Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

№ 250 мектеп-лицейінің озат шығармашыл мұғалімдер орталығының атқарған жылдық жұмысы туралы есебі

Мұғалімнің шығармашылық жұмысын дамыту қазіргі кездегі педагогика ғылымының көкейкесті бағыттарының бірі болып табылады.Бұл мәселе Қазақстан Республикасындағы қазіргі білім дамуының мақсат-міндеттері мен талаптарының,біліктілікті арттырудың дәстүрлі теориясы мен тәжірибеснің, нліміздің өркениетке ұмтылған ұлы мұраттарының мұғалімнің өзін-өзі дамыту және жүзеге асыру, кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру қаралған.Оқушының шығармашылық қабілетін арттыруды қамтамасыз ететін әр ұстаздың қазіргі заман талап етіп отырған жаңашылдық әрекеттерге дайын болуының бағыттары мен тетіктерін анықтау .Осы бағытты басшылыққа ала отырып мектебіміздің «Қабілет» шығармашыл мұғалімдер орталығы құрылды. Бұл орталық «Таным», «Жан айнасы», «Қабілет, «Зерде», « Ізденіс» деп бес топқа бөлінеді. Әр топ бес мұғалімнен құрылған. Мектептегі шығармашыл педагогтарға арналған шаралар мазмұны жылдан жылға жетілдіріп келеді. Мектеп шығармашылық орталығындағы мұғалімдерінің сандық және сапалық құрамына жасалған –мониторинг бойынша төмендегідей: шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер саны-25, оның ішінде 10 бірінші санатты, 10 екінші санатты ұстаздар.
Шығармашыл мұғалім деп кімді айтамыз? Шығармашыл мұғалім-зиялы рухани бай,жаңашыл, бәсекеге төтеп беретін тұлға.Осы айтылған мазмұнға сай мектепте жұмыс мазмұнын, сапасын арттыруға бағытталған шығармашыл мұғалімдер орталығы іс-шаралар атқаруда. Оқу жылының басында «Қабілет» шығармашылық орталығының жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жұмыс барысында: «Дарынды оқушыға –талантты ұстаз» педагогикалық оқу байқауы, «Жанадан жаңаны табу -өнер» авторлық жобалар байқауы, «Қазіргі сабақты технологиялық негізде жобалау» панорамалық сабақтар байқауы, «Мектептің жыл мұғалімі -2011» , «Ақпараттық технологиялар –білім кеңестігінде» электрондық оқулықтар құрастыру әдісі тәжірибе алмасу жұмысы, «Білімді ұстаз – мектеп мақтанышы» мұғалімнің портфолиосы байқаулар ұйымдастырылды.
«Дарынды оқушыға –талантты ұстаз» педагогикалық оқу байқауына шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты. Әр топтан бір-бір өкіл өз баяндамаларын жасады. Ең үздік деп қазақ тілі пәнінің мұғалімі Аяпова Гүлайна танылды. Г Аяпова өз баяндамасында қазіргі таңда шығармашыл мұғалімнің тұлғасын, оның атқаратын жұмысын, міндеттерін айта келе, өз тәжірибесінде атқарған жұмыстарын көрсете білді.
«Жанадан жаңаны табу -өнер» авторлық жобалар байқауының мақсаты мұғалімдердің қабілетін, шығармашылығын таныту. Байқауға 5 мұғалім қатысты. Мұғалімдер өз пәндеріне байланысты тақырыптарды қамтыды. Олар: бастауыш сынып мұғалімі Бисенбаева Г, қазақ тілі мұғалімАлтруова А, информатика мұғалімі Қарақұлова Г, бастауыш сынып мұғалімі Жүсіпбекова Б, биология пәнінің мұғалімі Буркулова А. Ең үздік авторлық жоба Алтруова Айнұрдың Көркем сөз үйірме жұмысының жоспары бағаланды.
«Қазіргі сабақты технологиялық негізде жобалау» ең үздік сабақтар байқауына

loading...

ss

Еспенбетова Анар  технология пәнінен  2 «В» сыныбында ашық сабақ өткізу барысында. ІІІ орын.

s1

Бердібаева Гүлнардың дүниетану пәнінен «Разнообразие растений» тақырыбындағы 3 «А» сыныбындағы ашық сабағы. ІІІ  орын.

ss2

Бисенбаева Гүлнар 2-сыныбында өзін-өзі тану пәнінен сабақ өткізу кезеңі. ІІ орын

ss3

Жүсіпбекова Ботагөздің 4-сыныпта өзін-өзі тану пәнінен сабақ өткізуде.
І орын
«Мектептің жыл мұғалімі -2011» байқауына бес мұғалім қатысты. Олар: технология пәні мұғалімі Әлиева г, қазақ тілі пәні мұғалімі Саршаева А, Кенебаева А, тарих пәні мұғалімі Жанаева Ж, ағылшын тілі пәні мұғалімі Меңліқұлова Н. Мұғалімдер үш кезеңнен өтті.Бірінші, “Әр сабақ- бір жаңалық” үздік панорамалық сабақ көрсету; екінші, «Өнерлі болсаң, озып көр» өз өнерлерін ортаға салу; Үшінші, «Білікті ұстаз» шығармашылық жұмыстарын көрсету. Үш кезеннен ең үздік деп танылған технология пәнінің мұғалімі Әлиева Гауһар бас жүлдемен марапатталды.

s4

«Ақпараттық технологиялар –білім кеңестігінде» электрондық оқулықтар құрастыру әдісі тәжірибе алмасу барысында Жүсіпбекова Ботагөздің жұмысы көрсетіліп, ең үздік электрондық оқулық ретінде  мектеп мұғалімдеріне таратылды.

d1

Шығармашыл мұғалім кез-келген сабақта оқушының шығармашылық пен жұмыс атқаруына талап, ықпал етуі қажет. Шығармащыл мұғалім өзі іздену арқылы оқушыны іздендіре түсіретіні анық. Сондықтан шығармашылықпен айналысатын мұғалім білім шыңына жетері күмәнсіз.

Қызылорда қаласы
Қармақшы ауданы
№ 250 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиет пән імұғалімі
Баймаханова Гүлнұр Мейрамбекқызы

 


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Бұл мақалаға Пікір жазу жабық.

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016