Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

2013-2014 оқу жылындағы Информатика пәнін оқытудағы өзгерістерге рефлексивтік есеп

Рудный қаласы «№7 орта мектебі» КММ

2013-2014 оқу жылындағы Информатика пәнін оқытудағы

 өзгерістерге рефлексивтік есеп. 

    Жаңа оқу жылының 2 тоқсанынан бастап мектеп әкімшілігі  және сертификатталған мұғалімдер тобымен мектептің даму жоспары құрылды.

Мектептің даму жолындағы тақырыбы:  «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді меңгерту арқылы 9 сынып оқушыларының  қызығушылығын көтеру».

Жұмыстың  жүргізілудегі мақсаты: Білім берумен білім алудағы жаңа тәсілдерді енгізе отырып мұғалімнің кәсіби денгейін көтеру арқылы оқушының білім жетістігін жоғарлату.

Мектептің даму жоспарының басымдылықтары:

Оқушылар:

  • сабақ үрдісінде қолданылатын технологиялардың  нәтижелі болуының екіталайлығы;
  • мұғалімдердің сабақ берудегі қолданатын  тәсілдерінің  оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыруға ықпалының біркелкі болмауы;
  • оқушыларды ынталандыру және ішкі — сыртқы уәжін  тудырудың қажеттілігі;
  • оқушылардың арасында өзара бірігіп жұмыс істеу дағдысының нашар қалыптасуы.

Мұғалімдер:

  • оқу үрдісінің оқу-тәрбие барысындағы сапалылығын арттырудағы тиімді технологияларды қолданудың нәтижесіндегі динамиканың аумалы-төкпелілігі.

Ата – ана:

  • ата-анамен ынтымақтастық қарым — қатынастың әлсіздігі;
  • өз кезегінде ата — аналардың мектеп өмірімен қызықпайтындығы және өздеріне жауапкершілік алғылары келмейтіндігі анықталды.
  • Нәтиже және табыс критерийлері:
  • деңгейлік курс  модульдерін пайдалану арқылы білім сапасы арттырудың тиімді жолдарын анықтау.
  • 9 сынып оқушыларының  информатика пәніне деген қызығушылықтарын және білім сапасын  жаңа тәсілдер арқылы;
  • Коучингтерге қатысу  арқылы  педагогикалық кәсіби деңгейді көтеру ;
  • Lesson study зерттеулері арқылы А,В,С деңгейлі оқушылармен нәтижелі жұмыс жолдарын анықтау.

2 тоқсаннан бастап 9 «А» және «Ә» сыныптарында  барлығы 8 сабақтан тұратын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілді.  Сабақтар  мақсаты SMART  әдісі арқылы анықталып отырды.

Оқу нәтижесі ретінде оқу және оқыту үшін бағалауды ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқу үшін ұйымдастыра отырып, информатика пәнінің білім сапасының көрсеткішін жоғарылатуды белгіледім. Негізгі идея деңгейлік бағдарламаның негізгі жеті модульді ықпалдастыра отырып, табысты  оқыту мақсатына жету.

Оқушылардың сыни ойлау және ізденушілік дағдыларын қалыптастыру менің алға қойған мақсаттарымның бірі болып табылады және осы мақсатқа жету үшін оқушының өзін өзі реттеп, өз біліміне айқын баға қоя білуінің маңызы зор. Осындай міндеттерді шешу үшін танымдық іс-әрекетті реттеу арқылы сын тұрғысынан ойлауды жетілдіретін  жоба құру технологиясы негізінде өзін өзі реттеу арқылы білім мақсатына жету.

Әр сабақ  ынтымақтастық атмосферасындағы жұмысты қамтамасыз ету үшін тренингтен басталып отырады. Сабаққа балалардың  ми қызметінің белсенділігін ояту мақсатында сын тұрғысынан ойлауды жетілдіру мақсатында проблемалық сұрақтар және «Миға шабуылдан»  сияқты сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары қолданылп отырды.  Келесі кезеңде үй тапсырмасын тексеру, оқу үшін бағалау үшін көбіне  тест немесе білімді бағалау және бақылау жұмыстар түрі қолданылып отырды. Тапсырманы орындауға берілген уақыт өтісімен ұсынылған бағалау және бақылау жұмысының нәтижесі  алдын-ала анықталған критерийлер бойынша бағаланып отырды. Тесттен соң пазлдар, суреттер, геометриялық фигуралар және т.б.  арқылы оқушылар 2-3 топқа бөлініп отырды. Жаңа сабақ тақырыбын зерттеуге жоба құру, тапсырмалар жиынын орындау  ұсынылып отырды.   Әр топ мүшелері сабақ барысында жұппен және топпен, индивидуалды  жұмыстарға тартылды. Тапсырмалардың орындалу уақыты көрсетіліп және уақыттың жүруі оларға хабарланып тұрылды. Уақыт өтісімен тапсырмалар ұсынылған критерийлер бойынша бағаланып отырылды. Осы арқылы оқу және оқыту үшін бағалау идеясы іске асырылды. Сабақ соңында әр топ келесі топтың жұмысын бағалап өз пікірлерімен бөлісу жүргізіледі. Әр сабақ соңында міндетті түрде рефлексия жүргізіледі. Сабақтарда  ашық сұрақтарды аз қолдану барысында  сұрақтарымның көбі ойлаудың төменгі деңгейін іске қосқандығын көрсетеді. Бұдан кейін мен ашық сұрақтарды көбірек пайдалана бастадым, ал бұл болса балалардың, Блум таксономиясы бойынша, қолдану мен талдау деңгейіндегі ойлауын іске қосты. Осындай араласу балалардың ең жоғарғы ойлау деңгейін – жинақтау (синтез) және бағалауды — дамытуға әкелген жоқ, дегенмен төмен деңгейде ойлау көрсеткіші төмендегенін көрсететін дәлелдемелер бар.

Осындай тәсілдерді қолдану арқылы Деңгейлік бағдарламаның 7 модулі: Жаңа әдістерді қолдану, оқу және оқыту үшін бағалау, басқару және көшбасшылық, дарынды және талантты балалармен жұмыс, АКТ қолдану, жас ерекшеліктерін ескеру  және сыни тұрғыда оқыту іске асырылып отырды.

Сабақтар  соңында күтілген нәтиже:  Оқу және оқыту үшін бағалауды ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқу үшін ұйымдастыра отырып, информатика пәнінің білім сапасының көрсеткішін жоғарылату.

loading...

Алынған нәтиже: Оқу және оқыту үшін бағалауды ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқу үшін ұйымдастыра отырып сын тұрғысында ойлау,   көшбасшылық және басқару, дарынды және талантты оқушыларды оқыту және т.б. деңгейлік бағдарламаның идеялары жүзеге асырылды.

Туған қиындықтар:

  • тренингтер өту барысындағы тәртіптің нашарлауы;
  • әділ бағалаудың қиындығы;
  • оқушылардың жауабы толық емес,
  • өзін-өзі әділ бағалаудың әлі үйреншікті еместігі;
  • уақыттың жетіспеушілігі.
  • бір оқушының оқуға деген немқұрайлылығы;
  • оқыту кабинетінің сабақты өткізуге ыңғайсыздығы.

Сабақтарға қойылған міндеттерім:

  • сабақты информатика кабинетінде өткізу жолдарын қарастыру;

оқушының қызығушылығын анықтау.

 

Сабақтарға қойылған міндеттерім:

  • Сын тұрғысында ойлау стратегияларын үнемі қолдану;
  • Бағалаудың критерийлерін бірігіп, нақты қылып  құруға үйрету.
  • деңгейлік бағдарламаның негізгі идеяларын үнемі қолдану.
  • уақыттың жетіспеушілігі.
  • Бағалаудың критерийлерін  құруды үйрету.
  • деңгейлік бағдарламаның негізгі идеяларын үнемі қолдану.

Оқу нәтижесі ретінде оқу және оқыту үшін бағалауды ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқу арқылы ұйымдастыра отырып, деңгейлік жұмыстар арқылы информатика пәнінің білім сапасының көрсеткішін жоғарылатуды белгіледім. Негізгі идея деңгейлік бағдарламаның негізгі жеті модулін ықпалдастыра отырып, ынтымақтастықта бірлескен оқу арқылы белсенділігін арттыра отырып табысты  оқыту мақсатына жету.

Сонымен сабақтар барысында Lesson Study әдісін қолдана отырып, А,В,С деңгейлі оқушылар бақыланып, олардың білім сапаларын арттыру мақсатында әртүрлі педагогикалық әдістер қолданылып бақылаулар жүргізілді.

       Lesson Study тәсілі тиімділігі мұғалімдерге:

• әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге;

• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге;

• оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге;

Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P. 2011a);

Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Бақылаулар нәтижесі қортындыланып, тиімді тәсілдер анықталып қолданылды. Әдіс арқылы әртүрлі деңгейлі оқушылардың білім деңгейін жоғарылатулары  айқын көрінді.                             Сабақтар барысында  оқушылардың іс-әрекеттеріне зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер арқылы тиімді жаңа тәсілдер анықталды. Жаңа тәсілдерді қолдану барысындағы инновациялық заманауи технологиялар зерделенді.

mm1

Мектептің даму жоспарын іске асыру барысында болжаулы білім сапасындағы өзгерістер байқалды. Өзгеріс оқушылардың сабаққа деген ішкі уәжінің қалыптасқанын көрсетті. Сонымен қатар, 9 «А» , «Ә» сыныптарында пән бойынша білім сапасы жоғарылады.

mm2

Информатика пәні бойынша 9 А және 9 Ә сыныптарында, сәйкесінше I тоқсанда  сапасы-37,93% және, 55,17% , үлгірімі -100% көрсетсе, ал екінші тоқсанда сапасы- 51,72% және 82,76 %,  үлгірімі-100 %, ал үшінші тоқсанда сапасы- 59,12% және 84,16 %,  үлгірімі-100 %  пайызды көрсетті. Білім сапасының жоғарылауы айқын байқалады. Информатика пәні бойынша өтілген материалдар бағдарламалау, яғни күрделі тақырыптар болса да, білім сапасының оң динамикасы көрінді.

m3

 

Іс-тәжірибеме өзгерістер енгізе отырып және балаларды оқыту жөнінде дәлелдемелерді жинай отырып, жоспарлаған өзгерістер енгіздім.  «Белгіленген» барлық балалардың білім алғандығы туралы дәлелдемелерді жинақтай алдым.  Жұмыс барысында тәжірибеге енгізген өзгерістерді зерделеп, толықтырып отырамын.

Осы өзгерістерді енгізуді жалғастырамын. Өзгерістерді тек қана оқу үрдісінде ғана емес, тәрбие жұмысында да қолданамын. Өз тәжірибемнің үнемі заман талабына сай өзгеріп отыру қажеттігін байқадым. Өзім қолданған тәсілдерді әріптестеріммен бөлісіп, өзгерістер енгізуге шақыруды жоспарлаймын.

   Информатика пәнінің екінші санатты,  үшінші(негізгі) деңгейлі мұғалімі  Мамаева Арайлым Серікбекқызы


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментариев 6 Пікір қосу

  • Информатик мұғалімдер компьютердің құлағында ойнағанымен, «ұста пышаққа жарымайдының кері» келеді,сізге үлкен рахмет жақсы,керемет деңгейлік курс аясында жасалынған жұмысынызға.

  • Мектептің толық даму жоспарын табу керек еді

  • Деңгейлік курс бағдарламасын нәтижелі іске асыруыңыз байқалады. Еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын!

  • информатика пәні мұғалімдері үнемі мектептің қосымша жұмысынан қолымыз босамай жатады, соған қарамай осындай жақсы есеп жазыпсыз керемет. енді мен де осылай өз жұмысыма есеп беруге бел будым. Мектептің даму жоспарын түбегейлі дұрыс жасай алмай жатырмыз, үлгі ретінде сіздің мектебіңізде жоспар қалай жасалды бөлісе аласыз ба? Рахмет

  • керемет рефлексивті есеп жазыпсыз әріптес!

  • үнады,өте тамаша

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016