Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

ӨН БОЙЫ ТҰНҒАН ІЗГІЛІК

saq

Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім – сабақ беруші ғана емес, ізденімпаз, жаңашыл, ұлы істерге жол бастайтын биік тұлға. Сондай биік тұлғалы ұстаз, жастардың ақылшысы бола білген мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зарипа Тасымова апайымызды мақтан етемін. Үлкенге ибалы, кішіге ізетті ұстаз бала тәрбиесі үшін тынымсыз еңбек етеді. Жуырда ауданда «Отбасы, мектеп, қоғам ынтымақтастығы» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.Семинар барысында ата – аналармен, әкелермен бірлескен түрлі мәдени шаралар өткізілді. Барысында Зарипа апай өткізген «Әкем айтқан өсиет, бабадан қалған қасиет» тақырыбында әкелер одағының ой –дода ток – шоуын өткізді. Тақырыпта көрсетілгендей ой – дода 4 бөлімді қамтыды. І бөлім – «Алты аға бірігіп әке болмас немесе әке беделі – тәрбие тірегі», ІІ бөлім – «Әке мен ана теңдігі – тәрбиенің ерлігі», ІІІ бөлім – «Ата менен әженің өнегесі, кең жайылар құт болса керегесі», ІҮ бөлім – «Кеше және бүгін» атты бөлімдерді қамтып, отбасы тәрбиесі, бала тәрбиесіндегі ата – ана жауаптылығы жайлы кең көлемде ой қозғалды. Бейнеэкраннан көрсетілген сәулелі, көлеңкелі жағдаяттар жайлы қызу пікірталас болып, ұрпақ тәрбиесі жайлы өнегелі ой түйін жасалды. Жүргізілген тәрбиелік шара Зарипа апайдың өз шығармашылығымен көркемделіп, ой – дода соңы апайдың «Ұрпаққа өсиет» өлеңімен қорытындыланды. Ой – додаға әр мектептен келген әкелер белсенділік танытты. Әсіресе, Маханов Бекдәулет, Ахметов Шарафаддин, Қызылбаев Сайдағали, Әбжалиев Болат ағайлар жақсы пікір қосып, ой – доданы қыздырды. Ой – дода барысында 8 сынып оқушысы Құрманбекова Гүлдәрі Т.Ізтілеуовтің «Тәлім» термесін орындаса, 9 сынып оқушысы Мнуаров Ұлықбек М.Мақатаевтың «Әке» өлеңін мәнерлеп оқыды. Бүгінгі күннің көлеңкелі сәттерінен 10 сынып оқушысы Әбділ — Әшім Перизат М.Көптілеуовтың «Осындай да әке бар» сықақ өлеңін оқып берсе, атақты шайыр Разақ Мыңжановтың шөбересі, 8 сынып оқушысы Еркін Әлішер «Әке» әнімен көпшілік көңілінен шықты. Шара соңында қатысушы апайлар, әкелер, аталар Зарипа апайға ризашылық алғысын білдірді. Ұстазыма айтылған алғыс сезім апайымның бір күнгі жұмысы ғана. Әр күнде тынымсыз ізденісте жүретін, үлкен – кішіден көмегін аямайтын ізгі жүректі ұстазымды мақтан етемін. Өн бойы тұнған ізгілік, әдептілік Зарипа апайға жарасатын қасиет дер едім.

loading...

Т.Ізтілеуов атындағы
№29 қазақ орта мектебінің
информатика пәні мұғалімі
Светлана Мыңжасарова


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016