Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз.

Тәуелсіз Қазақстан(6-сынып)

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 6 сынып

Сабақтың тақырыбы:   Тәуелсіз Қазақстан.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өтілген материалдарын қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту, жаңа сабақты меңгерту, тақырыпқа байланысты өз ойларын айта білуге үйрету. Тапсырмалар орындау арқылы сан есім туралы алған білімдерін еске түсіруге жағдай жасау.

Дамытушылық: проблемалық жағдай туғыза келіп, оқушының ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: патриоттық сезімдерін оятып, тілге деген құрметке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Қазақстанның 20 жыл ішінде жеткен жетістіктерін талдай отырып, оқушылардың білім деңгейін өсіру; сөз мағынасын түсіне білу, оқу, жазу арқылы оқушының ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізу. Өз-өзіне  баға бере білуіне тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: интерактивті оқыту әдісі, мәтінмен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап, сөз тіркестер мен сөйлемдер құру, түсіндіру, сұхбаттасу, интернет желісіне шығу, іздену, деңгейлеп оқыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, видеоролик, компьютер,

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.

Қолданылған технологиялар: іздену, саралап деңгейлеп, ақпараттық технологиясы.

uzdLAZ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  Кезеңнің мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

А) оқушылармен сәлемдесу.

Ә) Кезекшімен сұхбат.

В) сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Ойшақыру:

—          Біз қай мемлекетте тұрамыз?

—          Қазақстан қандай мемлекет?

—          Тәуелсіз деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

—          Өзіміздің рәміздеріміз, астанамыз, президентіміз, теңгеміз, мемлекеттік тіліміз бар.

Фонетикалық жаттығу:

Мақсаты: оқушылардың тілдерін жаттықтыру.

Отан –жерім, Отан – суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

  1. Оқушылар жасырылған дыбыстарды анықтайды ,тілдерін жаттықтырып, мәнерлеп оқиды.
  2. Осы дыбыстарға сипаттама береді.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

Кезеңнің мақсаты: үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындауын тексеру.

Қазақстан Республикасының  ту мен елтаңбасы туралы әңгімелеу.

ІІІ. Жаңа тақырыпқа дайыңдық кезеңі:

 Кезеңнің мақсаты:

  1. Оқушылардың қызығушылығын мотивациялау.

—          осы үзіндіден қандай ой түйіндедіңдер?

Оқушылар «Қазақстан» тақырыбына байланысты  видео сюжет қарайды.

(видео сюжет бойынша ой- қозғау).

Оқушыларға сабақтың проблемалық сұрағы ұсынылады.

Мақсаты: осы сұраққа жауап іздей отырып, жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды, белгілі бір мәселені шешуге, жоғары белсенділіктерін дамыту, өз пікірін айтуға үйретеді.

— Тәуелсіз Қазақстанымыздың 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері қандай?

  1.  Жаңа сөздермен жұмыс:

Кезеңнің мақсаты:  жаңа сөздермен танысып, дұрыс айтылуы мен жазылуын қадағалау және оқушылардың сөздік қорын байыту.

1)   Шаңырақ –  купол юрты

Тұлпар –  скакун

Тік бұрышты- остроконечный

Қыран құс- орел

Бейне –  образ, изображение

Қалықтайтын — парящий

Сан сырлы – различный

2) Мақсаты: тілдерін, ойлау, сөйлеу  қабілетін дамыту.

Сөздік карта бойынша жұмыс түрін өткізу:

makala1234

 

ІV. Жаңа тақырып.

Кезеңнің мақсаты: оқушылардың білімін кеңейту, өз ойын жеткізу қасиеттерін дамыту.

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Оқушылар мәтінді тыңдайды (жаңды дауыс).

Тәуелсіз Қазақстан.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз  мемлекет.

Оның жері кең-байтақ . Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғаты тамаша. Халқының саны 15 миллионнан  асады.

Қазақстанның ұлан – байтақ даласында мол байлық бар,бұл-сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар.

Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы- Астана. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Еліміздің тұңғыш Президенті —  Н.Ә.Назарбаев.  Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.

 

  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді:

—          Қазақстан қандай мемлекет?

—          Қазақстан қайда орналасқан?

—          Халқының саны қанша?

—          Қазақстан немен бай?

—          Қазақстанның бас қаласы қандай қала?

—          ҚР тұңғыш президенті кім?

V. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі:

Кезеңнің мақсаты: алған жаңа мәліметті бекіту.

1)Деңгейлік тапсырмалар орындау:

ІІІ- деңгей. (барлығына міндетті түрде)

Жоспар.

1.Қазақстан –көп ұлтты мемлекет.

2. Қазақстанның байлығы.

3. Қазақстанның рәміздері.

4. Қазақстанның астанасы.

5. Қазақстанның тұңғыш президенті.

 

Мәтін бойынша жоспар құрастыру.

ІІ- деңгей. ()

Диалог қ ұрастыру.

— Қазақстан қандай мемлекет?

……..

— Қазақстан Республикасының халқының саны қанша?

………

— Қазақстанның рәміздері?

………

-Қазақстанның тұңғыш президенті кім?

……

 

І – деңгей. (шығармашылық деңгей)

Мәтінді жалғастырып, өз ойларын жеткізу.

Біздің еліміздің  ……..(орман, таулар, көлдер)   көп.

Қазақстан  ……(астыққа) бай.

Қазақстанда сирек кездесетін …(аңдар, құстар) бар.

VI. Ізденушілік жұмыс.

Кезеңнің мақсаты: жаңа тақырып бойынша білімдерін кеңейту бойынша, іздену жұмысын ұйымдастыру.

Оқушылардың ізденушілік қабілеттерін дамыту мақсатында интернет желісіне шығу арқылы, оқушылар мұғалімнің берілген сұрақтары бойынша жұмыс жасайды.

Сұрақтар «Қазақстанның 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері» тақырыбында болады.

loading...

-Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?

— Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қай жылы    сайланды?

-Қазақстан Тәуелсіз Республика болып қай жылы жарияланды?

-ҚР тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров қай жылы ғарышқа ұшты?

-ҚР мемлекеттік рәміздеріқай жылы қабылданды?

-ҚР ұлттық валютасықай жылы айналымға еңді?

-Астана қаласықай жылы Қазақстанның елордасы болды?

-Қазақстанда қай жылы қысқы Азиада ойындары өткізілді?

   Жауаптары:

1991 жылы  16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының

тәуелсіздігін жарияланған жылы.

1991 жылы  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының

тұңғыш президенті сайланды.
1991 жылы  10 желтоқсан  – Қазақстан Тәуелсіз Республика

болып жарияланды.

1991 жылы  — ҚР тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.

1992 жылы 4 маусым- КР мемлекеттік рәміздері қабылданды.

1993 жылы 15 қарашада – ҚР ұлттық валютасы айналымға еңді.

1997 жылы  — Астана қаласы Қазақстанның елордасы болды.

2011 жылы – Қазақстанда қысқы Азиада ойындары өткізілді.

  1.   Грамматиканы қайталау:

 Кезеңнің мақсаты: сан есімнен қайталау арқылы оқушының білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

—          Сан есім деген не?

—          Сан есім құрамына қарай қандай болады?

—          Сан есімнің сұрақтары қандай?

2)      Сан есімдерді  сауатты жазуы мен құрамына қарай ажыратылуын анықтау.

Сан есімдерді сөзбен жазып, көшіріңіздер.

Мен 6 сыныпта оқимын. Концерт 19.00 басталады. Әкемнің жасы 45. Бүгін бізде 5 сабақ болды. «Алматы » қорығында құстардың 200 түрі бар. Ыбырай Алтынсарин 1864 жылы қазақ қыздары үшін мектеп ашқан.

3)  Перфокарта қосу  таңбасы арқылы сан есімдерді ажыратып, белгілеу.

makala000123

VIII. Өткен тақырып бекіту  (тест).

Кезеңнің мақсаты:  өткен тақырыпбойынша оқушылардың білімдерін тексеру.

  1. Қазақстан қайда орналасқан?

А) Еуразия орталығы

В) Еуропа

С) Еуразия

Д) Солтүстік

Е) Оңтүстік

  1. ҚР туының түсі қандай?

А) сары

В) көгілдір

С) қызыл

Д) жасыл

Е) ақ

3) Қазақстанның астанасы қай қала?

А)  Алматы

В)  Астана

С)  Қызылорда

Д)  Шымкент

Е)  Жамбыл

4) ҚР тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?

А)  1999 ж.

В)  1992 ж.

С)  1991 ж.

Д)  2002 ж.

Е)  1993 ж.

5) Астана қаласы қай жылы Қазақстанның елордасы болды?

А) 1993 ж.

В) 1995 ж.

С) 2001 ж.

Д) 1997 ж.

Е) 1991 ж.

6) ҚР тұңғыш ғарышкері?

А) Т.Бигельдинов

В)  Т.Мұсабаев

С)  О.Сүлейменов

Д)  Ш.Айтматов

Е)  Т.Әубәкіров

7) ҚР мемлекеттік тілі қай тіл?

А)  қазақ

В)  орыс

С)  араб

Д)  ұйғыр

Е)  ағылшын

8) Қазақстан халқының саны қанша?

А) 10 млн.

В)  25 млн.

С) 15 млн.

Д) 30 млн.

Е) 12 млн.

  1. Сабақты қорытындылау:

Кезеңнің мақсаты: оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылау.

     Сабақтың басында берілген проблемалық сұраққа жауап бере ала отырып, сабақты қорытындылау.

makala3564

 

 

Тәуелсіз Қазақстан.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз  мемлекет.

Оның жері кең-байтақ . Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғаты тамаша. Халқының саны 15 миллионнан  асады.

Қазақстанның ұлан – байтақ даласында мол байлық бар,бұл-сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар.

Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы- Астана. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Еліміздің тұңғыш Президенті —  Н.Ә.Назарбаев.  Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.

 

 

 

 

 

Тәуелсіз Қазақстан.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз  мемлекет.

Оның жері кең-байтақ . Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғаты тамаша. Халқының саны 15 миллионнан  асады.

Қазақстанның ұлан – байтақ даласында мол байлық бар,бұл-сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар.

Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы- Астана. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Еліміздің тұңғыш Президенті —  Н.Ә.Назарбаев.  Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.

 

 

Тәуелсіз Қазақстан.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз  мемлекет.

Оның жері кең-байтақ . Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғаты тамаша. Халқының саны 15 миллионнан  асады.

Қазақстанның ұлан – байтақ даласында мол байлық бар,бұл-сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар.

Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы- Астана. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Еліміздің тұңғыш Президенті —  Н.Ә.Назарбаев.  Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.

 

 

 

Тәуелсіз Қазақстан.

Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан- көп ұлтты, егеменді, тәуелсіз  мемлекет.

Оның жері кең-байтақ . Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан. Қазақстанның табиғаты тамаша. Халқының саны 15 миллионнан  асады.

Қазақстанның ұлан – байтақ даласында мол байлық бар,бұл-сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер,пайдалы қазбалар.

Біздің еліміздің өз рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, гимн.

Қазақстанның бас қаласы және астанасы- Астана. Астана Сарыарқа даласында, Есілдің жағасында орналасқан.

Еліміздің тұңғыш Президенті —  Н.Ә.Назарбаев.  Біз өз Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз.

 

—         Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қай жылы жарияланды?

— Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті қай жылы    сайланды?

-Қазақстан Тәуелсіз Республика болып қай жылы жарияланды?

-ҚР тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров қай жылы ғарышқа ұшты?

-ҚР мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды?

-ҚР ұлттық валютасы қай жылы айналымға еңді?

-Астана қаласы қай жылы Қазақстанның елордасы болды?

-Қазақстанда қай жылы қысқы Азиада ойындары өткізілді?


KORNEKILKIKTERS PORTFOLIO-KAZAKHSHA

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • сабақ жоспары өте жақсы, сабағымда қолдансам деп едім

Пікір қалдыру

Мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!

*

code

Үздіктер cайтындағы мақалаларды басқа сайттарға жариялағанда Үздіктер сайтына ашық кері сілтеме қойылуы тиіс! Сайтта жарияланған мақалалардың мазмұнына мақала авторлары жауапты © 2013 - 2016