Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

ҚАЗАЛЫДА КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

Аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі, «Жанқожа батыр» мешіті және «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Әйтеке би кентіндегі спорт кешенінде мешіттер жамағаттары арасында кіші футболдан турнир өтті.

mzs2015-1

Жамағат арасында спорт түрлерін кеңінен насихаттау, ауызбіршілікті, ынтымақтастықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өткізілген турнирді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Дүзелбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

loading...

mzs2015-2

Барлығы 6 команда қатысқан турнир кубогіне оқ бойы оза шауып, әсерлі ойын көрсеткен «Али Муса» мешіті жамағаттары ие болса, «Үздік шабуылшы» номинациясымен М.Кенжалы, «Үздік қақпашы» номинациясымен А.Қосуақов марапатталды. 1,2,3 орын иегерлері медаль, Мақтау қағаздарымен, басқа қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.

mzs2015-3


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016