Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Бағдаршам

Баяғы өткен заманда бір суретші өмір сүріпті. Ол өзінің қылқаламымен неше түрлі суреттер салудан жалықпапты.Салған суреттеріне жан бітіріп, әп-сәтте орманға айналдырып,айналаны құлпыртып жібіретін сиқыры да болыпты.Суретші енді біраз ойланып отырып: -Тау-тасты,орман-ағашты сала бергенше,зәулім үйлер ,түзу көшелерді неге салмаймын деп ойланыпты. Сонымен суретші бала армандаған қаланың суретін салыпты.Зәулім үйлер, түзу көшелер,небір мәшинелерді салыпты да, өз ісіне мәз болып, жан бітіріпті.Қаланың көркемдігіне таң қалмаған адам қалмапты. Түзу көшелерден жүрген мәшинелерде шек болмапты.Қиылыстарда қаншама мәшинелер бір-біріне жол бермей шуылдасып жатады.Осы кезде суретші :- Мен қай жерде қателестім деп көп ойланыпты.Мәшинелердің үлкендері кіші мәшинелерді қағып өтіп, тіпті биік мәшинелер басып кете жаздайды.

-Қалайда бұларды тоқтауым керек,әйтпесе әдемі қалам аз күнде тозып кетеді.Ол үшін не істеуім керек деп ойланғанда:- Ей,достым бізбен қаншама жыл достастың,енді қиын күніңде саған көмектесейік деген дауысты естиді.

Бұл кім болды екен деп жан-жағына қарайды суретші.

-«Кім болушы еді,сенің сенімді серігің бояу»- дейді, күлімдеп.

-Сонда сендер маған қалай көмектесесіңдер-дейді.

loading...

SZHD

-Біз ақылдасып,мәшинелерге де,адамдарға да ыңғайлы болсын деп бояудың түстері арқылы оларды тоқтату керек деп шештік.

-Міне былай,қызыл өте ашық түс.Барлық мәшине де адамда тез көреді,егер қызыл көзін ашса, адамдар жүреді,ал жасыл көзін ашса, мәшине жүріп,адамдар тоқтасын,ал сары күлімдесе дайындалсын.

Суретші өзінің сенімді достарының сондай ақылды екеніне көзі жетіп,қуаныштан көзі бал-бұл жанады.

-Сендер сондай кереметсіңдер,ақылдысыңдар.Қалғандарың ренжімейсіңдер ме?- деп сұрайды. Көпті көрген көнекөз қария қоңыр түс:-Жоқ, балам, біз ақылдасып ортамыздан осы түстерді адамдарға қызмет етуге жіберіп отырмыз.Егер сен де бұған келіссең қалада шу болмас еді дейді.

Суретші тез арада қызыл,жасыл,сары түстерді дөңгелетіп қоя салады.Жол ережесіне жаңалық болғанын көріп,мәшинелер мен үлкенмін,мен дәумін демей бірінің артынан бірі жүріп, бір-біріне бағыныпты.Содан бері

суретшінің сенімді достары адамдарға осылай қызмет жасапты.Оны «Бағдар шам» деп атап кетіпті. Өйткені ол барлық уақытта мәшинелер мен жолаушылардың бағдарын анықтап отырыпты.Бояулардың бірлігі мен тапқырлығынан суретші риза болыпты.Содан бері бояулар осылайша бағдаршам болып адамзатқа қызмет жасапты.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016