Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Сабақ жоспары «Алдар көсе туралы аңыздар»

Қазақ әдебиетінен күнтізбелік- сабақ жоспары.

uzdLAZ


Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 5 «Б» Өткізетін күні: 20.01.12
Сабақтың тақырыбы: Алдар көсе туралы аңыздар.
Сабақтың мақсаты:
1) Оқушылардың Қожанасыр, Алдар көсе туралы білетін ақпаратттарын кеңейту. Іздендіру арқылы жаңа тақырыпты меңгеруге ықпал ету.
2) Оқушы бойында адамдық ізгі қасиеттерді қалыптастыруға, жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге, адамгершілікке, адалдыққа баулуға орта құру.
3) Оқушылардың өзіңдік ізденісін, ойлау қабілетін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға, өз пікірін ашық та еркін жеткізуге жағдай жасау.
Сабақтың міндеті:
1. Өз пікірін жеткізе білуге үйрету;
2. Шығармашылық жүмыстар арқылы дүниетанымын кеңейтуге жағдай туғызу;
3. Оқушыларды жеке, жұпта, топта жұмыс жасай білуге бағыттау.
Сабақтың түрі: ізденіс, жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың технологиясы: СТО, саралап деңгейлеп, интерактивті
Сабақтың типі:білімді жинақтау, жүйелеу сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, топтық, жекелей, жұптық, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі, суреттер, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: музыка, тарих
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу, сабаққа бейімдеу.
ІІ. Өткенді қайталау: Балалар, кез келген халықтың ауыз әдебиеті бар. Қазақ халқының да өз әдебиеті бар. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
Әдебиет түрлері айырмашылығы ұқсастығы
Ауыз әдебиеті Ұжымдық, көп нұсқалы, авторы жоқ Көркем туынды
Жазба әдебиеті Жеке, авторы бар, бір нұсқалы
Әдебиет түрлері айырмашылығы ұқсастығы
Ауыз әдебиеті Ұжымдық, көп нұсқалы, авторы жоқ Көркем туынды
Жазба әдебиеті Жеке, авторы бар, бір нұсқалы
— Аңыз дегеніміз не?
— Аңыздың қандай түрлері бар?
— Аңыз бен ертегінің ұқсастығы неде?
-Аңыз бен ертегінің айырмашылығы қандай ?
— Аңыз кейіпкерлері кімдер?
— Аңызда олар қандай адам болып суреттеледі?
Үй жүмысын тексеру: — Балалар, қазақ аңыз әңгімелерінде ерекше орын алатын кейіпкер —
Қожанасыр. Қожанасыр туралы көптеген қызықты аңыздар бар.Үй
жұмысы, сол аңыздардың біреуін «Қожанасырдың тойға баруы»
дайындап келу болу. Кім көрініс көрсетеді? (оқушылар шығып, көрініс
көрсетеді).
Қорытындылау, оқушыларды бағалау. – Қожанасыр қандай кейіпкер?

loading...

Жаңа тақырыпқа 1. Қазақ аңыз әңгімелерінің бір тобы – Алдар көсе атымен дайындық кезеңі: байланысты екенің сендер білесіңдер. Ол қандай адам болғаның,
қандай қулықтар жасағанның біз ол туралы аңыздардан білеміз.

2. Қызығушылықтарын ояту. (Алдар көсе туралы мультфильм қарау).
— Алдар көсе қандай адам? (көңілді, қу, ақылды)
— Мультфильм ұнады ма?
3. Жаңа сөздермен жұмыс:
Алдар көсе – безбородый обманщик
мұратына жету – добиться поставленной цели
қу жауырын – лопаточная кость без мяса
шикі ет – сырое мясо
пісіру- варить
сорлы несчастный
сүйек- кость тоқты- годовалый ягненок
суырып алу- вытащить сою- резать
қора- скотный двор таң қалу — удивляться
кедей – бедны
Жаңа тақырып: 1. Оқулықтарынды ашыңдар аңызды тыңдандар. (үнтаспадан
дауыс)

2. Шығармамен жұмыс:
а)Бір абзацтан оқып, мазмұның орысша айтып беріңдер.
в) Сұрақтарға жауап беру:
— Алдар көсе не тауып алады?
— Ол қайда келеді?
— Байдың әйеліне не дейді?
-Содан кейін не дейді?
— Байды қалай алдайды?

3. Аңызды рольмен оқу.
Алдар көсенің бірінші байдың үйіне келіп, қалай алдағаның тауып
оқыңдар.

4. Шағарманы талдау:
Шығарма кестесі:

Шығарманың аты Алдар көсе
Шығарманың авторы
Оқиға орны
Кейіпкерлері
Идеясы

Шығарманың композициялық құрылымына талдау:

Оқиғаның басталуы
Оқиғаның дамуы
Оқиғаның шиеленісуі
Оқиғаның шарықтау шегі
Оқиғаның шешімі

Динамикалық характері:

Алдар көсе ақылды тапқыр ержүрек ….

Бай надан қорқақ саран …

Кейіпкерелерді салыстыру:

Тілі мінезі Тілі мінезі

Алдар көсе Бай

Қоршаған орта іс-әрекеті Қоршаған орта іс-әрекеті

Жаңа тақырыпты (шығарманы) бекіту: Топтық жұмыс: (сұрақтарға жауап
бере отырып,мәтіннің мазмұның айту)

І-топ: — Бір күні Алдар көсе (не?) тауып алды. ІІ-топ: — Алдар көсе (қайда?)келді.
— Ол (кімнің?) үйіне келді. – Алдар (кімді?)алдайды.
-Алдар (кімді?)алдады. – Қойын (неге?) айырбастайды.
-Қу жауырының (неге?) айырбастады. -Байды (қалай?)алдайды.

ІІІ- топ. (шығармашылық). Өлеңді жалғастырыңдар.
1)Алдар көсе қу адам, 2)Алдар баймен кездескен,
Байларды ол …(алдаған). Халқы үшін … (күрескен).
3)Алдар біздің айлакер,
Алдап жүріп ол … (жеңер).

Қорытындылау: «Кубизм» әдісі арқылы.
1. Суреттеңіз: Алдар көсені суреттеңдер
2. Салыстырыңыз: Алдар көсе мен өз досыңды салыстыр.
3. Талқылаңыз: Алдар әділсіздікті жеңу үшін байды алдайды.
4. Не елестетесіңдер: Шығарманы оқығанда көз алдарында не елестетесіңдер?

Сабақтың басында қойылған проблемалық сұраққа жауап беру.
Бағалау.
Үй жұмысы: «Алдар көсе» аңызын мазмұндау.


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

комментариев 7 Пікір қосу

  • Тамаша сабақ

  • Сабағыныз қызықты екен№

  • САБАК ЖОСПАРЫНА РАХМЕТ

  • Шығарма «Мен сүйетің аңыз кейіпкері «

  • қалай көшіруге болады?

  • Сайтқа тіркелу арқылы.

  • Сабақтың жоспарында ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы айтылған. Ал енді «ұқсастығы» деп жазасыз да, оған қайтып оралмайсыз.

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016