Информатика зияткерлері

Мақсаты: Оқушылардың ой — өрісін дамыту, білімді, дарынды болуға тәрбиелеу. Болашақта егеменді еліміздің технологиялық және индустриялық дамуына атсалысатын жан – жақты тұлғаны қалыптастыру.
Барысы:
1-ші жүргізуші:
Мынау ұшқыр заманда
Жаңалық енді ғаламға
Компьютер тілін меңгеру
Қажетті тудыадамға. Дей отырып,- Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелері анық» Құрметті ұстаздар мен оқушылар 7 сыныптар арасында өткізілетін «Информатика зияткерлері» атты сайысымызға қош келдіңіздер.
Оқушыларды ортаға шақырайық
шаттық шеңберін құрайық
бір-бірімізге тлек айтып
жақсылық силайық
2-ші жүргізуші:
Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз
Информатика зиаткерлері
Өз топтарын ұрандаймыз
1-топ инженер тобының капитаны_______________
2- топ програмистер тобының капитаны
3-топ техниктер тобының капитаны
1-ші жүргізуші
Сайысты біз бастауға
Әділ қазы сайлаймыз
2-ші жүргізуші
ХХI ғасырда біліміСайысымыз мынадай — бөлімдерден тұрады.
1 — бөлім. «Адасқан сөздер»
2 — бөлім. «Кім жылдам?»
3 — бөлім. «Тілдер шеруі»
4 — бөлім. «Капитан сайысы»
5 — бөлім. «Болашаққа бастау»

1-ші жүргізуші
Информатика болашаққа бастайды
Компьютер ортаға сұрақтарды тастайды.
Білімдеп ой қозғауды бастайық
Адасқан сөздерді тауып алайық.

2 — бөлім. «Кім жылдам?»
Әр топтың мүшесі компьютерге отырып Paint бағдарламасы көмегімен нысанды модельдейді.
1-ші жүргізуші
Әр жүйріктің жететін мәресі бар
Биіктерге жете алмас өресі тар
Екеуінен сүрінбей өтіп кеттік
Қалғандарың ойнауға қалайсыздар
Біздін елбасы жолдағандай үш тілдін даму жолында әр тұлға болашақта үш тілді менгеру тиіс. Сондықтан келесі турымыз «Тілдер шеруі» деп аталады.
3 — бөлім.
1. Тінтіүр, мышка,mouse
2. Бағдарлама, программа,program
3. Мәтіналғы, сканер, scanner
4. құлақшын, наушник, earphone
5. Себет, корзина, basket
6. Құжат. Документ, document
7. Бастау, пуск, start
8. Бос орын, пробел, space
9. Мәзір, меню, menu
10. Терезе, окно, window

2-ші жүргізуші
Келесі — бөлімді алайық
Білімімізді ашайық
Асығыстық қылмайық
Капитандар сайысын бастайық.

информатика сабағынан сайыс4 — бөлім. «Капитандар сайысы»
Әр топтың капитаны компьютерге отырып Lego Mindstorm бағдарламасында қалашықтың моделін жасайды.
Капитандар тапсырмаларын жасаған кезде қалған топ мүшелері берілген тапсырманы орындайды: «Мені түсін» (Бұл кезеңде қазақ халқымыздың өзгертілген мақал-мәтелдері берілген. Сендер мақал-мәтелді дұрыс қалпына келтіру керексіңдер).

1-ші жүргізуші
Шында тұрған шынардай арманы бар
Білімдерін көрсетті ұл мен қыздар
Ең соңғы айналымға келіп жеттік
Ойлантып отырғанды ойландырар.

5-ші бөлім: «Болашаққа бастау» — мұнда оқушылар тақырып бойынша өз ой – пікірлерін ортаға салады.Оқушыларға келесі тақырыптар беріледі: «Болшақ мектеп», «Болашақ үй», «Болашақ қала», әр капитан өз тобына бір тақырып тандайды команда мүшелері постер жасап қорғайды.
2-ші жүргізуші
Осымен сайсымыз сонына жетті
Әр бала өзін көрсете білді
Әділ қазылар шешімін шығарғанша
Балалар ой-пікірін жаза білді

Әр оқушыға және әділ қазыларға алақан таратылып өз пікірін жазады
1-ші жүргізуші
Өрбітіп ойлар ойда қала берер
Білім сана толастап жана берер.
Әділқазыларды ортаға шақырайық
Сайыскерлерге әділ баға берер.

400 ден Аса Көрнекіліктер топтамасына Акциялық бағамен тапсырыс жаса!

Қазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс Жасау

комментария 3 Пікір қосу

  • Туманбаева Ардақ, алдын-ала Сізге жұмысыңызда шығармашылық табыс тілеймін.
    Зияткерлік сайысыңыздың бөлімдері жақсы құрастырылыпты. Әсіресе 5-бөлімде «Болашақ» жайлы ой-пікірінін ортаға салуы өте қатты ұнады. (Сайыстың мәтінінде орфаграфиялық қателіктер бар)

  • Оқушылардың ой-өрісін дамытуға арналған керемет сайыс!

  • Туманбаева Ардақ, сабағыңыз өте жақсы. Тілдер шеруі бөлімі қатты ұнады, үш тілділік бойынша жақсы тапсырмалар алғансыз, шығармашылық табыстар тілеймін.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2017