Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жас мамандар – мақтанышымыз

Жариялаған Информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана
/
8 Июн 2013
Комментарии к записи Жас мамандар – мақтанышымыз отключены

2012 жылдың 5 қыркүйегінде ел Президенті «Назарбаев университетінде» «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында дәріс оқыды. «Ықылым замандардан қалған «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген сөз бар. Қазақтың бұл мақалының өзектілігі бүгінгі күні айрықша болып отыр. Бұл заман – білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке жаратып, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр – қайрат пен ерік – жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі. Ақыл – ой – азаттығымыздың алдараспаны» деген көреген ойларымен өз лекциясын көркемдеген Елбасы «Біз – өрлеуді өмірінің өзегі еткен халықпыз» деп ұран тастап, мемлекет қорғаны, болашақ бақытын жасаушылар жастар деп міндет артты.
Жаңа ғасырда жаңа өмірге аяқ басқан жастар, жас мамандар, әсіресе, жас ұстаздар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Өмірдің қыр – сырын, қиын – қыстау жолдарын терең біліп, тығырыққа тірелген сауалдарға, тез арада шешу керек ететін мәселелерге дайын болса, тіпті құба – құп.
Осы бағытта алтын ұя мектебімізде жастардың өмірге өз үлесін қосып, орнын табуына ерекше ықпал ететін, дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына, олардың мәдени-әлеуметтік іс-әрекетін, кәсіби мамандығын жетілдіруіне барлық жағдайлар жасалған. Мектепте «Қабілет» жас мамандар орталығы құрылған. Орталыққа жас мамандар мен жаңадан келген мұғалімдер мүше болып, жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасайды. Жас мамандарға әрдайым әдістемелік көмек көрсетіліп, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында жоспарға сәйкес педагогикалық оқулар, байқаулар, семинарлар, дөңгелек столдар, шеберлік сынып оқулары, көрмелер, конференциялар өткізіліп отырылады. Орталық мектептің ғылыми – әдістемелік кабинетімен, психологиялық – педагогикалық кабинетімен, кітапханасымен, «Озат шығармашылық» орталығымен, «Алға» өзін — өзі басқару орталығымен, «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігімен тығыз байланыста болып, мектепішілік, аудандық, облыстық іс – шараларға белсене араласады. Жас мамандардың жасаған жұмыстары нәтижелі болып, аудандық білім бөлімінің, аудандық ішкі саясат бөлімінің, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің, «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің, Қызылорда облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Құрмет грамотасы», «Мадақтама», «Алғыс хат»-тарымен марапатталды.
Мектептің жас мамандары биология пәні мұғалімі Ахметова Ақбота, дене шынықтыру пәні мұғалімі Тасымова Мәншүк, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімі Бектасова Айымжан, информатика пәні мұғалімі Тасбулатова Индира, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұраханова Гүлданалар оқу – тәрбие жұмысын қарқынды әрі сапалы жүргізуді өздеріне міндет етіп, жұмыс жүйелерін оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағыттаған. Интернет қор көздері мен баспасөз материалдары арқылы әлемдегі әртүрлі саладағы жаңалықтармен танысып, үнемі ізденісте жүреді. www.45minut.kz, www.ustaz.kz, www.sabaktar.kz, www.bilim-idhost.kz, www.metodist.kz интернет ресурстарында ашық сабақтарын, сыныптан тыс жұмыстарын, баяндамалары мен мақалаларын жариялап, іс – тәжірибесінің таратылғанын растайтын сертификаттар мен анықтамалар алуда. Жоспар бойынша жас мамандар өз пәндері бойынша Республикалық қашықтық олимпиадасына уақытылы қатысып, сертификат иеленді. Мұның барлығы Қазақстан болашағы – жас ұрпақты сапалы біліммен, саналы тәрбиемен жарақтандыратын жас мамандардың кәсіби өсуінің, білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің жаңа деңгейге көтерілуіне мүмкіндік береді.
Бүгін ХХІ ғасырда біз «шыны әлемінде» өмір сүрудеміз. Бұл әлем – мөлдір де нәзік, білімді, тәрбиелі, өнерлі жандарды қажет ететін ғажайып, сырлы әлем. Оның ішінде тас лақтырысуға болмайды, оны аялау қажет. Сондықтан «шыны әлемінде» татулықта, ауызбіршілікте бақытты өмір кешейік!

loading...

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі, «Қабілет» жас мамандар орталығының жетекшісі Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016