Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Отбасылық құндылықтары және дін

SINfor

Үстіміздегі жылдың 19-22 қазан күндері Қазалы аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысына сәйкес «Жас Орда» ЖҚБ, «Жанқожа батыр» орталық мешіті, Қазалы аудандық білім бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ «Отбасылық құндылықтар және дін» тақырыбында қала, кент мектептерінде мешіт имамдарымен кездесулер ұйымдастырды. Кездесулерді «Жас Орда» ЖҚБ жоба үйлестірушісі С.Мынжасарова жүргізіп отырды.

otbasi-din

loading...

Барлығы 913 оқушыны (8-11 сыныптар бойынша) қамтыған кездесулерде «Жанқожа батыр» мешітінің найб имамы Қ.Құсайынұлы, «Али Муса» мешітінің имамы Б.Наурызбаев, найб имамы Б.Сағындықов, «Қожаназар ишан» мешітінің найб имамы А.Таңбышовтар ислам дініндегі отбасылық құндылықтар, ата-анамен қарым-қатынастағы қателіктер мен әдептер турасында насихат жүргізді. Кездесу барысында «Анам айтқан жалған сөздер» және «Әке деген кім?» тақырыбында көрсетілген видеолар оқушылардың қызу талқысына түсті.

Кездесулер соңында оқушыларға «Баланың ата-ана алдындағы әдептері» атты брошюралар таратылды.

Жақсы істер жалғасын таба береді.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016