Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жаны жайсаң, жігерлі ұстаз

a1

Ұстаздық еңбек жолын Опорный орта мектебінен бастаған әріптесім Жиенбетова Қарқара математика пәні мұғалімі. Ұстаздық етуден жалықпай, өмірін бала тәрбиесіне арнаған Қарқара, қарапайым, жаны жайсаң, жігерлі, талап қоя білетін жан.
Шәкірттерді тәрбиелеу мен оқытуда аянбай еңбек етуде. Ұстаздың шәкірттері аудандық, облыстық пәндік олимпиада жүлдегерлері.
Республикалық «Кенгуру», «Ақбота» сынды ойын байқаулардан ІІ, ІІІ орын алып жүрген шәкірттері Қарқара апайларын үлгі – өнеге тұтады. «Шәкіртім өзімнен озық болса екен…» дейтін Қарқара Кенесарықызы бойындағы бар білгенін шәкірт жүрегіне құя біледі.
Оқытып жүрген математика пәнін өмірмен байланыстыра отырып, логикалық есептер мен күрделі есептерді шығаруда ұстаз ерінбей еңбектеніп келеді.

a2

Мектеп бітірушілерді ҰБТ – ға дайындауда тестті түрлендіріп, шығару жолдарын үйретуде.

a3

Әр сабағын жаңаша әдістермен, оқушылардың деңгейлеріне қарай, технология түрлерін қолданады. Ж. Қараевтың ҮӘЖ технологиясын пайдалану арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Қарқара көп еңбектенетін ізденімпаз ұстаз.

loading...

Оқушыны зерттеп, математикаға бейім оқушыларды анықтап, дарынды тани білетін ұстаз. Қ. Жиенбетованың математиканы оқытуда еңбегі елеулі.
Әріптесім Қарқара Кеңесарықызы 2012 – 2013 оқу жылынан мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады. Оқушылардың білім көрсеткіштеріне назар аударып, тоқсан сайын әр сыныптан тест алып, қорытындысын жариялап отыруды әдетке айналдырды.

a4

a5

Қарқара ұжымдастыра арасында сыйлы, оқушыларының сүйікті ұстазы, жас мамандардың жанашыры.
2011 жылы ұстаздың еңбегі еленіп, республикалық «Сердце отданное детям» атты Құрметті кітапқа енді.
Білімі мен біліктілігі ұштасқан, ұйымдастырушылыққа қабілеті мол, жаны жайсаң Қарқараны мақтан тұтамын.

 

bbbБ. Аханова
Опорный орта мектебі, әдіскер

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016