Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Баяндама «Критериалды бағалау- сапалы оқу кепілі»

Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге бағытталған  жаңа білім беру жүйесі құрылуда. Білім беру парадигмасының орын алмасуы: жаңа мазмұн, өзгеше жағдай, өзгеше қарым-қатынас, өзгеше тәртіп, өзгеше педагогикалық менталитет қалыптасуда. Білім беру мазмұны жаңа ақпарат алмасу, ғылым мен нарық практикасындағы проблеманы шығармашылық түрде білім беру процесінде жеке тұлғаға бағытталған дағдылармен байытылуда. Педагогиалық технологиялар, жалпы білім беру деңгейіне барабар ғылымның рөлі артып келеді.

Жаңа инновациялық технологияларды пайдалану — заман талабы. Қазіргі жаңа талаптар оқушыға емес, қазіргі заман мұғаліміне қойылады, мұғалімдер тек «сабақ беруші» ғана емес, баланың оқу ортасын құра арлатын адам болуы керек. Педагогикалық технологияларды іске асыру үшін қалыпты емес жағдайда жұмыс істей алатын, технологиялық ұйымдастырылған білім беру процесін түсінетін, жаңа рөлді қабылдай алатын педагог болуы қажет. Ол үшін ол жаңашылдыққа дайын болуы керек.

Оқу процесінің тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы- заманауи педагогикалық технологияларды қолдану. Жаңа заман  мұғалімдерінің білім мазмұнына өзгеріс енгізе алатын, оқыту мен тәрбиеге жаңа әдістер мен технологияларды енгізе алатын зор шығармашылық әлеуеті бар.

Сабақ мақсатына жету үшін оқушылардың уәж дағдыларын дамытуға жағдай жасау керек. Бұны іске асыру үшін:

  • сабақта түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану;
  • әр оқушының сабақ процесіне белсене қатысуына жағдай жасау;
  • оқытуда сралап және даралап оқытуды қолдану;
  • бейімделушілікқабілеттерін, құрдастарымен және жеке жұмыс жасай алу қабілеттерін дамыту керек.

Оқушылардың өздері оқуға қатысқанда ғана оқу қызықты әрі тамаша болып шығады: жобалау, құрастыру, зерттеу,  ашу, осы сөздің шынайы мағынасында жаңалық ашу болып табылады. Мұның бәрі тек заманауи педагогикалық технологиялар негізінде өз бетімен білім алу жағдайында ғана жүзеге асады.

Қазіргі заманда оқушылардың белсенді танымдық және шығармашылық қызметі сұранысқа ие болу керек. Оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділігін дамытуда екі альтернативтік мәселені шешіп алу керек:

1) «Ұйқыдағы» оқушыларды ояту керек, яғни ортақ мақсатқа жету үшін белсенділігі жоғары оқушылардың арқасында белсенділігі төмен оқушыларды оқу процесіне тарту керек.

2) Заманауи қоғамның  шынайы проблемаларын шешуге тарту арқылы дарынды оқушылардың әлеуетін барынша ашу керек.

Қазақ тілі  сабағында қолданылатын педагогикалық технологияларды қолдану әдістері:

  • «Қорғаныс парағы»
  • «Сенім кредиті»
  • «Білім беру стратегиясы»
  • «Ризамын-риза емеспін»
  • «Зияткерлік сергіту»
  • «Кездейсоқтық ойыны»
  • «Мені сипатта»
  • «Өрмекші торы»

Бұл әдіс-тәсілдерді барлық сабақта тиімді қолдануға болады.

Менің бүгінгі тоқталғым келіп отырған тақырыбым — сабақта критериалды бағалаудың тиімділігі.

Мұғалімдер оқушылардың  үйренгенін  үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну, олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда  көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын  барлық тұстарды бағалауды талап етеді.

Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады. Түптеп келгенде, бұл мектептен тыс агенттіктер әзірлеген қандай да бір бағалаудың әдістеріне қарағанда, мұғалімнің оқушылар жұмысын айтарлықтай мұқият бағалау қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл бағалау сенімділігін (бағалаудың сырттай әзірлеген әдістеріне қарағанда, айтарлықтай көп ақпарат ұсынады), бағалаудың дұрыстылығын да (дәлелдеудің жеткілікті  ауқымын ) қамтамасыз етеді.

Ақпарат дұрыстығының сапасы мен  оңтайлы сенімділігі бірігіп, бағалау үрдісіне   кепілдік беріп,  сенімділігін арттырады.

Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды  мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.

Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде, бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескергені өте маңызды: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.

loading...

Сыныптағы сапалық жиынтық бағалау келесі мәселелерді қарастырады:

  • оқушыларды жеке оқу үлгерімі мониторингіне қатыстыру;
  • мұғалімнің ұмтылуға қажетті келешек мақсаттарын нақты қалыптастыру түсінігі мен қабілеттілігі;
  • оқушының еңбегін бағалауда мұғалімнің әр түрлі әдістерді пайдалана білуі;
  • мұғалімдердің оқу барысы мен нәтижелерін жазбаша белгілемей, әрбір оқушының оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік беретін, есеп беру үрдісін іске асыру;
  • мұғалімнің әрбір оқушымен тіл табыса алу қабілеті.

Жалпы мектепішілік сапалы жиынтық бағалау келесі мәселелерді көздейді:

  • мұғалімнің өзі жауап беретін оқушыларының еңбегі туралы есепті жүйелі түрде беріп отыру;
  • пікір айтудағы бір жақты пікірлерді жою мақсатында, әр түрлі мұғалімдердің қолданатын стандарт айырмашылықтарын жою;
  • мұғалімнен алған жиынтық бағалау нәтижелерін мектепте ойластырып қолдану (іске немқұрайды қарамау);
  • ата-аналарға/қамқоршыға оқушының оқу үлгерімі туралы ақпаратты беру жауаптылығы.

Әділ бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, сыныпта осы рәсімдерді жүргізуге қажетті тестілер мен тапсырмалардың  сапасына ерекше назар аудару керек. Мысалы, орта білім беру мұғалімдердің көбісі оқулықтан немесе өткен емтихан тапсырмаларынан  алынған тест сұрақтарын пайдаланады.

Сыныпта күнделікті бағалау үрдісі үнемі арнайы тапсырмалар мен тестілер әзірлеуді қажет етпейді. Көптеген жағдайларда оқушылардың оқу үлгерімін күнделікті сабақ уақытында бағалап, солардың негізінде қорытынды бағалауды жасаған да жеткілікті.

Осы бағалау нысаны ортаңғы сыныптар мұғалімдеріне қарағанда, әрбір оқушының жетістігі туралы ақпаратты жүйелеуге мүмкіндігі мол бастаушы сынып мұғалімдері үшін қолайлы.

Бағалау сенімділігі ең басында сынып немесе мектеп ішінде пайдалануға арналған жағдайда түбегейлі болып есептелмейді. Сондай-ақ, негізгі мақсаты оқыту негіздерін  қалыптастыру  болса, күн сайынғы жиынтық бағалауды реттеу  қажеттілігі жоқ.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы бағалау нәтижелері сырттай пайдалануға арналған жағдайда ғана қажет.

Қорытынды бағалауды сапалы жасау мұғалімдердің жоғары шеберлігін талап етеді.

Сонымен қатар, мұғалімдердің формативті бағалауы жиынтық бағалау талаптарымен бұрмаланбауы керек, ал бұл өте күрделі іс.

Кейбір оқушылар  сыныптастарына немесе мұғалімге баға бергеннен гөрі, өзін-өзі  бағалағанды артық санайды. Өзін-өзі бағалау түсінуді және сенімділікті дамытады. Ол мұғалімге қарағанда, оқушыдан көп жігерді талап етеді және жалпы алғанда тиімді оқыту әдістерінің сипаттамасы болып табылады.  Мұндай әдіс оқушылардың өзара бағалау әдістеріне жатады. Шын мәнінде, оқушының таңдауы бойынша бір немесе екі түрін өткізу үшін осындай қайнар көздерді пайдалануға болады. Оқушылардың  жауап үлгілерімен алмасуы, бірақ қажеттілігіне қарай, туындаған сұрақтарды бірігіп талқылай отырып, өз жұмыстарын тексеруі  «ымыралы» әдіс болып табылады.

Осы әдіс оқушыларға, сіздің ойлағаныңыздан гөрі, барынша көбірек ұнайды. Онда кері байланыстың жылдам әсері болғандықтан, өте ынталандырады, оның үстіне кері байланыс тезірек туындаған сайын ол барынша уәждейтін болады. Сұрақтар мен жауап үлгілерін өзін-өзі бағалау, шамамен, әрбір бес минут сайын өткізілетіндей етіп дайындап көріңіз. Бұл жерде Сіз оқушылардың жауап берген сұрақтарға қатысты жауап үлгілерін ғана көріп отырғандарына көз жеткізуіңіз қажет!

Кейбір оқушыларға өз жауаптарын жауап үлгілерімен салыстырудан олардың не үйренгенін жинақтау үшін көмек қажет болады. Сіз олардың бұны жазып алуын немесе жұмысты жалғастырмас бұрын, осы туралы айтып беруін өтіне аласыз. Олардан «осыны орындаудың ережелері қандай» деп сұраңыз. Жауап алғаннан кейін дұрыс жауаптарды белгілеңіз және «неліктен?» деп сұраңыз, яғни, аталған ереженің «неліктен» қолданатынын сұраңыз.

Жұптағы бірлескен жұмыс кезіндегі түсіндірудің  артықшылықтары

Тапсырмаларды түсіндіру’ оқушылардың өз түсігінін түсіндірулерін және оны тексерулерін талап етеді. Сондай-ақ осындай түсінік негізінде жасалған түзету жұмысы орындалуы мүмкін. Түсіндірулер сияқты шешуші тармақтардағы шоғырлану, әдетте қысқа. Ол оқушылардың өз түсініктерін оны ұзақ уақыт жадында сақтау мақсатында жіктеуін талап етеді.

Қорытындылай келе, сабаққа күнделікті критерий құрып, онымен оқушыларды таныстырып отырсақ, оқушылар өзін-өзі бағалауды үйренеді, сол сияқты өзгені де бағалауды үйренеді. Олар өз білімінің деңгейін сралап, алға ұмтылады, жақсы жетістікке жетуге тырысада. Сондай-ақ мұғалімге деген өкпе-реніш болмайды, себебі өз білімінің әділ бағаланатынына сенімді болады деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Мұғалімге арналған Нұсқаулық. Екінші басылым. ПШО 2014ж.

Интернет ресурстары.

«Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындалатын тапсырмалар». 2014. ПШО


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016