Әкелер арасындағы пікірталас

Жақсы әкелер болмаса,
Жақсы тәрбие болмайды.
Н.М.Карамзин.
Әйгілі педагог- практик В.А.Сухомлинский ата- аналарға былай деп жазған: «Ондаған, жүздеген мамандықтар бар: Бірі темір жолын құрайды,басқасы үй салады, үшіншісі бидай өсіреді, төртіншісі адамдарды емдейді, бесіншісі киім тігеді. Бірақ өзі әмбебап, өзі күрделі және өзі асыл жұмыс бар.Барлығы үшін біртұтас болып тұрған, сонымен бірге өзіндік және әрбір жанұяда қайталанбас біртума,- бұл адамды жарату…Күзетшіден бастап министрге дейінгі кез- келген қызметкермен, одан да талапты адаммен ауыстыруға болады.Ал жақсы әкені дәл осындай жақсы адаммен алмастыру мүмкін емес».

Әке
Әкелерді білім мекемесіндегі мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы үрдісіне үнемі тартуға, мектеппен, қоғамдық ұйымдармен өзара белсенді әрекет етуге тарта отырып, қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, рух жігері шыңдалған, белсенді тұлға қалыптастыруға, психологиялық жұмыстарын жүргізе отырып, әкелердің психологиялық- педагогикалық мәдениетін арттыру мақсатында мектебіміздің психологы Абакова Салтанат Мирамбайқызы : «Әке- тірек, Бала- жүрек» атты әкелермен дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің бағдарламасы 6 бөлімнен тұрды: 1. Амандасу тренингінде әкелер әртүрлі амандасу тәсілдерімен амандасты.2. «Мен қалаған түс», мұнда әр әке өзіне ұнаған түсті таңдап алып, топқа бөлініп отырды.3. «Ой қозғау» видеоролигін көрсетті. Бұрынғы әкемен қазіргі әкенің айырмашылығы туралы пікірталас болды. Әр топ өз ойларын ортаға салды. 4. «Күтпеген жағдай», мұнда әр әкелердің отырғыштарының астында сұрақтар немесе сыйлықтар жабыстырылған. Сұрақ түскен әке сұрағын оқып, жауап береді.5. Ойын: «Ия н\е жоқ».

Бұл ойында психолог ситуациялық сұрақтар қояды, әкелер «ия» дегенде қызыл түсті, «жоқ» дегенде көк түсті көтереді. Ең соңғы 6- бөлімде «Сіз жақсы әкесіз бе?» тесті болды.
Дөңгелек үстел соңында мектебіміздің директорының м.а. Таев У.Н. әкелерге келгендері үшін алғыс айтып, ары қарайда қандайда болмасын шараларға ат салысуларын сұрап сөз сойлеп, қорытындылады. Пікірталасқа қатысқандары үшін мақтау қағазы берілді.
Мектебімізде осындай әкелерге арналған шаралар көбейсе нұр үстіне нұр болар еді.

комментария 2 Пікір қосу

  • Мақала авторының тренинг тақырыбы қазіргі заманның көкейтесті мәселесі болып табылады.Оны шешу мақсатында жасаған қадамы құптарлық іс.Осындай тренингтерді көптеп ұйымдастырып,жариялап тұрсаңыз,нұр үстіне нұр болар еді. Сізге шығармашылық шабыт тілеймін.

  • Мақала қазіргі кездегі проблемалардың біріне жатады. Осындай көптеген мақалалар жариялау арқылы, әр балабақшада осындай мақалаларды өткізіп тұруға кеңес беремін. Осындай проблемалық сұрақтарды көтеріп тұрсақ, ата аналар мен балалардың арасыныда қарым қатынас түзу болады.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017