Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Азық-түліктер(сабақ жоспары)

bub

 2 «В» сынып

Эпиграф «Ас- адамның арқауы»

Тақырып: Азық- түліктер.

  Мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларды азық- түліктің түрлерімен таныстыру.Сөздік  қорларын байыта отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыруға үйрету.Тән әріптерді сауатты айта білуге машықтандыру.

  1. Дамытушылық: Әр түрлі әдіс- тәсілдер арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.

Қазақ тіліне тән дыбыстарды сауатты жазуға дағдыландыру.

  1. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.Асты қастерлеуге

тәрбиелеу.

  Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта.

  Әдіс- тәсілдері: сұрақ- жауап, аударма, топтық, жеке, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі.

Сабақтың барысы.

Мұғалімнің сөзі: Мен бүгінгі сабағымды « Ас- адамның арқауы» деген мақалмен бастағым келіп тұр.Сабақ аяғында балалар осы мақаланың мәнін ашып береді.

Әр топтың топ жететекшілері бар,олар сабақтың әр кезеңінде оқушыларды бағалап отырады.

Сабақтың мақсатын айту.          1.Нені білу керек? Қазақ тіліне тән дыбыстарды

сөз арасынан тауып, сауатты

айта, жаза білу керек.

2.Нені үйрену керек? Жаңа сөздермен сөз тіркес-

терін,сөйлемдер құрастырып,

сөздерді топтастырып үйрену

керек.

  1. Ұйымдастыру: а) сәлемдесу, сұрақтар қоя отырып, назарларын сабаққа аудару.

1.Сенің атың кім?

2.Сенің тегің кім?

3.Саған неше жас?

4.Сен қай қалада тұрасың?

5.Нешінші сыныпта оқисың?

2.Фонетикалық шынықтыру.    «Әрі оқу,әрі ойын».

Лед- мұз                         Слово-сөз                 Жди- күт

Соль— тұз                        Глаза- көз                 Молоко— сүт

Вернись- қайт                Угроза- қатер

Сахар- қант                     Квартира- пәтер

loading...

Ал енді балалар жұмбақты шеше отырып сабағымыздың тақырыбын ашайық.

1.Қардай аппақ,

Бірақ өзі тәтті- ақ. ( Қант)

2.Айдалада ақ отау,

Аузы- мұрны жоқ отау.  ( Жұмыртқа)

  1. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.  ( Пияз)

Иә, біз бүгін не туралы айтамыз?

Топтастыру.

3.Жаңа ұғымдар мен тәсілдерді қалыптастыру.

Сөздік сөздермен жұмыс.

Уылдырық- икра                                            Тұшпара- пельмени

Ет- мясо                                                            Дүкен- магазин

Балық- рыба                                                     Сатып аламын- куплю

а) Сөздерді мұғалім оқиды.

ә) Оқушылар жұптап оқиды.

б) Ойын «Кім тез» сөздерді шатастырып оқу.

в) Осы сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.

г) Дәптерлеріне жазады.

4.Білімділік, біліктілік қабілеттерін қалыптастырып пайдалану.

            1.Лексикалық тапсырма. ( Мәтінмен жұмыс).

Азық- түлік дүкені.

Бұл азық- түлік дүкені.Зырян қаласында азық- түлік дүкендері көп.Дүкенде шай,

нан, шұжық, сүт, ірімшік, айран бар.Біз шұжық, қант, нан, тұшпара сатып алдық.

Дүкенде сүт жоқ екен.Біз үйге келдік.

мазмұндайды                 аударады                  оқиды

Сергіту сәті.

      2.Грамматикалық тапсырма. ( Деңгейлік жұмыс).

Үш жолды сөйлем құрастыр.

«Тұшпара»

Жоғалған сөзді тап.

Мен шешеммен дүкенге бардым. Біз …, …, … сатып алдық.Дүкенде … жоқ.

Біз үйге келдік.

 

Жоғалған әріптерді тап.

К..мпит, т..шпара, с..біз, ш..жық, ір..мш..к, ж..з..м, өр..к.

  1. Бекіту: «Дүкенге саяхат» Оқушылар дүкенге саяхат жасау барысында сатушы мен сатып алушының арасындағы сұхбатты құрастырады.

  6.Қорытынды: «Ас- адамның арқауы» деген мақалды қалай түсінетіндерін өз сөздерімен оқушылар айтып береді.

  7.Үйге тапсырма:     «Дүкенде» сұхбат құрастыру.      Сөздермен сөз тіркестерін құрастыр.           Сөздік сөздерді жаттау.

Бағалау.

Рефлексия: Дәптерлерінің шетіне бүгінгі сабақты қандай көңіл- күймен аяқтағандарын белгілейді.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016