Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Электрондық оқыту (e-learning) жүйесі – заман талабы(слайд)

Дюсенова Сауле Сабикеновна.E-mail:saule_sabiken@mail.ru

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Зеренді ауданы  әкімдігінің

«Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ХХІ ғасыр –ақпараттық қоғамның дәуірі,әртүрлі технологиялық мәдениеттің дамыған дәуірі болып саналады.Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігіне айналғаны айқын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында :Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫНДА « (E-learning) электрондық оқытуды енгізу — білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету»деп көрсеткен болатын. Еліміздің білім беру саласында түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар болды.Білім саласын жаңғырту барысында маңызды қадамдар жасалып,білім беруді дамыту барысында бағдарламалар жасалды.Жаңа инновациялық ақпараттық технологиялар тәжірибеге енгізіле басталды.Ақпараттық технология арқылы білімді жаңаша беру мүмкіндігіне ие болдық.Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту,оқу үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыруда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану жүзеге асырыла бастады.
Білімді дамыту барысында қабылданған бағдарламаның бірі-2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасы.Бұл бағдарламадағы негізгі басымдық- елімізге электрондық оқыту жүйесін енгізу.Электрондық оқыту жүйесін білім саласына енгізудегі ең басты мақсат — білім беру үрдісін үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Ал бұның артықшылығы неде?
— Әрбір мұғалім және оқытушы электрондық күнделік пен журналдарға тек ғана бағаны қоймай, әрбір оқушының үлгерімін қадағалай алады.
dssuz

— Әкімшілік үшін нормативтік-құқықтық базаны жүргізу, есептер мен құжаттаманы әзірлеу, персоналдың кадрлық есебі, мектептің сабақ кестесін әзірлеу – осының барлығын автоматтандыруға, жақсартуға және жылдамдатуға болады.
— Білім алушылар e-Learning-те оқуда жетістіктерге жету үшін барлық қажетті модульдер және жүйелер бар.
— Ата-аналар үшін өзінің баласының үлгерімі және қатысуы туралы дәйекті ақпараттарды жедел алу.
— Басқару органдары үшінбілім беру саласының жағдайы туралы статистикалық есептерді жедел алудың мүмкіндігі. Аналитикалық таңдауларды қалыптастырудың және әртүрлі аспектідегі сала дамуының динамикасын қараудың мүмкіндігі.
Ал негізгі құрауыштары төмендегідей:
1.Білім беру ұйымдарын басқару
2.Оқытуды басқару
3.Электрондық кітапхана
4.Тестілеу жүйесі
5.Ұлттықбілім беру деректерқоры
6.Статистика және есептер
7.Вебинарлар
8.Сынып бөлмесін басқару жүйесі
9.Оқу материалдарын әзірлеу
10.Білім беру ұйымдарының порталы
11.ББҰ порталы
12.Әкімшілендіру жүйесі.
Міне, осы жаңалық 2013-14 жылы біздің «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне де енгізілді.Оқу жылының басында электрондық оқыту жүйесіне ену үшін мектептің материалдық базасынығайтылды,яғни,Электрондық оқыту жүйесінде жұмыс жасау және әрбір оқу кабинетінде сабақ өткізу үшін оқушылар/оқытушылар үшін моноблоктар орнатылды,жобаның аясында жаңа модификацияланған 1+15 дербес компьютерлерден тұратын қосымша компьютерлік сыныппен қамтамасыз етілді,сандық подиум,жылжымалы компьютерлерге (11 ноутбуктерге)арналған шкаф-сейф,серверлік жабдықтары әкелінді.Цифрлық білім беру ресурстарына оқушылар және педагогтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін кітапханаларда дербес компьютерлер орнатылды.Мектеп толықтай желісіз Интернетке,яғни Wi-Fi-ға қосылды.Барлық құрылғылар орнатылған соң жұмысты жүргізу үшін мұғалімдерді жұмыс жасау барысымен таныстыруға арналған қысқа мерзімді 1 күндік семинарлар,мектеп басшыларына 5 күндік курстардан өткізу жұмыстары ұйымдастырылды.
Жүйеге еніп,оның жұмысын жүргізу ,әрине ,біршама уақытты және машықтануды талап етті.Ең негізгі талап, мектептегі оқу ісі меңгерушілеріне ОЖЖ енгізіп,әр ұстаздың жүктемесін,сабақ кестесін енгізу,ұстаздарға электронды журналды толтыру мүмкіндігін іске асыру қажет болды.
Ал электронды журнал жүйесі мынандай мүмкіндіктерді құрады:
— әр сынып үшін сабақ кестесін жариялау;
— оқушының күнделігін енгізу;
— баға қою;
— үй тапсырмаларының жазылуы;
— қалдырған күндерді және ескертулерді тіркеу;
— ата-анағаsmsхабарландырулар жіберу;

loading...

Яғни,мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспарын, сынып журналын, хабарландыру сервистерін (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болды.Оқытушының жүктемесі, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагог қызметін, есептілікті және т.б. шараларды оқу ісі жөніндегі меңгеруші жүзеге асырды.Міне ,осы тұста ұжымдағы компьютермен жұмыс жасай алмайтын мұғалімдерге қиындық туды және де қағаз жұмысы мен электронды оқытуды бірге алып жүру біршама уақыт тапшылығына әкеп соқтырды.Жұмыс барысын толық меңгере алмаған мұғалімдермен жеке жұмыс жасау қажет болды. Осы жерде Сенеканың мына бір « Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз»деген
сөзін айта кету орынды болар деп отырмын ,себебі біз өзіміз де ұстаздарға жаңалықты үйрете отырып,көп нәрсені сол тұстарда меңгеріп үйрендік.
Алғашқы айларда оқушы контингентімен жұмыс жасау,оқушының
күнделікті бағасын электронды журналға енгізу,сабақтарды уақытылы бастауда біраз кемшіліктердің туындады.Бірақ «Көш жүре түзеледі» демекші,ұстаздар қауымы қанша қиналса да бұл жұмысты да біраз меңгеріп алды.Тіпті зейнет алдындағы ұстаздар жас мамандарға үлгі бола білді.Уақытында КТЖ-ларын енгізіп,сабақтарын бастап,оқушы бағаларын электронды журналдарға мерзімінде қоя бастады.2013-14 оқу жылындағы алғашқы қадамдар осы негізде жасалып,жаңа 2014-15 оқу жылы басталысымен тарификация бекітілген соң ұстаздар қауымы бұл жұмысты жаңа қарқынмен бастады.

Жүйені енгізу барысындағы негізгі қиыншылықтар:
1. Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды игеру деңгейінің әртүрлілігі.
2. Интернеттің жылдамдығының азаюы
3. Екі жұмысты,яғни қағаз бен электронды түрін алып жүруге уақыттың тапшылығы;
4. Әлі де болса кей модульдерді толық меңгере алмауымыз.
Электрондық оқыту жүйесінің күшті жақтары
§ білім беру үрдісін үздік білім беру ресурстары мен технологияларына теңқолжетімділігімен қамтамасыз етілген;
§ Білім сапасын арттыру негізге алынған;
§ Мектептің материалдық-техникалық базасы қосымша нығайтылады;
§ Білім беру саласының жағдайы туралы статистикалық есептерді жедел алу мүмкіндігіне ие болдық.
§ Ата-анамен қарым-қатынас жаңа бір деңгейге ие болды.
§ Мектепті басқару жүйесі автоматтандырылған,яғни әкімшілік барлық қажетті есеп пен талдауларды даяр күйінде ала алады.
§ Ресурстардың жеткіліктілігі;Сандық білім беру ресурстары бар.
§ Оқушылардың оқуы үшін жақсы жұмыс тәртібі қалыптасқан.
§ Ата-аналардың көпшілігінде мектепке деген оң көзқарас қалыптасқан.

Құрметті сайт қонақтары егер осы презентаияны өзіңізге көшіріп алғыңыз келсе . Презентацияның оң жақ жоғары бөлігіндегі «Save» сөзін басыңыз.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016