Жаңа заманғы педагог

Ұстаз …. Ұстаз деген сөздің өзінде қаншама ұлылық, даналық жатыр десеңізші?! Осы сөз менің жүрегіме жақын естіледі.Естіледі – ау, тіпті жылылық нұрын құйып тұрады десем, артық айтқандық емес.Мен өзімнің ұстаз болғанымды мақтан тұтамын.Өйткені әрбір азаматқа білім бере отырып, мәңгілік жүрегінен орын ала білгенің, қандай бақыт?!

«Ұстаз болу – жүректің батылдығы» демекші, ұстаз болып, әрбір шәкірттің жүрегіне жол табу, тілін ұғыну, дұрыс бағыт-бағдар беріп, тәлім – тәрбие бере білу.Алғаш мектеп табалдырығын аттағаннан бастап,ұстаз бейнесі менің жүрегімнен ерекше орын алған болатын.Менің ұстаз болсам деген арманымның ұшқыны сол кезде алаулап, осы қиындығы мен қызығы мол ұстаздық өмірге жетеледі.Ұстаздық шәкірттің өміріне дұрыс жол сілтеу болып табылады. «Ұстаз болу өзгені аялау, уақытыңды аямау» деген ой осыдан туындайды.Уақытын шәкіртке көп бөлген жан жеңіске жетеді. Бүгінгі ұстаз қауымына қойылып отырған талапта та – осы.

«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,ал біліктілік сол білімді іске асыра білу» дағдысы деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мықты, білігі жоғары жаңашыл ұстаздар өмір талабына сай.Жас ұрпақты оқытуда оқушының тұлғалық деңгейін қалыптастыруда түрлі инновациялық әдіс- тәсілдерді кең қолдануды қажет етеді. Шәкіртке білім нәрін жылылықпен бере білуде аса қажеттілікті керек ететіні де белгілі.

жаңа заман педагогы туралы.Сондықтан мұғалім адал, ақкөңіл, мейірбан, ізденімпаз,шығармашыл, еңбекқор жан.

Елбасымыздың: «Ел ертеңі – білімді жастар» деп, бар үмітті жас жеткіншектерге артып отырған сәтте заман көшінен қалыс қалуымызға болмайды.Өйткені жаңа заман өзінің жаңа тұлғасын қалыптастырып, қоғамдық — әлеуметтік ортада өзін еркін ұстай алатын, жан – жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлғасын қалыптастырады.

Ал жаңашыл педагог тұлғасы қандай болмақ деген сұраққа жауап іздеп көрсеңіз,оны былай көрсете аламыз.

Әмбебап ұстаз болмысын анықтайтын технологиялық картасы мынадай:

мұғалім – рухани демеуші,мұғалім – программист,мұғалім – зерттеуші, мұғалім – эксперт,мұғалім – режиссер, мұғалім – тіл партнеры.

Міне, осындай икемдігі бар ұстаз – жаңа заманның айнасы.

Сондай-ақ, педагог ылғи ізденісте жүреді, үнемі оттан түспеген, қайнап жатқан қазан секілді. Адам үнемі жетілу үстінде болған да ғана кемелдене келе, заманына ілесе алады.Заманының адамы болады.

Менің бүгінгі ой толғамымдағы ұстаз бейнесі – осындай!

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы селосы,

КМҚК «Балдырған» бөбекжайы логопеді

Аукешева Нургуль Сағындыққызы.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017