Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жылдық есеп

Жариялаған Информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана
/
27 Июн 2013
Комментарии к записи Жылдық есеп отключены

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мыңжасарова Светлана Кенбайқызының 2012 – 2013 оқу жылындағы жүргізген жұмыстарының есебі

 03.09.2012  күні «Қабілет» тобының 2012 – 2013 оқу жылына  арналған іс – шара жоспары жасалып, бекіттіріліп, орталықтың мүшелерімен таныстырылды.

05.09.2012 күні жас мамандар мен жаңадан келген мұғалімдер «Қабілет» тобына тартылып, стажерлардың тәлімгер мұғалімдері бекітілді.

27.09.2012 күні «Үйренейік, ізденейік, жас маман» тақырыбында №106 мектеп базасында өткізілген семинар – практикумға қатысып, тәжірибе алмасып келдім.

05.10.2012 күні Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Тілдарын – 2012» олимпиадасына қатысып, жүлделі ІІ орын иеленіп, «Орысша – қазақша сөздік» және «Орфоэпиялық сөздік» сыйлыққа алдым.

06.10.2012 күні «Ұстазға үлгі – нұрлы жол» атты Мұғалімдер күніне орай салтанатты жиында мектеп директоры Г.Исаеваның мерекелік «Құттықтауына» ие болдым.

13.10.2012 күні Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткізілген «Зерттеуші мұғалім – 2012» байқауына қатысып, жүлделі ІІІ орын иеленіп, Мақтау қағазымен марапатталдым.

24.10.2012 күні «Талпынған жетер мұратқа» тақырыбында №107 мектеп базасында өткізілген сабақ көрсету семинарында «Тышқанмен жұмыс істеу» тақырыбында сабақ көрсетіп, «жақсы» деген баға алдым.

31.10.2012 күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айгүл Жаналиеваның информатика пәні мұғалімі Светлана Мыңжасарова туралы жазған «Сыйлы да, сан қырлы Светлана» атты мақаласы «Сыр дидары» газетінде жарық көрді.

09.11.2012 күні 10а сынып оқушысы Шаттық Жүсіпбекова информатика пәні бойынша «Қоршаған ортадағы интернеттің маңызы» тақырыбында облыстық ғылыми зерттеу жұмысын қорғау конкурсына қатысты.

e1

21.11.2012ж күні жас мамандар мен  іс – тәжірибеден өтушілердің қатысуымен «Күз ханзадасы мен ханшайымы» тақырыбында өнер сайысына Мүсілімов Маралбекпен жұп болып қатысып, «Гран – При» жүлдесін иелендік

e2

01.12 – 10.12.2012ж күндері 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған іс – шараға белсене араласып, 08.12.2012 күні «Үміт. Сенім. Болашақ.» тақырыбында қорытынды кеш өткіздік.

e3

20.12.2012ж күні №109 мектеп базасында өткен «Жас мұғалім жақсы мұғалім болуы үшін…» атты аудандық сабақ көрсету семинарында «Компьютерлік вирустардан қорғау» тақырыбында ашық сабақ көрсетіп, «жақсы» деген баға алдым.

e4

04.01.2013ж күні №111 мектеп базасында «Оқытудағы инновациялық бағыттар» тақырыбында өткізілген аудандық семинар – практикумге қатысып, тәжірибе жинақтап келдім.

e5

12.02.2013ж күні №99 мектеп базасында «Ұрпақ тәрбиесіндегі жаңаша көзқарастар» тақырыбымен өткізілген аудандық жас мамандардың семинар – практикумына қатысып, тәжірибе алмасып қайттым.

e6

25.02.2013ж күні Алдашбай ахун ауылында өткен «Наурыз шапағаты» өнер фестиваліне қатыстым.

e7

28.02.2013ж күні №250 мектеп – лицей базасында «Отбасы, мектеп, қоғам ынтымақтастығы» тақырыбында өткен облыстық семинарға қатысып, тәжірибе жинақтадым.

e8

loading...

Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зарипа Тасымова апай туралы «Өн бойы тұнған ізгілік» тақырыбында мақала жазып, ол «Сыр дидары» газетінде жарияланды.

15.02.2013ж күні Аудандық К.Рүстембекұлы атындағы «Жыраулар үйінің» ұйымдастыруымен «Қыз ғұмыр – ғажайып, сырлы әлем» тақырыбында өткен қыз – бойжеткендер байқауына қатысып, «Алғыс хат» иелендім.

05.03.2013ж күні Білімділер сайтында «Мәтіндік құжатты пішімдеу. Мәтін абзацын пішімдеу.», «Интернет туралы мәлімет», «Формуланы енгізу және көшіру» тақырыбындағы сабақтар, «Отбасы туралы мақал – мәтелдер» жинағы мен «Білесің бе?!» өлеңім жарияланды.

14.03.2013ж күні І республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, 30.03.2013ж күні №166060 – сертификат алдым.

e9

 18.03.2013ж күні сабақ беретін 7 сынып оқушылары – Ержанқызы Дана, Санақ Тимур, Тоғызбаев Еркебұлан, Рахметулла Балғын, 9 сынып оқушысы – Жұмаділов Темірлан (рейтингте аудан бойынша ІІІ орында – 25 балл), 10 сынып оқушысы – Жүсіпбекова Шаттық (рейтингте аудан бойынша ІІІ орында – 21 балл) І республикалық қашықтық олимпиадасына қатысып, 21.03.2013ж күні сертификат алды.

e10

20.03.2013ж күні ұстаз.кз Ашық сабақтар сайтында «Ақпараттық калейдоскоп» интеллектуалды ойыны, «Елім менің» танымдық сайысы, «Әлемді билеген ИНТЕРНЕТ» ашық сабағы, «Білім баспалдағы» интеллектуалды ойыны жарияланды.

20.03.2013ж күні №29 орта мектепте аудандық «Қазақ мектебіндегі ұлттық тәрбие» тақырыбымен жас мамандардың сабақ көрсетуі ұйымдастырылды. Семинарда «Елім менің» танымдық ойынын көрсетіп, «өте жақсы» деген баға алдым.

e11

03.04.2013ж күні методист.кз Халықаралық әдістемелік интернет – ресурсында «Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру» және «Компьютерлік вирустардан қорғау» тақырыбымен жұмыстарым жарияланды.

15.04.2013ж күні Қармақшы аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Жолдаудың сөзі жастардың көзімен» атты шығармалар байқауына қатысып, «Алғыс хат» алдым.

e12

17.04.2013ж күні «Жас маман – 2013» байқауына қатысып, Аудандық білім бөлімінің «Алғыс хатын» алдым.

e13

29.04.2013ж күні оқушыларым, яғни «Демал» КТК командасы Аудандық  ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік тапсырысы аясында «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бейбіт болсын болашақ» маусымашар – 2013 КТК сайысына қатысып, І орынға ие болып, «Дипломмен», бағалы сыйлықпен (DVD ойнатқыш) марапатталды.

e14

Биология пәні мұғалімі Ахметова Ақбота екеуміздің ашық жұмыстарымыз жинақталып, «Талантты ұстаз – дарынды оқушыларға» атты әдістемелік жинақ педагогикалық кеңестің қаулысымен мектепішілік таратылымға ие болды.

e15

25.05.2013ж күні 2012 – 2013 оқу жылында шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу – тәрбие үрдісінде белсенділігімен көзге түскені үшін Қармақшы аудандық білім бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподағының аудандық комитетінің «ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ»-мен марапатталдым.

Жақсы жұмыстар жалғасын таба береді.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016