Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Мамандық таңдау-маңызды іс

Мектеп оқушыларының әрбіріне мамандық таңдауда да бағыт көрсету маңызды-ақ. Осыған орай, ауданымыздағы №250 мектеп-лицейінде «Мамандық таңдау-болашақты таңдау» тақырыбында әр сала мамандарымен кездесу кеш өткізілді. Бұл шараның басты мақсаты оқушыларға мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру. Кездесу кешті алғы сөзімен мектеп директоры А.Қасымова ашты. Оқушылармен кездесуге аудандық жұмыспен қамту және жоспарлау бөлімінің бастығы Ә.Қошалақов, мектебіміздің жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі К.Бисенбаева қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Қонақтар өз сөздерінде қазіргі жастар ата-ананың кеңесі, үлкендердің ақылы мен тәжірибесіне ғана сүйену арқылы мамандық таңдауда қателесіп жататынын айтты. Қандай мамандық болса да оқушылардың дұрыс таңдау жасауына бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында мектебіміздің әлеуметтік –педагогі Қарақойшиева Ботагөз «Путь в профессию» тақырыбында презентация көрсетті.Мұғалім
11-сынып оқушыларына мамандық таңдауда және ҰБТ-да қай пәнді таңдау керектігі жөнінде бағыт-бағдар берсе,мектеп психологі Алданазарова Құралай оқушыларға мамандық таңдауда жәрдем беру жолдарын көрсету мақсатында «Оқушыларға кәсіби бағдар берудің психологиялық аспектілері» тақырыбында баяндама жасады. Кездесу соңы мектебіміздің жас өнерпазы Қыдырбек Айжанның орындауында «Тәуелсіз ел» әнімен аяқталды.
Бұл шара толыққанды ақпарат беріп, әлі күнге қандай мамандықтың иесі болатынын әлі анықтамаған оқушылардың болашаққа жоспар құруына бағыт-бағдар берді деп ойлаймын.

loading...

Баймаханова Гүлнұр
№250 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиет
пәні мұғалімі


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016