Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Киіз үй

Тақырыбы: Киіз үй

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Киіз үйдің жасалуы, тұрмыста қолданылуы туралы мәлімет беру. Киіз үй туралы түсінік-ұғымдарын молайтып, білімділікке жетелеу. Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс жасай отырып тілдік қорды дамыту, сауатты жазуға дағдылау Тәрбиелік: Ұлттық мәдениетті құрметтеуге, ұлттық құндылықты сақтауға тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру Сабақтың әдісі: СТО әлементтері , сұрақ-жауап, тапсырма. Сабақтың формасы: Топпен жұмыс Сабақтың пәнаралық байланысы: Тарих, әдебиет Сабақтың көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:

1. Психологиялық дайындық.

Мұғалім:

-Әрбір адам ….

Оқушылар:

-Досым, сыныптасым

Мұғалім:

-Әрбір ісің ….

Оқушылар:

-Тірлік, тірек, адамдық

Мұғалім:

-Әрбір сөзің ….

Оқушылар:

-Шындық, бірлік, адалдық

Мұғалім:

-Әрбір сабақ….

Оқушылар:

-Үйрену, оқу, іздену.

Мұғалім:

-Ендеше, балалар бүгінгі сабағымызды қызықты етіп өткізу, бір нәрсе үйрену үшін бәріміз бірігіп сабаққа қатысайық.

2.Ой қозғау.

Сынып үш топқа бөлінген. Топ мүшелеріне төмендегідей сұрақ қойылады.

-Киіз үй тарихы, жер сілкінісі, көшіп-қону, тал, қайың, терек, қасиетті деген сөздерге байланысты қандай ой келеді.

Дұрыс жауабы:

Киіз үй қола дәуірінде пайда болған. Киіз үй адамзат тарихындағы ең бірінші архитектуралық құрылыс. Ол жер сілкіністеріне де төзімді. Киіз үй қазақ халқының қысы-жазы отыратын баспанасы болған. Ол тез жығып түйеге артып жүре беруге, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Бұлардың барлығы: талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал.

Киіз үй қазақ халқы үшін қасиетті баспана болып саналады.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгеру:

1. — Бейнемәліметке назар аударыңыз!

Киіз үй туралы бейнемәліметті оқушыларға көрсету.

2. -«Киіз үй туралы» мәліметке сүйене отырып, ДЖИГСО әдісімен мәтіндер беріледі. Қызыл түстілер бір бөлек, жасыл түстілер бір бөлектен отырыңда. Қызыл түстілерге мәтіннің 1-ші бөлігі, жасыл түстілерге мәтіннің 2-ші бөлігі беріледі.

Оқушылар мәтіндерді оқып болған соң, өз орындарына отырады. Әр топ мүшелері мәтіннің мазмұнын айтып береді.

І –топ мәтіні:

Қазақтардың үйі көшпелі тұрмысқа бейімделген. Киіз үйдің орташасы бір түйенің жүгінен артылмайды.

Киіз үй: тор көз керегелерден және уық пен шаңырақ, киізден тұрады. Керегелер үйдің бүкіл қабырғасын-іргесін қамтиды. Ал киіз үйдің ағаш қаңқаларының үстінен жабылады.

Киіз үйдің ағаш қаңқасы үш бөліктен құралады. Олар: кереге, уық, шаңырақ. Үйдің төменгі жағы тор көз кереге болады. Кереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырылады.Олар тез жиналады, тез жазылады.

Уық немесе иілген ұзын ағаштар үйдің күмбезін құрайды. Олардың төменгі жағы керегеге бекітіліп байланады. Уықтың жоғарғы ұшталған жіңішке ұшы күмбездің төбесіне-шаңырақтың бүйіріндегі тесіктерге кигізеді.

Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтады. Шаңырақ ошақта жағылған оттың түтіні шығуына және күндіз үйдің ішіне жарық түсіруге арналған. Шаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады.

ІІ-топ мәтіні:

Қазақ үйіне жабылатын киіздерін көлемі жағынан да, атауы жағынан да әр түрлі болып келеді. Керегелерді жабатын төменгі жақтың киізін туырлық дейді. Жоғары жақты-уықты жабатын киізді үзік дейді. Шаңыраққа жабылатын төртбұрышты киізді түндік деп атайды. Жаңбырлы күні киіз үйден түтін шығу үшін түндікті бақанмен, яғни сырғауылдан жасалған ұзын сырық ағашқа, оның бір бұрышын іштен іліп, желді қалқалап, ық жасап көтереді.

Туырлық пен керегенің арасына әр түрлі әдемі жіппен тоқылған ши ұстайды. Шидің қасиеті-үйді көріктендіріп тұрады әрі бақа-шаян сияқты жәндіктердің үйге кіріп кетуіне бөгет болады.

Киіздердің шеті тарқатылып кетпес үшін жиектеледі, яғни, тоқылған жіппен көмкеріледі, ал үзіктің төменгі шеті — ерекше мықты жіппен тігіліп, әр түрлі ою-өрнекпен көмкеріледі.

loading...

Боранды күндері жел жығып кетпес үшін шаңыраққа үйдің ішінен ұзын таяқтар тіреледі. Олар бақан деп аталады.

Оқушылар мәтінді оқып болған соң, мәтіннің мазмұнын айтып беріді. Әр топ өздері оқыған мәтінге тақырып қояды. Мәтіннің тақырыбы мен жоспары анықталады.

Мәтіннің жоспары:

1. Киіз үйдің қаңқасы

2. Киіз үйдің қаптаулары

3. Есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатында оқушыларға киіз үйдің суреттері таратылады. Оқушылар сурет бойынша жаңа сабақта алған мәліметтерін қайталап, түсіндіреді.

Мысалы: 1-топтың мәтінінің мазмұнын 2-топ айтып беруі тиіс. 1-топ 2-топтың мәтінінің мазмұнын айтады.

4. Бағалау парағы. Оқушылар бір-бірін бағалайды.( 1-ші топ 2ші топты, 2-ші топ 1-ші топты бағалайды.)

–Балалар, біз жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтап, мазмұнын айтып, киіз үй туралы біраз мәлімет алдық.Енді әр топ бірін-бірі бағаласын.

І-топ ІІ-топ

1.Тақырыптың

ашылуы

2. Ой нақтылығы

5. Есте сақта!

а) Үйдің сүйегін жасайтын шеберді “үйші” дейді.

Шаңырақ-киіз үйдің төбесі

Уық-киіз үйдің шаңақтары

Кереге- киіз үйдің қабырғасы

Түндік- шаңырақтың үстіне жабатын киіз

Туырлық- керегені жабатын киіз

Бақан- киіз үй тіккенде шаңырақ көтеруге арналған ашалы ағаш.

Үзік- уықтың үстінен жабатын киіз

Желі- керегені құрайтын ағаш

б) Үйге қатысты тыйым сөздер

* Керегені керме.

* Табалдырықта тұрма.

* Есікті теппе.

* Үйге жүгірме.

* Үйді айналма.

* Үйде ысқырма.

* Есікті қатты жаппа.

Ү. Жаңа сабақты бекіту:

1. Сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы, өз тобына ұпай жинайды. Қай топ көбірек дұрыс жауабын берсе, сол топ жеңімпаз атанады.

Киіз үйдің бөліктері 100 200 300

Үйдің киіз

қаптаулары

100 200 300

Киіз үйдің

түрлері

100 200 300

2. Киіз үйдің бөліктерін құрастыру арқылы етістіктің шақтарын қайталау.

1) Кереге . Етістіктің шақтары деген не? Оның неше түрі бар? Мысалмен дәлелде.

2) Бақан. Осы шақ дегеніміз не? Оның түрлерін ата. Мысалмен дәлелде.

3) Шаңырақ. Өткен шақ деген не? Оның түрлерін ата. Мысалмен дәлелде.

4) Уйық. Келер шақ деген не? Оның түрлерін ата. Мысалмен дәлелде.

3. Рөлдік тапсырманы орындау.Тапсырмалар тақтада жазбаша орындалады.

“Сенім”- топ мүшелері бір оқушыға сеніп тапсырады.

3-тапсырма. Мәтіннен өткен шақ тұлғасында тұрған баяндауыштарды тауып көшіріп, сөз тұлғасына талда.

“Өкіл” – топ мүшелерінің ішінен бір өкіл шығады.

4-тапсырма. Мәтіннен осы шақ тұлғасында тұрған баяндауыштарды тауып көшір.

“Таңдау” – топ мүшелері ішінен мұғалім бір оқушыны таңдап алады.

5-тапсырма. Мәтіннен алған сөз тіркесіне морфологиялық талдау жаса.

“Бәрі” – топ мүшелерінің барлығы бірлесе орындайды.

Тапсырма. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, синтаксистік талдау жасаңдар.

4. Сөйлемдердің дұрыс-бұрысын аңықталады.

Киіз үйді соғады.-

Киіз үйді тігеді.+

Киіз үйді керегеден бастап тігеді.+

Киіз үйді керегеден бастап тігеді.+

Бақанмен керегені көтереді.-

Бақанмен шаңырақты көтереді.+

Киіз үйдің сыртын киізден жасалған бұйымдармен жабады.+

Киіз үйдің сыртын киізден жасалған бұйымдармен жабады.+

Бір-бірін киізбен бекітеді.-

Бір-бірін құр, баулармен бекітеді.+

Киіз үйді ағаш ұстасы жасайды.-

Киіз үйді үйші жасайды.+

5. -Балалар, алдарыңдағы киіз үйдің суреті бойынша сөздер мен суреттерді сәйкестендіру керек.

Киіз үйдің суреті көрсетіледі.(слайд)

ҮІ. Жаңа сабақтың қорытындысы:

1. “Қамшы”ойыны.Оқушылар өзара сұрақ қою арқылы жаңа сабақтан алған білімдерін тексереді.

2. Жаңа сабақтың түйінін жасайды.

1). Жаңа тақырыпты түсіндім

2). Мені қызықтырғаны

3). Өзіме түйгенім

ҮІІ. Үй тапсырмасын беру:

«Қасиетті киіз үй» тақырыбында эссе жазу

ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.

Баймаханова Гүлнұр №250 мектеп-лицейінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • бақан дегенді таппадым

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016