Бағалау және бағалау критерийі

Коучтің аты-жөні: Әлімбетова Индира Амангелдіқызы
Жұмыс орны: Шиелі кенті,№ 48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейі
Қызметі: физика пәнінің мұғалімі
Деңгей: Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасының бітірушісі, 2013 жыл.

Коучинг-сессия тақырыбы: Бағалау және бағалау критерийі
Топтар: мектеп мұғалімдері(3 топ,15 адам)
Мақсаты: Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу- оқыту,сапасын жақсарту мақсатында бағалау және бағалау критерийі жөніндегі түсінік бере отырып,ішінара қолдануға жаттықтыру.
Міндеті:Мектеп мұғалімдерінің оқыту үдерісі кезінде бағалау түрлерін,ерекшеліктерін қолдана алуға ықпал ету.

Күтілетін нәтиже:Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалайды, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып, оқу сапасын арттырады
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:көрнекі-ақпарат(презентация),ішінара ізденіс(зерттеу барысындағы сұхбат),топтық,жұптық және жеке жұмыстар ұйымдастыру,денсаулық сақтаушы тенологиялар(сазды сергіту,тренинг).
Қажетті жабдықтар:интерактивті тақта,презентация,ватман қағаздары,маркерлер,түрлі түсті стикерлер.
критериалды бағалау
Коучинг-сессия жоспары
06.01.2017 ж
Кезеңдер Коучтің іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті Уақыты
Ұйымдастыру кезеңі

Смайликтер арқылы топқа бөлу Коуч қатысушыларға түрлі түсті смайликтер тарата отырып,топтарға орналастырады. Қатысушылар смайликтердің ішінде жазылған сөздермен ерекшеліктеріне қарай топтарға бөлініп,сәйкес үстелдерге отырады. 3 м

«Миға шабуыл» «Менің бойымдағы ең,ең,ең… »
Мақсаты: қатысушыларды коучинг-сессияда қарастырылатын тақырыпқа шақыру.
Бағалау:бағалау критерийін құра алу,қолдану

Жаттығу«Менің бойымдағы ең,ең,ең…» Бір параққа әрбір қатысушы өз бойындағы ерекшелікті,қасиетті, жазады.Содан кейін қағаздан ұшақ жасап шеңбердің ортасына ұшырады.Шеңбердің ортасына қонған ұшақтардың бірін әрбір қатысушы алып,қайтадан ортаға тастайды.Қайта ортадан ұшақтар алынып,ұшақтарды ашып ішіндегі сөздерді оқып шығады да ол кім жайлы айтылғандығын анықтау ұсынылады.

Жаттығу аяқталғаннан кейін талқылау жүреді.Әркім өз бойындағы ерекшелікті табу қаншалықты қиын болды,өзімді қаншалықты жақсы білемін,мені басқа адамдар қандай адам деп ойлайды,сізге басқа адамның қасиеттерін телігенде қандай сезімде болдыңыз?-деген сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбиді де сабақтың тақрыбын ашады. 7 м

Презентация. «Кішкентай денелердің өлшемдерін анықтау»тақырыбындағы сабақ барысындағы бағалау критерийімен таныстыру

Мақсаты: Әріптестерге оқушыларды бағалаудың түрлері мен бағалау критерийлері туралы ақпарат беру
Коучтің кіріспе сөзі
(презентация).

Сабақ мақсатын қалай қоямыз?
Күтілетін нәтиже қандай болмақ?
Баланы бағалау керек пе ,әлде баланың жұмысын бағалау керек пе,оны қалай оңай бағалауға болады?
Қатысушы мектеп мұғалімдері арасында кәсіби байланыс орнайды, тәжірибенің табысты жағымен бөліседі,бағалаудың түрлерімен танысады,ортақ проблемалар қарастырылады,әдістемелік көмек алады 15 м

Рефлексия.
Мақсаты:Коучингтің өз мақсатына қаншалықты жете алғандығын білу.
Қатысушыларға коучинг барысында көрген-білгендерін және естігендерін зерделеуге,саралауға ықпал ету.
Әдісі: кәрзеңке,портфель ет тартқыш Тақтаға кері байланыс парағы ілінеді.Онда кәрзеңке,портфель,ет тартқыш суреті салынған.Өз ойларын осы суреттерге жапсыру арқылы кері байланыс жасау ұсынылады. Қатысушылар өз ойларын стикерді қажет деп тапқан суреттің астына жапсыра алады.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

комментариев 8 Пікір қосу

  • Жеті модульдің бірі -бағалау. Бағалауға арналған коучинг қысқаша жазылыпты, тақырыпқа сай бағалау критерийлерін байқамай тұрмын. Бағалау критерийлері енгізілсе тіптен тамаша болар ма еді.

  • коучинг сиссияның құрылымы ұнады. әсіресе, Әркім өз бойындағы ерекшелікті табу қаншалықты қиын болды,өзімді қаншалықты жақсы білемін,мені басқа адамдар қандай адам деп ойлайды,сізге басқа адамның қасиеттерін телігенде қандай сезімде болдыңыз? деген ашық сұрақтары ерекше болды. Жұмысыңызда сәттілік, шығармашылықтың шыңынан көріне беріңіз!

  • тапсырмасы берілмегендіктен бірдеңе айту қиын екен, тапсырмасы болса оны былай бағалады десе нақты дәләелдемесі болса

  • Коучинг жоспарындағы «Менің бойымдағы ең,ең…» деген жаттығу әр баланың өзі туралы және басқалар туралы ойын білуге және өз ойын айтуға үйретеді деп ойлаймын. Бағалау түрлері және бағалау кретерийлері қазіргі кезде сабақта үлкен мәселе, сол үшін де бағалау туралы әлі де толық білгім келеді.

  • Құрылымы жақсы. Бірақ бағалау критерийлер болған соң топтарға берілген тапсырмалар және сол тапсырмаларға құрылған әр топтың критерийлері көрсетілсе нақтырақ және ұғынықты болар еді.

  • Бұл өте қажетті материаал секілді, өйткені мақсатты анықтамай оған қалай жетуге болады, өте жақсы, маған ұнады

  • Коучинг барысындағы маған қатты ұнағаны «менің бойымдағы ең, ең» жақсы қасиеттерді табу деп ойлаймын. Себебі адам баласы мінсіз емес қой, дегенмен де көпшілікке жағатын қасиетімізді дөп басып айта алмасымыз анық. Ал бағалауға келсек, біз оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалаймыз. Автордың осы көзқарасы ұнады.

  • Коучинг жоспарындағы Әдісі: кәрзеңке,портфель ет тартқыш Тақтаға кері байланыс парағы ілінеді.Осы тұсы маңызды деп ойлаймын.Мен биыл 1-сынып алатын болғандықтан,осы бағалау тәсілдері туралы көбірек білгім келеді.Нақты бір сабақты алып,бағалау тәсілін қолданып көрсетсеңіз керемет болар еді.Мақалаңыз ұнады.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017