Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Іс-әрекетті зерттеу,рефлексия

Жамбыл облысы,Жуалы ауданы,№30 Көктөбе орта мектебінің Химия-биология пәні мұғалімі Қалдасбекова Айшаттың
Lesson Study-іс әрекетті зерттеу жұмысы барысы туралы рефлексивті есебі
Біз 7ә сынып оқушылары арасынан А,В,С деңгейлі оқушыларды анықтап алдық.

Іс -әрекетті зерттеу жұмысына психолог Құдайбергенова Айгерім,сынып жетекшісі Балқыбекова Бақыткүл,ағылшын пәні мұғалімі Алимбетова Айжан ,география пәні мұғалімі Абдельдинова Динара және мен бірлесе сабақтарға ену арқылы А,В,С деңгейіндегі оқушыларды зерттеу жұмысын бастадық.

Бірлесе жоспар құру кезі
7ә сыныбында ағылшын пәні сабағына қатысып А,В,С деңгейіндегі оқушыларды зерделеу барысы

рефлексивті есеп.Сабақтың соңында пән мұғалімімен бірлесе А,В,С деңгейіндегі оқушыларды бақылауда А деңгейіндегі оқушы Қадырбек Аяна белсенді,В деңгейіндегі оқушы Қалдыбек Бақыт сабаққа қатысу ынтасы жақсы,С деңгейіндегі оқушы Махашбек Аружанда өзіне сенімсіздік байқадық. Келесі биология «Бунақденелілер» тақырыбындағы сабақта
Сабақ соңында А,В,С деңгейіндегі оқушылармен жеке сұхбат жүргіздім

А деңгейіндегі оқушы Қадырбек Аяна сабақтағы тапсырмаларға жауап беру қиын болған жоқ десе, В деңгейіндегі оқушы Қалдыбек Бақыт мен сұрақтарға жауап беру кезінде қиналдым десе, С деңгейіндегі оқушы Махашбек Аружан менде қобалжу,өзімнің жауабыма сенімсіз болдым деп жауап берді.Біз бірлесе сабақ жоспарын жоспарлай отырып келесі Абдельдинова Динараның сабағына қатыстық.

Сабақ соңында пән мұғалімі Сабақ соңында А,В,С деңгейіндегі оқушылармен жеке сұхбат жүргізді.

Осы іс-әрекетті зерттеу жұмысы нәтижесі :

А деңгейіндегі оқушы Қадырбек Аяна І,ІІ-тоқсан биология ,география,ағылшын пәндерінен 5,
В деңгейіндегі оқушы Қалдыбек Бақыт І,ІІ-тоқсан биология-4 ,география-4,ағылшын-5
С деңгейіндегі оқушы Махашбек Аружан І,ІІ-тоқсан биология-4 ,география-4,ағылшын-4
Сынып жетекшісі Балқыбекова А,В,С деңгейіндегі оқушылар Қалдыбек Бақыттың Махашбек Аружанның сабаққа деген белсенділігі артқанын айтты. 7 «ә»сыныбында «А», «В», «С»деңгейлі оқушылар

«А»деңгейіндегі оқушы Қадырбек Аяна
«В»деңгейіндегі оқушы Қалдыбек Бақыт
«С»деңгейіндегі оқушы Махашбек Аружан

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017