Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Ақпаратты кодтау.

Сабақ тақырыбы:                     Ақпаратты кодтау.

Сабақтың мақсаты:  Білімділік:   Оқушыларды кодтау ұғымымен таныстыру.

Морзе әліппесі, Цезарь коды және әліппелік кодтау туралы түсіні қалыптастыру.

Тәрбиелік: топпен жұмыс жасай білуге, бірін –бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Дамытушылық :оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.

Әдіс-тәсілдер: интерактивті тақта арқылы демонстрациялау, түсіндіру, баяндау.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд.

Сабақ барысы:

І) Ұйымдастыру.   Оқушылардың сабаққа даярлығын, қатысуын тексеру.

ІІ) Өткен сабақты қайталау.  Сұраққа жауап бер.

akparatti-kod

1. Ақпарат дегеніміз не?

Ақпарат –бізді қоршаған орта туралы мәлімет.

2.Адамдарға ақпарат не үшін қажет?

Адамдар ақпартатты  алады, береді және сақтайды, өңдейді.

3. Адам ақпаратты қалай сақтайды? Компьютер ше?

Ақпаратты ойына сақтайды.Ішкі және сырқы жадтарға

4.Ақпарат тасымалдаушыларды еске түсіріңіз?

Магниттік және лазерлік дискілер,флэш-жады,винчестер  (қатқыл диск)

5.Ақпараттың өлшем бірлігін атаңыз.

Байт,бит,Кбайт,Мбайт,Гбайт

ІІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Код – ақпаратты ұсынуға арналған шартты белгілер жүйесі.

Кодтау – ақпаратты жеткізу үшін, өңдеуге, сақтауға  ыңғайлы  алфавит арқылы құпиялап жазу.

Кері кодтау/ декодтау / –  кодталған ақпаратты түсінікті тілге аудару

k1

loading...

Зағип жандар мен саңырау, сақау жандардын да өз әліппесі болады .

Мысалы: Брайль әліппесі көзі көрмейтіндер қолданады онда әр таңба инемен тесіліп жазылған тәрізді болады,оны қол саусағымен оқиды.

Саңырау,сақаулар тілі – тіл таңбалары белгілердің көмегімен ұсынылады.

Алғашқы телеграфка қолданылған Морзе әліппесі, бұл нүкте және сызықша арқылы оқылады.Ал кемеде жалауша әліппесі қолданылады.

k2

IY)Дайындық кезеңі

.

Оқушыларды топқа бөлу:

1-топ аты:   Морзе

2-топ аты:   Цезарь    (Топтарды бағалау  топтардың тапсырманы орындауына байланысты жүргізіледі.)

Тапсырма  № 1

Морзе әліппесін қолданып мына белгілерді шифрлау керек.

k3

k4

YI)Бағалау парағына баға қою.Топтардың қайсысында «5» бағасы көп сол топ женімпаз атанады.

k5

Қосымша. 7 сыныпта есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код— АSСІІ коды-американдық апарат алмасудың стандартты кодын өткен болатынбыз қайталап оқып келу және «МЕКТЕП» сөзін кодтап келу.

Сау болыңыздар.

 

 

Батыс Қ азақстан облысы.

Теректі ауданы.

Подстепный қазақ ЖОББМ.

Информатика мұғалімі Айткалиева Баян Сабарғалиқызы.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментария 2 Пікір қосу

  • сабақ өте жаксы жазылган. маган ұнады.

  • Сабағыңыз күрделі,жүйелі өте жақсы .Сізге тек шығарамышылық табыс тілеймін.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016