Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» апталығы

2013 жылдың 16 – 21 қыркүйегі аралығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілдері мәртебесін көтеру мақсатында Қармақшы ауданы, Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінде 5 – 11 сыныптар аралығында «Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбында тілдер апталығы болып өтті.

Тілдер апталығында бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды. 16 қыркүйек күні тілдер апталығының ашылу салтанаты болды. Апталықты қазақ тілі пән бірлестігінің жетекшісі Сәуле Көзбергенова құттықтау сөзімен ашып, апталықтың іс – шара жоспарымен таныстырды. 8 «А» сыныбы «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында әдеби — әуезді монтаж қойса, барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары жүргізілді.

Тілдер апталығының өтілуі барысында 5 – 11 сыныптар арасында қабырға газетінің конкурсы, шығарма жазу конкурсы, мүшәйра, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым жарыстары өткізілді. Қабырға газетінің конкурсында 8 «Ә» сыныбы, мәнерлеп оқу жарысында 9 «А» сыныбы, сахналық қойылымда 9 «Ә» сыныбы оқушылары алға шықса, мүшәйрада 8 «А» сынып оқушысы Бұқарбай Бегімнің «Тілім – тірегім» өлеңі Бас жүлдені иеленді.

loading...

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Қаракөз Садықова дайындаған 8 «Ә» сыныбы қазақ тіліндегі мақал – мәтелдерді ағылшын тіліндегі аудармаларымен айтып оқушылардың қызығушылығын арттырса, орыс тілі пәні мұғалімі Айгүл Жаналиева дайындаған «Игра, игра» ойыны оқушылардың информатика бойынша білімін орыс тілінде тексеруге мүмкіндік жасады.

5 – 7 сынып оқушылар арасында өткізілген «Әдебиет көшбасшысы» танымдық ойынында 7 «б» сынып оқушысы Маратова Гүлнұр жеңімпаз атанса, 8 – 11 сынып оқушылары арасында өткізілген «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды білім сайысында 10 «Ә» сынып оқушысы Жайшылық Назерке топ жарса, 8 «А» сынып оқушылары Нұрибекова Жадыра мен Бердіқұлов Бақбергендер ерекше ойынымен көзге түсті.

Тілдер апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 21 қыркүйек күні өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 8 «Ә» сыныбы Бас жүлде, 8 «А» сыныбы І орын, 9 «Ә» сыныбы ІІ орын, 7 «Б» сыныбы ІІІ орын иеленіп, жеңімпаз сыныптар мен оқушылар мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде.

Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», — деп Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын десек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтайық, ағайын!

Жақсы істер жалғасын таба береді.

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің мұғалімі

Светлана Мыңжасарова


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016