Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Әже….немесе сағыныш

«Тіршілік» деген үлкен ұғымдағы қара мен ақтың ,күн мен түннің қатар жүруі сияқты фәни мен бақидың да үздіксіз өз жұмысын орындауы мүмкін біреулер үшін қалыпты нәрсе болуы мүмкін ал мен үшін бұл жолғы орындалысы көңіліме көлеңкесін ,көбірек түсірді.

Қазақ халқының қарты барды бар үйді қадірлейтін сан ғасырлық ұстанымы бойынша ма әлде өзіңнің бойыңдағы ұрпағыңа деген деген мейір шуағың ба әлденедей тылсым күш әсерінен мен өзіңе қатты бауыр басып өстім.

Менің бойымдағы саған деген махаббатым ба әлде өздерінен алыстатып саған деген сый құрметі ме әке -шешемде көп өздеріне мені тартпайтын еді.

Сен өмірден өткен соң жақынды жоғалту бар нәрсенің мүлдем жоғалуы деген әр нәрсені уақытында бағалау деген ұғымдарға мүлдем басқа түсінікпен қарайтын болдым.

Әже Әжетайым…..

Сен өмірден озғаныңа бірнеше уақыт өтсе де дәл бүгінгідей көз алдымда .Сенің абысын- ажындарыңның қазақ әдебиетінде кездесетін арнау жоқтау мен зарлай жоқтау әдісімен бір өзіңнің бойыңдағы асыл қасиеттерді термелегенде ,мен білмейтін дара қасиеттеріңнің көп екенін мойындағаннан көзден аққан жасымды тұншыға жұта отырып, басымды изей бердім.

әже туралы эссе.Сен мен үшін ақжаулықтылардың ішіндегі ең асылысың!

Сен мен үшін ұрпақ сабақтастығының мәңгілік бәйтерегісің!

Бүкіл әжелерге тән нәрсе ме әлде тек маған ғана осындайсың ба мен дегенде шығарда жаның бөлек екенін біліп алған соң, жорта қиғылықты салатын едім -ау.

Әр жылдың ,әр қыркүйек айына бата тілекпен аттанатын едім,міне, осымен екі жыл мені қыркүйек айы өз жылылығын сезіндіре алмады. Содан шығар қыркүйек айы мен үшін тұнжыраңқы, солғындау күз айларының біріне айналды. Бірақ ,Әже сенің даусың менің мәңгілік құлағымда.

Мен үшін сағыныш бейнесі сенсің!

Жұмашев Айзат Саламатұлы

10 «А»сынып оқушысы Опорный орта мектебі Бейнеу ауданы Маңғыстау облысы

Ұқсас материалдар

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017