Денелердің жүзу шартын тексеру

Сабақ жоспары
Сынып: 7 « А» Пәні: Физика күні: «11» наурыз 2017 ж
Тақырып: Денелердің жүзу шарттары. №6 зертханалық жұмыс.

Негізгі идея: Сұйық ішіндегі денеге ауырлық және кері итеру күші әсер ететіндігін, егер осы күштердің бірі көп болған жағдайды тәжірибе жасай отырып,көз жеткізу.

Оқу мақсаты: денелердің жүзу шарттарының тұжырымдамасын біледі, сұйық ішінде жүзіп жүрген денеге әрекет ететін ығыстырушы күштің шамасы неге тең екенін түсінеді,дененің сұйықта жүзу шартының дұрыстығына көз жеткізеді.

Табыс критериі

Барлық оқушылар Оқушылардың көпшілігі
Жекелеген
Оқушылар
Денелердің жүзу шарттарының тұжырымдамасын біледі, дененің жүзу шарты жайлы мағлұмат алады.

Сұйық ішінде жүзіп жүрген денеге әрекет ететін ығыстырушы күштің шамасы неге тең екенін түсінеді Дененің сұйықта жүзу шартының дұрыстығына көз жеткізеді,баға береді
Сабақ кезеңдері Мұғалім не істейді? Оқушылар не істейді? Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі.
(3 минут) Сабақ мақсатын анықтау үшін сұрақтар бердім.
Оқушыларды топтарға тақырып бойынша формулалар арқылы бөлуді ұйымдастырады. Сабақта жұмыс жасауға дайындалады.

Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.Сабақ мақсатын анықтауға талпынады,
жекелеген оқушылар сабақ мақсатымен қатар міндеттерін анықтайды. Өз ойларын ортаға сала отырып, топтарға бөлінеді Қағазға жазылған формулалардың қиындыларын құрастырып топтарға бөлінеді
Білімді, Білуді, Дағдыны тексеру

(4 минут)Оқушылардың тақырыпқа сай білімдерін еске түсіру үшін жүгіртпе сұрақтар қоямын Өткен материалдарды еске түсіреді.
Бір-бірінен білім алуға ынталанады
Бұрынғы базалық білімдерін көрсетеді
Жаңа материалды игеруге дайындау
денелердің жүзу шарты
(6 минут) Тақырыпқа сай базалық білімді пайдаланып жаңа тақырыпты ашуда бейнеролик көрсетемін. Бейнероликтегі жұмысты топта талқылап, кеңірек түсінік беру.

Жұмыстың негізгі мақсатын түсінеді.
 Денелердің жүзу шарттарын атаңдар
 Дененің сұйық бетінде қалқуының шартын атаңдар.
 Дененің сұйық ішінде жүзіп жүруінің шартын атаңдар
 Дененің сұйыққа бату шартын атаңдар презентация
Жаңа білімді игеру

(8 минут)Тапсырманы өз беттерінше оқып,
нұсқаумен танысуға ұсыныс береді. Тәжірибенің жасалу барысымен және нұсқаумен танысады. Аудиал,визуал,
кинестетиктер болып бөлінеді.

Түсінуін тексеру
Берілген нұсқау бойынша тәжірибені жасауға тапсырма береді. Берілген тапсырманы нұсқауға сүйене отырып,тобымен талқылып,жұмысты жасап көреді.Өз түсінгендері бойынша жасап,кеткен кемшіліктерін анықтайды, түзейді. Өз қалаулары бойынша жасаған тәжірибені түсіндіреді

Жаңа материалды бекіту
(5 минут) Жасаған тәжірибе бойынша алған нәтижелерді кестеге түсіруді және есептеулер жүргізуді ұсынады. Жасаған тәжірибе бойынша алған нәтижелерді кестеге түсіреді және есептеулер жүргізеді.

Кесте
Үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқау
(2 минут) §44 қайталау. Орындау әдістемесін түсіндіру Күнделіктеріне тапсырманы жазып алады
Дәптерге орындалу әдістемесін жазып алады
Тапсырманың орындалу жолымен бөліседі Күнделік
Қорытынды-сын шығару

(2 минут)
Сабақ мақсатына жетудің қаншалықты табысты болғанын анықтау үшін критерийге сай бағалау жүргізуді ұйымдастыру. Сабақ барысында орындаған жұмыстарын талдайды, өзін-өзі бағалайды.
Стикерлер
Тексерілді: Ә.Оңғарова Жетістік критериі

№ критерий дискриптор ұпай саны
1 Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды біледі Архимед заңының тұжырымдамасын біледі.

2 Тәжірибеге қажетті құралдарды пайдалана алады. Тәжірибені берілген нұсқауға сай ретімен орындайды,түсінеді,қорыта отырып,нәтижені кестеге жазады.

3 Ұсынылған кестемен жұмыс жасай алады. Тәжірибеден алынған кестедегі өлшеулер нәтижесін пайдаланып,есептеулер жүргізеді.Теориялық білімін жасалған тәжірибемен салыстырады,оның дұрыс немесе бұрыстығына баға бере алады. 1

Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар:

Не сәтті болды?
Не сәтсіз болды?
Нені жақсартуға болады?
Нені өзгертуге болады?

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

комментария 3 Пікір қосу

  • аудиал визуал кинестетик деп бөлемін дейсіз зертханаға кіргізуде уақыт үнемделмей қалмайма?

  • Сабақ өте күрделі әрі қызықты. Тәжәрибе арқылы теориялық білімдерін дәлелдеп, қорытындылаған.Кретерий бойынша оқушылар бағаланған. Әдістер ұтымды пайдаланылған.

  • сабак қызықты етип құрылған. оқушылар қызығып қатысады деген ойдамын

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017