Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Жұмбақтар, олардың мәні

Сабақтың тақырыбы: Жұмбақтар, олардың мәні

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Жұмбақтардың тақырыптарын, құрылысын, тілдік қолданысын меңгерту; халық өміріндегі маңызы мен туу себептерін таныту.

2.Дамытушылық:ойлау қабілетін, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік:тапқырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу; ұжымдық өмір әрекеті дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың әдісі:  «Түртіп алу», «Ой қозғау», «Синкуейн», «Сұрақ қою» әдісі

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың типі:  Жаңа білім беру.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.

«Ой қозғау» әдісі.

  1. Жұмбақ дегеніміз не?
  2. Қандай заттар жұмбақ болады?

ІІ. Мағынаны тану.

«Түртіп алу» әдісі.

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам:Мәтінді өз бетінше оқи отырып төмендегі белгілермен белгілеу:

«V»- маған таныс

«+» — мен үшін  жаңа

«-» -мен білетін түсінікке сәйкес емес

«?»- бұл туралы тереңірек  білгім келеді

2-қадам:Өз бетінше оқыған  мәтіннің  нәтижесін жұпта , сосын топта талқылау.

gza

Жаңа тақырып

Жұмбақ – ауыз  әдебиетінің  ертеден  келе  жатқан  түрі.  Ол  адамдардың  бір нәрселердің     белгілерін  екінші  нәрсенің  белгілері  арқылы жұмбақтап  айту  өнері.  Жұмбақ  мақал – мәтел  сияқты  тақпақтап,  ұйқастырып айтылады. жұмбақтар  өте  ертеден  келе  жатқанмен, әр  уақытта халық  оның  жаңа  түрлерін  ойлап  шығарып  отырған. М.Әуезов «Жұмбақ  адамның  дүниетану  жолындағы  ойының,  қиялының  шамасын  білдіреді» деген.  Жұмбақ болатын  заттар: аспан әлемі,  жыл мезгілдері,  қоршаған  табиғат,  тұрмыстық  заттар,мал,  жан – жануарлар, адам  оның  дене мүшелері,  еңбек  құралдары,т.б.  әр  түрлі  заттар  мен  құбылыстар,  білім  өнер  ұғымдары. Жұмбақтар  соған  байланысты  тақырыбы  жағынан да  сан  алуан.  Өздерің  де  кез  келген  нәрсені  жұмбақтап,  ұйқасын келтіріп  құрастыруларыңа  болады.

loading...

ІІІ. Рефлексия.

1.«Синкуейн» әдісі.

(«Бес жолды өлең»)

Бірінші жол-тақырыптың атауы

(Зат  есім)

Екінші жол- тақырыпты сипаттайтын сөз (әдетте сын есім айтыңдар)

Үшінші жол-тақырып туралы

Қимылды білдіретін үш сөз

(әдетте  етістік алынады)

Төртінші жол-тақырыпқа қатысты

Төрт сөзден тұратын сөз орамы.

Бесінші жол- бір сөз –тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.

Үздік синкуейн:

Тақырыптың аты: жұмбақ

Сипаты: қызықты; ойлы

Қимылы: айтамыз; жасырамыз; ойланамыз

Нақыл сөз: Жұмбақ-ұйқасты сөздер тізбегі

Тақырыпқа синоним сөз: Жасырын

 

2.«Сұрақ қою» әдісі

 

  1. Жұмбақ дегеніміз не?
  2. Жұмбақтар қалай  пайда  болған?
  3. Жұмбақ болатын  заттар  нелер?
  4. Жұмбақтардың тақырыбы  қандай  болады?
  5. Жұмбақтарды қалай  құрастыруға болады?                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Оқулықпен жұмыс.
  1. Жұмбақтарды  оқып,  олардың  тақырыбын,  нені  танытатындығын  айтыңдар.
  2. Жұмбақтың қысқа да,  ұзын да  болатынын, оны  біреу  айтып, енді  біреу  шешу  керектігін  ескеріңдер.
  3. Жұмбақ болған  нәрселерді  екінші бір  затқа  теңеп  ұқсатып,  қарама – қарсы  қойып  айтқан  сөздерге  мысал  келтіріңдер.
  4. Өздерің жұмбақ  құрастырыңдар.

 

ІV. Үйге тапсырма

1.Ойдан 5 жұмбақ құрастыру.

  1. Жұмбақ туралы түсінік

 

  1. Бағалау.

KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016