Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

8 сынып Әдебиет

Сілтеме Әдебиет оқулығы интернет көзі

Сабақ тақырыбы М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»

Жалпы мақсаттар Білу.М. Мақатаев туралы мәлімет беру.

Түсіну. Поэманың мазмұнын игеру

Қолдану.Ой-пікірін анық жеткізуге жетелеу

Түйінді идеялар Киелі. Тазалық. Қасиет.

Оқыту нәтижелері 1. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға бере алады.

2.Поэманың мазмұнын игереді

3.Топта өз ойларын көзқарастарын қорғай алады.

zhma

Көрнекіліктер Суреттер, слайд-таныстырылым, постер, маркер, бағалау парақтары, қорап

Дереккөздер оқулық, дерекнама, сайт

Сабақ барысы Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

І.Кіріспе: 2 минут Топқа бөлу: тақырыпқа қатысты Оқушылар топқа бөлінеді. Топта

тірек сөздер арқылы үш топқа бөлу өзара әрекет етеді.

«Аққу», «Ана», «Табиғат»

ІІ.Үй тапсырмасы: 5 минут. Поэманың композициялық элементтері. Оқушылар өткен сабақ бойынша

Поэманың композициясы туралы не сұрақтарға жауап береді.

айтасыңдар?

Оқиға қалай басталады?

Оқиғаның байланыс қандай?

Оқиғаның дамуын қалай түсінесіңдер?

Психологиялық шегініс жасасақ,

ананың қандай көңіл – күйі берілген?

Оқиғаның шиеленісуі не?

Оқиғаның шарықтау шегі?

Оқиғаның шешімі?

Оқиға соңы? Эпилог.

ІІІ.Жаңа материалдың тұсаукесері Сөйлемдер банкісі

-Өзен де жоқ сыймаған арнасына, Жылға да жоқ даламен жалғасуға.

-«Адамның басы-Алланың добы» деген, қалай қарай тепсе, солай қарай домалайтын көрінеді.

-Арагідік назарын аударады,Төрт бүктеліп еденде қалған жарға.

-Қысқа таң, Бұлбұл үні. Көл бетінде Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

-Жартастың бір жағы шың, бір жағы су… Тау іші қалың орман, жап-жасыл ну.

-Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ,Аппақ нұр аппақ нұрға асылады.

loading...

-Екі аққу көлеңдейді қатар жүзіп, Күмістей айна көлге шыймай сызып.

-…Көзінен жас, көңілінен зар төгіліп, Болған жайтты келіні баяндады.

-Ақ төсек-аппақ айдын, аққу- бала, Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?

Мадақтау арқылы бағалау

— Балалар, «қасірет» деген не, «қасиет» деген не?

-Бұл екі сөздің бір-бірімен байланысы бар ма?

-Олай болса, бүгін біз сөз еткелі отырған шығарма “Аққулар ұйықтағанда» поэмасы — ана қасіреті туралы поэма. Бүгінгі сабағымызда «қасірет» пен «қасиет» туралы сыр шертеміз.

Әркім өз ойларын айтады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

ІҮ.Қолдану 20 минут Кезбе тілші әдісі

Студияға бір оқушы телефон соғады. Сол хабар бойынша үш топ хабардың бағдарламасын жасайды.

І топ — Телестудиядағы диктор. Оқиға туралы жиынтық ақпарат береді.

ІІ топ – Тілші: оқиға орнынан ақпарат ұсынады.

ІІІ топ – Тілші: куәгерден (жылқышы қарттан) сұхбат алады.

1. Жеке жұмыс 2 мин

2.Жұптық жұмыс 2 мин

4.Топтық жұмыс 10 мин

5.Қорғау 6 мин

Екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша бағалау . Бірінші жеке орындайды.

Екінші жұппен талқылайды.

Үшінші топпен толықтырып,

Өз жұмыстарын сыныпқа жариялайды.

Оқушылар екі жұлдыз, бір ұсыныс бойынша топтар өзара шынайы бағалау жасайды

Ү.Қорытынды Кеңейтілген тапсырма

І Сәйкестендіру

1.Теңеу А. Сұрқай ой, бозала таң, айдын көл, байғұс әйел, аппақ нұр.

2.Метафора В. Сүйіншісі бар дегендей, тамшысындай

3.Эпитет С.Айдын -төсек, ақ төсек-аппақ айдын,аққу-бала.

ІІ.Өлеңнен кейіптеуді табу, ережесін айту

Кейіптеу

ІІІ. Символ деген не? Поэзияда символға айналған бейнелерді ата.

Оқушылар жеке, топтық жұмыс жасап, үздік деген жауапты таңдап, анықтайды.

Өз тобының жауабын мұғалім ұсынған жауап үлгісімен салыстырып,топ мүшелері өзара бағалайды.

Оқушылар жазғандарын топ ішінде оқып, топ ішінде өзара бағалау.

ҮІ.Рефлексия Не ұнады? Не қиын болды? Ұсынысым

ҮІІ.Үйге тапсырма: Үзінді жаттау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Жақсы жазылған, тақырып жан- жақты қамтылған.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016