Менің тәжірибедегі рефлексиям

Мектеп мұғалімдеріне коучинг өттім. Ынтымақтастық атмосферасын құрып «Бағала мені бағала» әні тыңдалды. Осы проблемалық ресурсты ұсынғаным тамаша болды, біріншіден әуені әдемі екен, олар алдымен ән тыңдағандай болды. Мен де осы әнді тақырыпқа сай таңдағаныма  қызықтырып ұсынғаныма мақтаныш сезімде болдым. Мұғалімдердің көңіл күйлеріне жақсы жағынан әсер еткені байқалды.  Сұрақтар қоя жүріп оларға осы ән арқылы тақырыптың бағалау туралы болатынын өздеріне айтқызуым басты нәтижем болды. Осылай коучингтің «Бағалау» тақырыбына байланысты екені ашылды. Мұғалімдерге бірнеше ашық сұрақтар қойып, мұғалімдерді диалогқа тарту арқылы пікірлесе отырып сабақты ашуы көңілімнен шықты.  Мұғалімдермен топтық жұмыс жүргізу үшін екі топқа бөлдім. АКТ-ны пайдалану арқылы «Қалыптастырушы бағалау» және «Жиынтық бағалау» ерекшеліктері мен айырмашылықтары түсіндірілген видеоролик көрсеттім.  Көрсеткенім ұстаздарға қызықты әрі жаңалық болғанын сездім. Тақырыбым толық ашылу үшін  екі топқа екі тапсырма бердім.  Топтық жұмыста қызу талқылау жүрді, ұстаздар бір-біріне түзету жүргізе отырып постерлерін жазды. Мен де арасында қолдау көрсетіп ұсыныстар айтып жүрдім.

1-топқа дәстүрлі бағалауды «Т» кестесіне салып талдады. Дәстүрлі бағалауда мұғалімдер оқушыларға салыстырмалы түрде баға қоятындығын, ата-ана мен мұғалімнің арасындағы байланыстың жеткіліксіз болып жүргендігі атап  көрсетті.  Менің қол жеткізгенім ұстаздарды өз ойларын ортаға салып, дәстүрлі бағалаудың оң және теріс тұстарын ажырата білді және ойларын ашық айтуларына қол жеткіздім. Постерлерін қорғау барысында пікірталас болып бірнеше мәселенің шешімі табылды.

2-топқа «swot» талдауға « критериалды бағалаудың» оқушыны шынайы бағалауға жетелейтінін, баланың терең білім ала алатындығы жазылды. Қауіптілігіне: баланың сабақта түсінбеген тақырыбы ата-анаға рефлексия ретінде жазылмай қалуы қауіпі бар екендігі айтылды. Осы тұста мұғалімдер топпен диалогке түсіп, бір-бірімен  қауіптілігін қызу талқылады. Сол себепті кейбір тұстарына түзетулер жүргіздім. Маған қызықты болғаны бұрынғы дәстүрлі бағалауды дұрыс деп келген ұстаздар критериалды бағалаудың жақсы жақтарын да түсініп осы бағалауды қолдайтындықтары жайлы пікірлерін білдірді.

тәжірибедегі рефлексия

«Мұғалімдердің ұсыныстарын тыңдау» айдарында мұғалімдер критериалды бағалау үдерісі жүру барысында кедергіге кездеспес үшін не нәрселер ескерілу керек, соған қандай ұсыныстары бар болса сол ұсынысты  стикерге  жазып  құмыраға ілу тапсырмасы бердім.  Бұл бөлімнің маңызды болғанына тоқталсам ұстаздар өз қалаулары бойынша өз ойларын жинақтап ашық әрі шындықпен жауап берді. Критериалды бағалау үдерісін жүргізу барысында қандай кемшіліктер жасамау керек екенін түсініп, ой жүргізді және ойларын ашық айта білді. Мұғалімдер өз ұсыныстарымен бөлісті. Үш одақтың  бірлескен жиынтық болу керектігі, ата-анамен байланыс үнемі жүру керектігі, мұғалім мен тәрбиешілер  критериалды бағалауды жақсы түсіну  керектігі айтылды. Мұғалімдерге қолдау көрсетіп, өз ойларын ашық айтуларына бағыт беруге тырыстым.

Келесі айдар «Критерий қою» болатын. Бұл бөлімде де  топтық жұмыс жүрді, екі топқа топпен  смайликтің суретін салу тапсырмасы бердім. Суретті салып болған соң екі топ бір бірлерінің смайликтерін дәстүрлі бағамен бағалады.  Осы смайликтерді белгілі бір критерийлер арқылы бағалау болды. Критерий қою бөлімінде аздап қиындық тудырды, сол себепті оларға түзету жасап бірнеше мысалдармен ұсыныс жасадым, содан соң ғана топта ілгерілеу болды.  Екі топ критерийлер қою арқылы бағаланды. Осы тұста критерий тақырыбына арнайы бір коучинг өтсем де  аздық етпейтінін сездім.  Критерий қоюды алі де толық түсінбей жүрген ұстаздардың бар екенін сездім. Топтық жұмыста бір бірлеріне көмектесіп топтық жұмыс қызу талқымен жүрді. Соңында  критериалды бағалаудың жағымды әрі жұмсақ тиетіндігі анықталды. Мұғалімдер критериалды бағалаудың тиімді екендігін айтып ой білдірді.

Қорытындылау бөлімінде «кемпірқосақ» әдісі қолдандым. Әр ұстазға бір -бір жұлдыз бен бұлт стикерлерінен беріп, осы коучингтен алған мәліметі мен өздеріне ұнаған сәттерін жазуға бердім. Мұғалімдерге ойларын ашық әрі бүкпесіз жазуын сұрадым. Бұл бөлім мен үшін маңызды болды, себебі коучингтің өту барысы  жайлы мұғалімдердің пікірін білу маған қызықты болды.  Мұғалімдер критериалды бағалаудың не екенін түсінгендігі, қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды ажырата алдым,  түрлерін түсіндім, критерий арқылы бағалаудың тиімді екенін, коучингтің жақсы өткендігін, көңіл күйлерінің көтеріліп қалғандығын жазған. Мен осы қорыту бөлімін оқи отырып білгенім коучингте өз мақсатыма жете алғандаймын. Қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың айырмашылығын аша білдім. Критериалды бағалауда үштік одақтың байланысының маңызды екенін,  критериалды бағалаудағы  рефлексияның да жақсы роль атқаратынын мұғалімдердің өздеріне айтқыза білдім. Сабаққа критерийді мұғалім дұрыс қоя білу керек екендігін түсінді. Алдағы уақытта мұғалімдердің түсінбей жүрген кез келген тақырыбына жоспар құра отырып, коучинг өтіп, белгілі бір тақырыпты түсіндіруге болатынын білдім.

Бұл коучингте мұғалім тәрбиешілердің толық түсінбей жүрген тақырыбы критериалды бағалау мен критерий қою тақырыбын алғандықтан коучинг сәтті өтті деп ойлаймын. Тәрбиешілер білмеген тұстарын анықтап, жаңа өзгерістерге жақсы көзқараспен қарап, өз ойларын саралап жеткізе алды. Кері байланыста мұғалімдер жақсы қабылдады және ұсыныстарын ашық айта білді. Алдағы уақытта мұғалім тәрбиешілердің түсінбей жүрген тақырыбына коучинг ұйымдастырып, жоспар құрып белгілі бір тақырыпты ұғындыруға болатынын білдім. Мақсат анық болу керек екен және соған жету үшін тапсырманы жақсы алу керек екен. Мұғалімдерге өз ойларын ашық айтуларына қолдау көрсетсек нәтиже болады. Мұғалімдердің де өзімнің де көңіл күйіміз өте жақсы болды, барлығы жайлы сезімде отырды.   Алдағы уақытта өзгелердің критериалды бағалау тақырыбына деген көзқарастарына әсер етуге болатыны дәлелденгендей.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

№3 мектеп-интернат директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары   Қалдыбаева Мөлдір

Ұқсас материалдар

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017