Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

ЖАҚСЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРЕДІ

Жариялаған Информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана
/
14 Июн 2013
Комментарии к записи ЖАҚСЫ ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБА БЕРЕДІ отключены

Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік кеңістігіне енуі бүкіл оқу — әдістемелік жүйеге, мұғалімдер мен білім беру қызметкерлеріне жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Қазіргі заман мұғаліміне өз пәнін терең білуімен қатар, тарихи – танымдық, педагогикалық – психологиялық, саяси – экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, білім мен білігі жоғары тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Жас мамандардың білімді, мәдениетті, келер ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда жаңа амалдарды біліктілікпен қолдана білетін, кәсіби шебер маман болып қалыптасуы үшін аудандық білім бөлімі ұйымдастырып жүрген іс — шараларының ықпалы зор. Аудандық әдістемелік кабинеттің жанынан жас мамандарға ғылыми — әдістемелік көмек және жаңа қадамдары мен бастамаларына қолдау көрсету мақсатында Жас мамандар орталығы құрылған. Орталыққа аудан бойынша әр мектептен еңбек өтілі 1 – 3 жыл болған жас мамандар мүше бола алады. Биыл да жас мамандар орталығының жылдық жұмыс жоспары жасалып, бекіттіріліп, орталық мүшелеріне таныстырылды. №30 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сәдуақасова Мәншүк апайдың жетекшілігімен жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізілді. Өз ісінің кәсіби маманы білімділігімен, талапшылдығымен, жаңашылдығымен ерекшеленіп, үлкен әсер қалдыра білді. Жас мамандарға жақсы нәтижеге жету жолында бағыт – бағдар көрсетіп, әдістемелік көмегі мен педагогикалық кеңестерін аямады.

loading...

mm

Білім саласында болып жатқан барлық жаңалықтан хабардар және оны саналы түрде қабылдай алатын, кез келген инновациялық іс — әрекетке қатыса алатын мамандар дайындауда білім беру, тәрбиелеу салалары бойынша семинар – практикумдар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, конференциялар ұйымдастырылды. Жас мамандар, әсіресе, №105 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалтаева Жаннұр, №250 мектеп – лицейдің информатика пәнінің мұғалімі Тулегенова Назым, №185 мектептің технология пәнінің мұғалімі Алтаев Рашид, №85 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сержанова Айгүл, №26 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмабаева Балғын, №183 мектептің география пәні мұғалімі Сәден Беріктер ұйымдастырылған жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, жоғары белсенділік танытты.
Аудандық білім бөлімінің жас мамандарға жасап жатқан жақсылықтарына рахмет айтып, әдістемелік кабинет меңгерушісі Құндызай апайға, жас мамандар орталығының жетекшісі Мәншүк апайға ерекше ілтипатымды білдіремін.
Жақсы жұмыстар жалғасын таба береді деген сенімдемін.

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016