратор »ЖШС- гі қуаттылығы жылына 30 млн дана керамикалық кірпіш шығаратын зауыт іске қосты.. «Шоқ су» серіктестігі күріштен жасалған макарон өнімдерін өндіретін цех ашты. «Қуат» ЖШС –і ауыз су жүргізетін труба  шығарады.Қызылорда қаласында «Мандарин», «Аль-Асад» т.б. жеке меншік ірі сауда орындары, жанар-жағар май бекеттері бар. 20 ға жуық ойын алаңының 50 пайызы бюджет есебінен салынса, қалғаны қаланың қалталы азаматтарының , кәсіпкерлердің қаржысына бой көтерді. Әлем чемпионы И.Ильин жеке қаржысына «Сәулет»мөлтек ауданында балалар алаңын салдырды.Қаламызды «Көркейту»және Спецавтотранс»ЖШС-і тазалайды.15 мыңдай жеке кәсіп иелері өздерінің тіршілігін дөңгелентіп, ел экономикасына сүбелі үлесін қосып келеді.

Дәптермен жұмыс. 

Меншік-адамның , кәсіпорынның немесе мемлекеттің пайдаланатын немесе иелік ететін нәрсесі. Жеке меншік – мүлік жеке адам иелігінде болатын меншік түрі.

Бәсекелестік- Өндірушілер арасындағы жарыс, бақталастық.

-Бәсекеден тұтынушылар ұта ма?-Ия, себебі өндірушілер көп пайда алу үшін өз ресурстарын  тиімді пайдаланады.

Өнім өндіріп оны сатудан немесе өнімдерін  өткізіп, пайда табу мақсаты көзделеді. Бәсекеге қабілетті мамандар өзіне де, қоғам үшін де пайда  келтіреді.Кәсіпкерлікпен айналысып қазақтың атын шығарған азаматтар туралы мысалдар келтіруге болады.Мысалы: «Абзал и К» басшысы өз ауылы- Нағи Илиясов ауылын көркейтсе, Кәсіпкер азамат Қуаныш Дабысов  туған ауылы Іңкәрдария ауылына  Тағзым алаңын  тұрғызып халық ризашылығына бөленді.Осындай мысалдарды  оқушылар да  көптеп  келтіре  алады.

Сабақты бекіту: 1.Қазақстан қазір қандай экономиканы бастан кешіп жатыр?      2.Мемлекеттік меншік пен жеке меншікті қалай ажыратуға болады?

3.Бәсекелестік  сөзіне өз ой-пікірлеріңді білдіріңдер. Үш топ осы сұрақтарға жауап береді.

Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта айтылған «Жеке меншік және бәсекелестік » тақырыбында оқушылар өз беттерінше шығармашылық тапсырмалар орындайды. Мысалы: ребус, сөзжұмбақ, шығарма жазу, сурет салу т. б.

Оқушыларды бағалау: Қай топ озғаны анықталады. Жинаған баллдары есептеледі.  Экономика білгірлері анықталады.

Үйге тапсырма: Жеке меншік және бәсекелестік тақырыбында  өз ойларын ашық айта білу, газеттерден материалдар жинақтау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016