Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сапалы білім — жаңаша талап нәтижесі

«Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз.»
Н.Ә.Назарбаев.

Қазіргі кезеңде қоғамның өркендеп өсуі, қарқынды жаңа өзгерістер білім беру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер жүктеді. Ғылым мен техниканың шарықтай дамып, қоғам мүшелері соңғы үлгідегі техника жетістіктерін еркін пайдаланып жүрген тұста білім берудің заман талабына сай болуы маңызды. Ал осы міндеттерді іске асыру – жаңалыққа жаны құмар жаңашыл ұстаздың ғана қолында. Олай болса, әр ұстаз өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы қажет.
Осы мақсатта елімізде бұрын-соңды болмаған Кембридж университеті ғалымда-рымен бірлесе жасалған Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарламаның мақсаты өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, тілге шешен, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті, жан-жақты, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда пайдалана алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Міне, осы қажеттіліктер туындағаннан кейін мен осы курсқа келдім. Бұл бағдарламада ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің, тәжіри-белі ұстаздардың, тәлімгерлер мен тренерлердің көп жылғы тәжірибесіне негізделген.

жаңаша талап білімге.Мұғалім оқушылардың білім алуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынтамен кіріседі. Қандай салада еңбек етсең де жұмысыңның нәтижелілігі сапамен бағаланады емес пе? Олай болса, сапалы білім беруде бағдарламаның 7 моду-лін сабақта тиімді пайдалану өте орынды екен.

Ұлы неміс педагогі А.АДистервегтің: «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» дегені орынды айтылғандай. Менің сабағымның жүйесі түбегейлі өзгерді. Олай дейтін себебім, бұрын тақырыпты оқушыларға толық меңгерту үшін өзім көп материалды дайындап, оны толықтай түсіндіріп, оқушылардың ойлануы мен ізденуіне еш мүмкіндік бермейтінмін.

Ал қазір тіптен қызықты десем артық емес. Балалар топта, жеке және жұппен жұмыс жасай отырып өз еріктерімен ізденеді, ортақ шешім іздейді, өзгелерінің пікірімен санасады, өз әрекеттерін дәлелдей және қолдана алады. Сабаққа ынтасы төмен оқушылар да топта жұмыс жасау барысында өздерін еркін сезініп, өз ойларын ортаға салады. Олардың бойында өзіне деген сенімділік пайда болып, қателесуден қорықпайды.

Ал тіл сабақтарында оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына өте тиімді. Бала бойындағы жасырынып жатқан дарындылығы, икемділігі, өзгелерді ұйымдастырушылық қабілеті, тіпті көшбасшылығы айқын көрінеді. Олар өз шешімдерінің дұрыстығын дәлелдей отырып, сабақ барысында пайдаланады.

Оқушылар критерий бойынша бағалауды меңгеру арқылы өз жұмысын да, өзге сыныптастырының еңбегін де бағалай алатын болды. Қандай тапсырма оңай және қай тапсырмада қиындық туғанын анықтай алады. Өздеріне түсінуге кедергі болған жағдайларды анықтап, оның дұрыс жолын өзара ақылдаса отырып тауып, сұрақ қоя білуге үйренді.

Бұл оқушының ұстазымен де тең дәрежеде жұмыс жасауына жетелейді. Қызығушы-лықтары мен оқуға деген ынтасы артады. Алға жоспар құруға жетелейді. Тығырықтан жол табуға машықтанады. Өз білгенін өзгелермен бөлісуге дайын тұрады.

Сол себепті бұл жаңаша білім берудің әдіс-тәсілдері сапалы білімнің негізі болары хақ.
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні — өз еңбегіңнің нәтижесін көру сенің қанша баланы оқытқаның, қанша сыныпты жібергенің емес. Ол сенің өмірде оқыған-білгенін өз қажетіне пайдалана алатын, саналы да тың идеялардың иесі жасампаз болашақ иелерін тәрбиелеу.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017