Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Төрт түлік туралы жырлар

gza

Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар

1.Білімділік:Төрт түлік туралы жырлардың шығу тарихымен таныстыру;

Жырдың идеясын таныта отырып мазмұнын ашу.

2.Дамытушылық:зейінін, таным әрекетін арттыру; шығармашылық қабілетін дамыту; өз ойларына талдау жасауға дағдыландыру.

3.Тәрбиелік:төрт түлік малды қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Ой қозғау», «Кілттік сөздер», «Еркін жазу»

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» әдісі.

Сұрақ:Төрт түлік туралы не білеміз?

Оқушылар өздерінің төрт түлік туралы білгендерін ортаға салады.

ІІ. Мағынаны тану.

1. «Кілттік сөздер» әдісі.

(Сурет бойынша әдіс)

1.Тақтада берілген тірек сөздерге түсінік беру (5 минут)

2.Берілген сөздерді қатыстырып әңгіме, өлең құрастыру, өз болжамдарын жазу.

loading...

3. кітапта берілген жаңа сабақтың мәтінімен танысу барысында «Өз» болжамы мен берілген «түпнұсқаны» салыстыру.

4.Тірек сөздерге қайта оралып, табылған сәйкестіктер мен үйлесімсіздікті талдау.

Кілт сөздер:

Шопан ата

Қамбар ата

Зеңгі баба

Шекшек ата

Ойсылқара

(Сурет бойынша әр төлдің пірін сәйкестендіру)

2.Оқулықпен жұмыс.

1. «Малдың баласын сүюі» атты өлеңді мәнерлеп оқу

2. «Төрт түлік мал туралы» атты өлеңді тізбектеп оқу

ІІІ. Рефлексия.

1.Жаңа сабақты бекіту:

1. Өлеңнен төтр түлік малға қазақ халқының қалай қарағанын аңғарыңдар

2. Әрбір түлік төлінің сипатын ақындық тілмен айтыңдар.

3. Өлеңдегі әрбір төлдің сипатына лайықтап шағын суреттемелер жазыңдар.

4. Өлең шумақтарын жалғастырып жазып көріңдер.

2.«Еркін жазу» әдісі.

1) «Төрт түлік малдың пайдасы тақырыбында ойларына не келсе, соны үздіксіз

(5,10 минут) жазғызу.

2) Жазғандарын әуелі жұпта бір-бірін оқып беру, сосын топта оқыту.

ІV.Бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Төрт түлікке байланысты жырларды жаттау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016