Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

«Ер Төстік» — қиял ғажайып ертегі

Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» — қиял ғажайып ертегі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Ертегінің  мазмұнын меңгерте отырып, тақырыбы мен идеясын ашу.

2.Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту, өзіндік пікірлерін еркін айтуға баулу.

3.Тәрбиелік:Жас ұрпақты шындыққа, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Ассоциация», «Жигсо», «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою», «Сатылау» әдісі, Топтастыру стратегиясы

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың типі:Жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

 Үй тапсырмасын тексеру.

 Білім  тексеру:

  1. Ертегілерде нелер  баяндалады?
  2. Ертегілер бізге қалай  жеткен?
  3. Ертегілердің қанша  түрі  бар?
  4. Хайуанаттар туралы ертегілер  деген не?
  5. Қиял – ғажайып ертегілер  деген не?
  6. Ер Төстік ертегісі қандай  ертегіге  жатады?

І.Қызығушылықты ояту.

«Ассоциация» әдісі.

resrt1

gzaІІ. Мағынаны  тану.

«Жигсо» әдісі бойынша ертегі мазмұнын меңгерту.

Жоспар  құру.  Осы  жоспар  бойынша  бөлімдерге  бөлу.

  1. Ер Төстіктің дүниеге келуі
  2. Өрмек тоқып отырған кемпір

3.Ер Төстіктің ағаларын  іздеуі

4.Ерназардың  ұлдарының  елге  келуі

loading...
  1. Ерназардың келін алуы
  2. Бекторының тұсау құруы
  3. Ерназардың жалмауыз кемпірдің  құрсауына  түсуі

8.Ер Төстіктің  достары

9.Жер  асты  оқиғасы

10.Кенжекейдің  ақылы

11.Ер Төстіктің  әкесін құтқаруы

«Сатылау» әдісі арқылы ертегі құрылысына талдау.

1.Кіріспе-экспозиция.

  1. Байланыстар
  2. Шиеленіс
  3. Шарықтау шегі
  4. Шешуі

Жауаптар:

1.Кіріспе: керегеде ілулі тұрған төстікке шал  мен кемпірдің  көзі түсіп,  оны асып жеп, дүниеге  ұл бала келуінен  басталады.

  1. Ертегідегі байланыстар: ғажайып оқиғалар тамыры кер биенің төстігінен басталады. Ертегідегі негізгі байланыс: Ерназардың Сарқұдыққа қонуы, жанынан қорқып Төстіктің егеуін қалдырып кетуі.
  2. Оқиға шиеленісуі: Мыстан кемпірден қашқан Төстік жер астына түсіп кетті.

Төстіктің жер астынан жер бетіне шыққанға дейінгі басынан өткен оқиғалары  баяндалады.

  1. Ертегінің шарықтау шегі: Шойынқұлақты жеңіп, үйіне келуі, сүйікті жары Кенжекеймен қосылуы.
  2. Кітаппен жұмыс: Оқушылар ертегінің аяқталуын оқиды.

ІІІ. Рефлексия.

1.«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі.

1.Оқылған  мәтіннің мазмұнына әр деңгейлі сұрақтар қою.

  1. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақ қояды және талқылайды.
  1. Топтастыру стратегиясы:

resrt2

 

ІV. Үйге тапсырма.

«Еркін жазу» әдісі

«Халық арманынан туған кейіпкер»(ойтолғау жазу).

V.Бағалау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016