Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Рефлексифтік күнделік.(Өткенге шолу күнделігі )

SZHD

011041

Осы әдемі сөздердің тізбегі ойыма орала берді.Мектептегі іс-тәжірибемді қалай өткеремін деп түн баласы ұйықтамай ойлаумен жатамын.Қалай болар екен……

Көптен күткен күн де жетті.Ауылыма деген сағынышым асығып алаулап алып бара жатса,екінші ойым әліде түсініксіз ойлар маза бермейтін қорқынышта басым.Қуаныш пен қорқынышты сәтім аралас сезіммен мектеп табалдырығына да жетіп қалыппын.

Мектебім-қандай ыстықсың маған.!Мен тек мектеп үшін жаратылған сияқтымын,кейде.Оқушыларым құшақ жая қарсы алып,күлімдеп қарайды.Енді біреулері менің келгенімді басқаларына хабарлайын деп сыныпқа қарай жүгіріп кетті.Көптен көріспеген туыстарша мәз-меймамбыз.Өз балаларымнанда ыстық сияқты.

loading...

-Тәтей енді кетпейсіз ба ? деген сұрақтармен жамырап жатыр.Шіркін сол кездегі бақытты сезінгенім ай!

Сондай жақсы көңіл күймен директорға бардым.Директор Дамира Амангелдіқызы мені жақсы қарсы алды.Өз жаңалығымен бөлістім.Директорда жаңалыққа жаны құмар.Жақында мектеп директорларының арасында өткізілген коучингке барып келгенін,жақсы ақпараттар алғанын айтып өтті.Директормен ақылдаса отырып мұғалімдерге коучинг сесияның уақытын белгілеп алдым.Әріптестерімде  мені құшақ жайып қарсы алды.

8.04

Барлық іс-әркеттерімді жоспарлап отырмын.Мектеп әкімшілігі мен әдістеме басшыларымен кездестім. 3  деңгейді бітіріп келген әріптестерімен де  ой бөлістім.Алда мені талай асулар күтіп тұр.

9.04

Бүгін тамаша күн болады деп жоспарлаудамын. Мұғалімдерден,ата-аналардан сауалнама аламын.

Сағ:15 Алынған сауалнамалардың біразын қарап шықтым,кейбіреуін өзіме түртіп алып отырмын.Қазірше нәтиже жаман емес сияқты. Желілік қауымдастық құрып аудан орталығына шақырған,бірақ бара алмадым.Жоспарлаған жұмыстарымды тастап кете алмадым.Оған өкінгенім жоқ…


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Адам бүгінгісіне қарап,ертеңгісін дұрыс жоспарлауға тырысады. Сондықтан,өзіңе өзің күнде есеп бергенде тұрған ештеңе жоқ. Сен жақсы бағыттасың, АЛҒА!

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016