Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат

Сыныбы:жетінші

Пәні:Физика және астрономия

Сабақтың тақырыбы: Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат

Мақсаты:

а) Білімділік  мақсаты:оқушыларға механикалық  жұмыс  және нақты жұмыстар, қуат  жөнінде  кеңінен мағлұматтар  беру.
ә) Тәрбиелік мақсаты:Оқушыларды танымдық және практикалық іс-                                    әрекетте  дұрыс  әдіс-тәсіл  жасауға үйрету. Еңбекке  ынталылыққа  және қиындықтарды  жеңуде ұқыптылыққа  , табандылыққа, үйрету.
б) Дамытушылық мақсаты: Физикалық   теориялардың, олардың элементтерінің,  ұғымдардың модельдерін, заңдарын қолдану,   шекаралары туралы білімді қалыптастыру.  Сабақтың әдісі:
Сабақта қолданылатын техникалық құралдар: Интерактивті тақта, кесте, бағалау парағы, түрлі – түсті фигуралар
ПАБ:  табиғат-астрономия, биология, бүгінгі  өмірмен

Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасы.

  • Ø Су көлігі дегеніміз не және олардың қандай түрлерін білесің?
  • Ø Кеменің шөгімі, ватерсызығы, су ығыстырымы деп нені айтамыз?
  • Ø Неліктен ауа шарлары жылытылған ауамен, сутегімен немесе гелиймен толтырылады?
  • Ø Шар – зондтар қандай мақсатпен ұшырылады?
  • Ø Алғашқы ауа шарлары мен қазіргі ауа шарлары түрлерінен қандай айырмашылықтарды айта аласың?

Жаңа материал: ЖҰМЫС, ҚУАТ

Ой қозғау: Алыптың қуаты – халықта, халықтың қуаты – бірлікте,- деген бұрынғы ән ұранымыздағы сөзді қалай түсінеміз?

Халқымызда : Аман-есен, қуаттысың ба? Жұмысын қалай?- деп сұрап жатады. Сонда, жұмыс, қуат,деген ұғымдар физикада нені білдіреді?

Тұрмыста  және техникада жұмыс деген  ұғым жиі қолданылады. Мысалы, аққан су мен  соққан желдің де,құмырсқа мен бал арасынын да жұмысы туралы айтуға болады. Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда  атқарылған жұмыс механикалық жұмыс деп аталады. Денені қозғалту үшін оған басқа дене белгілі бір күшпен әрекет етуі керек. Түсірілген күштің бағыты дененің  қозғалу  бағытына  сәйкес келсе, онда оның орнын ауыстыруы жүрілген жолға  тең болады. .Сондай-ақ дененің орын ауыстыруы өскен сайын атқарылатын жұмыс та өсе береді. Мұндай пайымдау күнделікті өмірлік тәжірибеден  туындайды.

Сөйтіп, дененің  қозғалу бағытында әрекет ететін  күштің механикалық  жұмысы күшке де,жүрілген жолға да тура пропорционал өседі.

Жұмыс = күш* жол
Жұмыстың өлшем бірлігіне  1 Н күштің 1 метрге жылжытқандағы  жұмысы алынады.
1 килодж=10 3 Дж1 милли Дж= 10-3Дж
1 микроДж =10-6 Дж1 МегаДж= 10 6 Дж

A=F*s     F=A/s     s=A/F

makala787

Тест

«Дұрыс жауапты таңда» /тест/./5мин/ 16,17,18 слайд

1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.

loading...

А)   А =        В)     А =  F · S       С)    А=       Д)   А= F·t

2. Қуаттың  анықтамасына сәйкес  формуланы көрсет?

А)   N=           В) N=           С)     N=         Д)    N=

3.  ХБ жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?

А) Па       В) м/с    С) Дж     Д) Вт

4. Қуаттыі ХБ жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?

А) Па       В) м/с    С) Дж     Д) Вт

 

5. 5 мВт-та  қанша   ватт  бар ?

А)     5·10-3 В        В) 10-3 Вт     С) 5·10-3 Вт      Д) 5·10-6   Вт

6.   1 мк Дж –да қанша джоуль бар?

    А)    0,000001 Дж        В)   0,001 Дж       С)   1000000 Дж

Сұрақ-жауап:

1.Тұрмыста жеке адамдардың жасаған еңбегін  не деп  атайды?

 Жауабы: Жұмыс

2. Механикалық жұмыс дегеніміз не?

Жауабы: Дененің  бір орынынан  екінші  орынға  қозғап апаруда күштің істеген жұмысы механикалық жұмыс  деп аталады. А — жұмыс

3. Жұмыстың орындалу тездігін сиппаттайтын шаманы қалай атайды?

Жауабы: Бұл физикалық шама қуат деп аталады?

4.Механикалық  жұмыс кезінде дененің орын ауыстырудың жүрілген жолға тең болу себебі неде?

Жауабы: Түсірілген күштің бағыты дененің қозғалу бағытына сәйкес болуына байланысты.

5.Жұмыстың формуласын көрсет

Жауабы:    А = F*S ;       жұмыс =күш*жол

6. Екі бала бірін-бірі шанамен сүйреді. Бұл жағдайда  олар механикалық  жұмыс  істеді ме?

Жауабы: Олар механикалық жұмыс жасады, өйткені  олар  күш  жұмсап, орын ауыстырады.

7.Массалары әр  түрлі екі қыз  бала  баспалдақпен  жарыса жүгіріп, үйдің  үшінші қабатына  бір мезгілде көтерілді. Бұл  жағдайда  олар бірдей  қуат өндірді  ме?

Жауабы: Екі қыз баланың өндірген қуаты  бірдей емес,себебі қуат  уақытқа және жасалынған жұмысқа  тәуелді .

Үйге тапсырма: §51,52

  • Ø   28-жаттығу(2)
  • Ø  29-жаттығу(1,4)
  • Ø Тақырыптың соңындағы есеп шығару мысалдарын дәптерге көшіріп келу

Шығармашылық жұмыс:

  • Ø Джеймс Уатт жайында деректер жинау
  • Ø Қуатты қозғалтқыштар туралы рефераттар жазу.

Оқушыларды бағалау:

Р/с

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

№1 тапсырма

(кесте)

№2 тапсырма

(есеп)

Тест «Дұрыс жауапты тап»

Сұрақ-жауап

Қорытынды

1              
               

 

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 2 Пікір қосу

  • сабақ үздіктер сайтына сай емес,қарапайым сабақ

  • Біреудің еңбегін бағалайық бір-бірімізге сыйластықпен қарайық неге ойлай дейсіз?

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016