Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

22 наурыз мерекесі

22 наурыз күні ай мен күннің теңелуі, біздің, яғни қазақ халқының ұлттық жаңа жылы. Бұл күнді біздің елде, нақтырақ айтсақ қазақ жерінде тек қана қазақ ағайындар ғана тойламайды, сонымен қоса орыс халқы, өзбек, украин, татар, неміс, т.б халықтары да тойлайды.

ұлыстың ұлы күні

Біз осы наурыз мерекесінде ақ дастархан жайып, тәтті тағамдарға көбірек, молырақ ақ дастарханға жеті түрлі тағам қойылып қонақтарымызға дәм татқызамыз. Ниеттеріміз қабыл болсын деп тілек айтып, кешірімді боламыз, барлық жамандықтарды ұмытып, оны өткен жылға қалдырып, жаңа жылмен қоса, жаңа өмір бастаймыз.

Үлкен қарияларымыздың ақ батасын аламыз.Бұл жаңа жылымыз қыс айынан өтіп, табиғатымызды жасыл шөптер мен түрлі түсті гүлдер өсіп, қар еріп, күн шуағы өмірімізге бақыт тілеп тұрғандай жарқ-жұрқ етіп күн сәулесі жер ғаламшарына өз шуағын төгіп жылынып, адамды шабыттандырып та тастайды. Халықтық ұлттық ойындар мен қоса өзіміздің қазақ халқының ұлттық киімдерімізді де сәнденіп киініп аламыз.

Киіз үйлер де тігіліп, жылқыларымыз да қала ішінде көбірек шығарылады. Ақ дастарханға жеті түрлі тағам қойылып, қонақтарымызға дәм татқызамыз. Осы бір сәтті біз,әсіресе солтүстік қазақ жерінде тұратын қазақ халқы ұзақ күтеді. Өйткені қыс ерте басталып, кеш бітеді. Біз көп күткен мейрамымыз күн жылынғанда, жылулықпен бірге наурыз айы өмірімізге нұр төгіп қуанта жөнеледі! Ақ мол болсын, қайда барсаңыздар да ақ жол болсын!!! Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!
Уатаева Лаура Молдановна
Тарих пәні мұғалімі



комментария 2 Пікір қосу

  • қазақтың ұлттық мерекесінің құндылықтары сөз етіледі. Мақала мектеп оқушыларына түсіндіруге, естеріне сақтатуға жақсы дүние.Төменгі сынып оқушыларына түсіндіруге жақсы деп ойлаймын, себебі ғылымилықтан гөрі, қарапайым, өте жеңіл жазылған.

  • Мақалада расымен құндылықтар туралы айтып еткен. Қазақ халқының басқа ұлттардан айырмашылығы аталып көрсетілген. Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!!!

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017