Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Мектепте «Өзін – өзі тану» пәні бойынша жүргізілген ж ұ м ы с т а р.

Жариялаған Физика пәні мұғалімі Аханова Батима
/
12 Июн 2013
Комментарии к записи Мектепте «Өзін – өзі тану» пәні бойынша жүргізілген ж ұ м ы с т а р. отключены

2012/13 оқу жылында аудандық білім беру бөлімінің 2011 ж 24.08 №806 хатына орай мектеп директоры З. Бектембаеваның №44/І нқ 31.08.2012 ж бұйрығымен төмендегі мұғалімдер «Өзін – өзі тану» пәнінен сабақ берді. МАД тобына 1 сағаттан М. Ищанова мен Г. Кадирбаева, А. Есениязовалар, 2,3,4 сыныптарда Ж. Шоналбай, және 5-7 сыныптарға Ж. Кушекбаева мен 8-11 сыныптарға Б. Аханова тағайындалды. Оқу жылында кейбір мұғалімдердің декреттік демалысқа шығуына байланысты Г. Қосымбаева мен К. Кожановалар сабақ өткізді.

Мұғалімдер сабақтың ерекшелігін ескере отырып, жаңа технология мен жаңа әдістерді қолдана білді. Білім жетілдіру курстарынан өткен. Пәнге арналған кабинет жұмыс жасайды. Кабинетке қоятын талаптар орындалады.

2011 жылы кабинет құжаттандырылды. Пән мұғалімдерінің 3 – і «Самопознание.kz», 3 – і «Өзін – өзі тану» журналдарына жазылды.

Пән сабағын ұйымдастыруда жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты басшылыққа алынды.

2010 жылдан бері пәнге арналған 3 папка және әр сынып оқушыларының, пән мұғалімдерінің жеке партфолиосы жасақталды.

* «Өзін – өзі тану» пәні бойынша нормативтік құжаттар;

* «Өзін – өзі тану» пәні бойынша атқарылатын жұмыстар;

* Оқушы шығармашылығы;

Осы оқу жылында жылдағыдай мұғалімдердің сапалық құрамы шығарылып, жұмыс жоспары бірлестік отырысында таныстырылды. (хаттама №1, 24.08.2012ж) пән кабинетін безендіру, көрнекілікті толықтыру жұмыстары жүргізілді.

Пән мұғалімдері оқушылардың тізімдерін шығарып, оқушы шығармашылығын алға қойды.

Қараша айында «Өзін – өзі тану» пінінің берілісі тексерілді.

Жылдағыдай ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, сыныптан тыс жұмыстар белгіленіп, жоспарға енді. Қарашада өтілген «Өзін – өзі тану» пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты дөңгелек үстелді әдіскер, пән мұғалімі Б. Аханова өткізді.

loading...

22.11.2012 жылы «Денсаулықтың 10 құпиясы» тақырыбында тренинг сабақ, 18.10.2012 жылы 8 сыныпта «Менің Қазақстаным» ашық сабақ, 06.03.2013 жылы мектепішілік «Ана – өмір шырағы» атты презентация жасаушылар сайысына Т. Ғиниятова қатысты.

Мектепте 11 – 20.02 аралығында С. А. Назарбаеваның туған күніне орай шаралар ұйымдастырылды.

Тоқсанына 1 рет пән мұғалімдерімен пікірлесілді. Пән мұғалімдері өзара сабаққа қатысып, тәжірибе жинақтады. Жас мамандарға көмек күні белгіленді. Осы оқу жылында Г. Қосымбаева мен Б. Аханова білімдерін жетілдірді.

11.11.2012 жылы 5 сыныпта Ж. Кушекбаева «Сөйлесе білу де өнер» тақырыбында ашық сабақ берсе, 27.02.2013 жылы Г. Қосымбаева «Жақсылық пен жамандық» және З. Жұмабаева «Менің сыныбым – менің ұжымым» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді.

«Өзін – өзі тану» пәні мұғалімдерінің аудандық семинарында Г. Қосымбаева «Өнерлі бала – сүйкімді» тақырыбында ашық сабағын көрсетті.

«Бала құқығы туралы халықаралық Конвенция» бойынша «Балалар құқығы» тақырыбымен құқық пәні мұғалімі Н. Кенжеғұлова оқушыларға видео – роликтер көрсетті.

Аудандық «Рауан» газетіне 26.01.2012 ж №4 (2027) санында әдіскер Б. Аханованың «рухани тәрбие ұлағатты іс» атты мақаласы жарияланды.

2012 жылы аудандық «Өзін – өзі тану» пәні кабинеттерінің сырттай байқауында ІІ орын, 2013 жылы ІІІ орынды кабинетіміз иеленді. Кабинет жетекшісі Г. Төрешова ізденімпаз, іскер мұғалім.

2012 жылы Г. Төрешова «Өзін – өзі тану – өмірді тану» тақырыбындағы мақаласын баспасөзге ұсынды.

2012 жылы «Өзін – өзі тану» пәні бойынша мектеп психологі Ә. Тасмағанбетованың «Білім беру саласында жеке тұлғаның рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбындағы мақаласы республикалық ғылыми – практикалық конференция жинағына енді.

2010 – 2013 жылдарда пән бойынша жасалған жұмыстар туралы мәліметтер мен мониторингтер шығарылды.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016